Рефлексия - мұғалімнің кәсіби дамуының негізі
Презентация қосу
Рефлексия –
мұғалімнің кәсіби
дамуының негізі
“Балалар
бастауы”
Қазіргі қоғамымызда белгілі бір
жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің
сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан
білім беруші мұғалімге де, білім алушы
оқушыға да ізденіс пен шығармашлықта
жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі
даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың
барысында жаңашылдықпен жетілдіріп
отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың
артуына байланысты рефлексияның
педагогикадағы алатын орнының мәні артып
отыр.
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан
адам өзінің тұлғалық және кәсіби
стереотиптерін шығармашылықпен
өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзін-
өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-
өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты
кәсіби мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы
сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі
білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға
дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі
болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі
болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да
рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына
талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен
үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында
болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең
болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге
есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол
кемшілітің кету себебін бірге іздейміз. Алдағы жұмыстарда
ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Осы рефлексия
арқылы оқушының да қажеттілігін білеміз, оларды да
жинақылыққа баулимыз. Оқушының да бірден-бір өзіндік пікірін
білудің жолы - рефлексия
Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа
дайындалуының бастамасы.
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай
ерекшеліктері ескерілді?
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде
қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы
бар ма?
Саяхат сабағы. Сабақта жеті ата еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс
(белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте
сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту.
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт
тиімді пайдаланылды ма?
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен
байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай
үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.
Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен
жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру
педагогикасымен ұштастыра өткізіп, есімдіктен өткенді қайталауда оқушылардың ойын,
қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.
Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды?
Неліктен?
Әрбір ауылға саяхат жасай отырып, Абутай А., Еңбекова Ә. сияқты ойын
жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, себебі саяхатқа ілесу
үшін үлестірмелі арнайы карточка таратылды.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма?
(себебін түсіндіру)
Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар ауыл – ауылдан түскен
тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді,
белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан
шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.
Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік
көрсетті. Математикалық ойын “Ғажайып алаң”, “Сөз жұмбақ”, “Бұл да
қызық”, “Жұмбақ сұрақтар”, “Бұл қай есімдік ” сияқты тапсырмалар өз
шешуін тапты.
Біз жеткен жетістік?
Біз жіберген қателік?
Біздің мақсат?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz