ЖАСУШАДАҒЫ ЗАТТАР МЕН ЭНЕРГИЯНЫҢ АЛМАСУЫ



Жасушадағы заттар мен энергияның алмасуы
Орындаған:Шитыбай Арайлым
Қабылдаған:Г. Абдикаримова

Зат алмасу (метаболизм) - жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Зат алмасу (метаболизм)

Зат алмасу немесе метаболизм
Ағза мен қоршаған орта арасында өтетін заттардың түсу және бөліп шығару үдерісі

Зат алмасу
Ассимиляция немесе анаболизм
Синтез
Диссимиляция немесе катаболизм
Ыдырау

Зат алмасу
Анаболизм немесе
пластикалық алмасу
жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығы
Катаболизм немесе
энергетикалық алмасу
күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындауға жұмсалады.

Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.

Энергия көзі болатын қоректік заттар: көмірсулар, майлар, нәруыздар
Катаболизм
Төменгі энергиялы бөлінген заттар: көмірқышқыл газы, су, аммиак
Химиялық энергия: АТФ
НАДФ
Жасушадағы макромолекулалар: нәруыздар, полисахаридтер, липидтер, нуклеин қышқылдары
Анаболизм
Ізашар молекулалар, аминқышқылдары, қанттар, май қышқылдары, азоттық негіздер

Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын (әсіресе, үлкен ми сыңарлары қыртысының) маңызы зор Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруға шалдығады.
Мысалы, диабет, семіздік, бүйрекке тас байлану, атеросклероз т. б.


Катаболизм мен анаболизм арасындағы энергия алмасуы
Катабалистік жол АТФ және НАДФ*Н түрінде химиялық энергия бөледі. Анабализм кезінде ол энергия қарапайым молекулалардан макромолекулар құрастыруға жұмсалады.
Анабализм немесе биосинтез кезінде қарапайым ізашар молекулалардан нуклеин қышқылдары және т. б. жасушаның макромолекулалары синтезделеді. Биосинтез молекулалардың көлемі өсіп күрделенгендіктен, оған энергия жұмсалады. Ол энергияның көзі АТФ-ның АДФ мен бейорганикалық фосфатқа дейін ыдырауынан пайда болады. Жасушаның кейбір бөлшектеріне НАДФ-Н-дан бөлінетін энергияға бай атомдары пайдаланылады. Катаболизм және анабализм реакциялары жасушада бір уақытта жүреді, бірақ олардың жылдамдығы бір-біріне тәуелсіз реттеледі.

Зат алмасу сатылары
қоректік зат ас қорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып ыдырайды.
ыдырау нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қанға сіңіріліп, организмдегі жасушаларға таралады.
аралық алмасу жасушада жүреді. құрылыс материалдары синтезделеді.
ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады, яғни көмірқышқыл газы, су және аммиак организмнен шығарылады.

Сыртқы ортаға зат
алмасудың соңғы өнімдері
Көмір қышқыл газы
Судың артық мөлшері
Минералды тұздардың артық мөлшері
Несепнәр
Зәр қышқылының тұздары

Тірі ағзалар
Афтортрофтар
Күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейді
Өсімдіктер
Гетеротрофтар
Дайын органикалық заттарды пайдаланады
Адам, жануарлар, саңырауқұлақтар

Афтотрофтар
Фототрофтар
Энергия көзі
Күн жарығы
Хемотрофтар
Бейорганикалық қосылыстарды тотығу реакциялары кезінде бөлінген химиялық энергияны пайдаланады
Жасыл өсімдіктер
Бактериялар

Автотрофты организмдер - көміртегін ауадағы көмір қышқыл газынан сіңіреді. Сол ортадағы түрлі минерал заттардың тотығуынан бөлінетін энергия автотрофты организмдердің көміртегін сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан бұл құбылысты фотосинтезге керісінше, хемосинтез деп атайды. Автотрофты микроорганизмдерге С. Н. Виноградский ашқан нитрификациялаушы бактериялар, темір бактериялары, күкірт бактериялары жатады.
Гетеретрофты организмдерге - көміртегін дайын органикалық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. Бұларға шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін қоздырушылар және ауру туғызушы микробтар жатады. Сонымен қатар олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышқылын да пайдалана алады, сөйтіп, бұл микроорганизмдердің табиғаттағы елі қалдықтарды ыдыратудағы ролі үлкен.

Кезеңдер атауы
Орнығуы қайда өтеді
Химиялық айналуы
Энергетикалық нәтиже
1. Дайындық
Асқорыту жүйесі
Тағамдық заттардың
мономерлерге (глюкоза,
аминқышқылдар, глицерин
және май қышқылдары)
ыдырауы
АТФ - 0 молекула.
Е (энергия) тек қана жылу
түрінде
2. Оттексіз (гликолиз)
Жасуша цитоплаз-масы
Глюкозаның пирожүзім
және сүт қышқылына дейін
ыдырауы
АТФ - 2 молекула
3. Оттекті
Митохон-дриялар
Пирожүзім және сүт
қышқылының көмірқышқыл газы мен суға ыдырауы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz