Темпераментке байланысты қарым - қатынасқа түсуі
Презентация қосу
Темперамент
Жоспар:
1. Темперамент туралы жалпы
ұғым
2. Темпераменттердiң
психологиялық сипаттамасы
3. Темпераменттердi тәрбиелеу
мәселесi
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің
қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-
әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке
ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер
ағысы қарқындығының жылдамдығының
ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз
психикалық процестердің өтуінің динамикалық
ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың
күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен
өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы
*Ежелгі Греция ғалымы, дәрігер
Гиппократ
Төрт түрлі сұйықтықтың араласуының
пропорциясын грекше “красис” деп атаған, ал латын
тілінде бұл терминді темпераментум деп атап
кеткен.
Темпераменттер төрт түрлі сұйықтық заттарға
байланысты: денені жылытатын – қан,
салқындататын – шырын, құрғататын – бауырдағы
өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ).
Организмде қанның пропорциясы артық
болса, ол сангвиникалық (лат. “сангиус” –
қан), ал шырын басым болса (гр. “флегма” –
шырын) флегматик темпераменті деп, ал
организмде қара өт басым болса меланхолик
(гр. “мелайне – холе” – қара өт), сары өт
басым болса, холерик (гр. “холе” – өт)
темпераменті деп те аталды.
Неміс философы И.Кант өзінің “Антропология”
деген еңбегінде темпераменттің 4 түрі туралы толық
психологиялық сипаттама береді. Бірақ ол
темперамент пен мінез ұғымдарын бір – біріне
балама ретінде қарастырды.
Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше
болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе,
орыс антропологы Н.Л.Зеланд ми қабықшасындағы
молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен
біркелкілігіне байланысты деді.
Орыс педагогы П.Ф.Лесгафт темпераменттерді
қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне
байланысты деп тұжырымдады.
И.П.Павлов бойынша адамның жүйке
жүйесінің типтері
Сангвиник
-Ширақ
-Жүйке жүйесі күшті
-Қозуы мен тежелуі тең Флегматик
-Қозғалғыш адам -Жүйке жүйесі күшті
-Қозғалысы баяу
-Қозуы мен тежелуі тең
Холерик
-Ұстамсыз
-Жүйке жүйесі күшті Меланхолик
-Жүйке жүйесі әлсіз
Темпераменттерд Жүйке Жүйке процестерінің (қозу, тежелу)
ің түрлері жүйесінің қасиеттері
(Гиппократ типтері Күші Тепе - Қозғалғышты
терминологиясы (И.П.Павлов теңдігі ғы
бойынша) терминологияс
ы бойынша)
Холерик Ұстамсыз тип Күшті Тең емес Қозғалғыш
(қозуы
тежелуінен
басым)
Сангвиник Ширақ тип Күшті Тепе – тең
Тепе – тең
Флегматик Баяу тип Күшті Баяу
қозғалады
Меланхолик Әлсіз тип Әлсіз
*
Темпераменттің конституционалдық негізін
салғандар: Э.Кречмер, У.Шелдон. Бұл теорияға сәйкес
адамдардың темпераменті дене бітіміндегі
айырмашылықтармен анықталады. Осыған
байланысты дене бітімінің төрт типін Э.Кречмер
ажыратты.
Ұлылардан – ұлағат
Темперамент тәжiрибенiң арқасында ортаның
ықпалымен ...дамып жетiледi...ол адамның дара
өзгешелiктерiмен, ақылдың жетiлуiмен, ерiк,
адамгершiлiк сипаттарының толысу дәрежесiнен,
қоғамдық игiлiгiнiң қалыптасуымен байланысты
және осы сипаттарға тәуелдi дамиды.
Сәлкен Балаубаев
Темперамент деп ...адамның жүйке саласының
туыстан берiлетiн ерекшелiктерiнiң жиынтығын
айтады... Темперенттер түрлi жағдайлардың
әсерiмен өмiр сүру барысында аздап өзгерiске
түсiп отырады. Төлеген Тәжiбаев
Холерик Флегматик
Темперамент
Сангвиник Меланхолик
Холерик
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен,
ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.
Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік
сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен
кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен
қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып
келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.
Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,
белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы -
ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы,
кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше
көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған
холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы
ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір
аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап
береді.
Флегматик
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып,
төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды
ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін
жеткізеді. Психикалық процестер флегматикте баяу жүреді.
Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі
келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде
флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ
мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик
бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз
сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен
байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді.
Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау
оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі
қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті
дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға
болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік,
жалқаулық пайда болады.
Сангвиник
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай
оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез
қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында
жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады.
Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды.
Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу
үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы
қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы
жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте
сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп
уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай
алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары
дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға
деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз
жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиникте
жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады
Меланхолик
Бұл темперамент өкілінде психикалық процестер өте
баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере
алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей
алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты
қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін
жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды.
Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және
күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін
іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай
қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді.
Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен
сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз
жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу,
көңілсіздік, пессимизм пайда болады.
Әртүрлі типтегі адамдарға
мамандық таңдауда
берілетін кеңестер
Сангвиник
Жұмыстың типі: жұмысқа деген үлкен қабілеттілік,
ортаға тез бейімделеді, бір мезетте бірнеше жұмысты
орындай алады.
Жаңа жұмысқа үлкен қызығушылықпен кіріссе де тез суып
қалады, жаңа бір жұмысқа ауысқысы келіп тұрады.
Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы.
Жауапты және қауіпті жерлерде жақсы жұмысшы. Жаңа
мамандықтарды тез меңгере алады. Қол астындағы сангвиник
жақсы жұмыс жасау үшін оның алдына үздіксіз жаңа да
қызықты тапсырмалар қою шарт
Сәйкес келетін мамандық түрі: менеджер, мұғалім,
дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы,
даяршы, инженер- технолог, жақсы жүргізуші, із кесуші т.б
Холерик
Жұмыстың типі: үлкен энергия жұмсайтын жұмыс түрлері
сәйкес келеді. Қиындықтар мен кедергілерді оларды жеңуді
ұнатады. Жұмысқа тез кіріседі. Жоспарын іске асыра алады.
Біреуге бағынғаннан гөрі өз бетінше жұмыс істегенді ұнатады.
Айтқаннан қайтпайды. Холерикпен жұмыс жасағанда байқау
керек, ескертпелердің орнына қателіктерін түзейтін
тапсырмалар берген жөн.
Холериктер флегматиктермен, меланхоликтермен жақсы
жұмыс жасай алады, бірақ екі холерикті біріктіруге болмайды,
олар бақталасып, шиеленіске келіп қалуы мүмкін.
Сәйкес келетін мамандық түрі: телеоператор, әртіс,
дипломат, журналист, кәсіпкер, керемет ұшқыштар,
каскадерлер т.б
Флегматик
Жұмыстың типі: флегматик жұмысқа да, оқуға да жәйбасар.
Дайындық кезеңіне көп уақыты кетіп қалады.
Шыдамдылығымен табандылығы арқасында улкен
жетістіктерге жетеді. Бір сарынды жұмысты сүйеді. Лидер,
ұйымдастырушы болуды қалай қоймайды. Жұмыс жағдайы
өзгере қалса еңбек өнімділігі тез төмендеп қалады. Асықпай
шешім қабылдауға жақсы. Қол астында флегматиктер жұмыс
жасайтын болса олармен үнемі белсенді байланыста болу
керек, мадақтап, түрлі жұмыстарға тартқан жөн. Адамдармен
араласқаннан гөрі компьютермен жұмыс жасағанды ұнатады.
Егер медицинаны таңдаса онда хирургтен гөрі жақсы
терапевт шығады.
Сәйкес келетін мамандық түрі: бухгалтерия, экономика,
агроном, инженер, жүргізуші, ғылыми – ботаник, астроном,
физик, математик, электрик.
Меланхолик
Жұмыстың типі: меланхоликтердің жұмысқа қабілеттілігі
көңіл – күйлеріне байланысты, тез шаршап қалуы мүмкін.
Қиындықтары мен қысымы мол мамандықтар қайшы келеді.
Жаңа ортаға қиын бейімделеді.
Жұмыста меланхоликтерге үнемі қолдау мен демалыс қажет.
Олар өте байқампаз.
Халықпен жұмыс жасайтын мамандықтарды таңдамаған жөн,
керісінше өз бетінше компьютермен жұмыс жасаған оларға
ұнайды.
Сәйкес келетін мамандық түрі: педагог, өнер саласы,
модельер, композитор, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном,
зоотехник, радиомеханик.
Темпераментке байланысты қарым – қатынасқа түсуі
Холерик Сангвиник
Флегматиккк Меланхолик
Өзіне
бағындырады, Көңіл
Үстем, көтергіш,
Айтқанынан Әзілқой
қайтпайды
Тәуелді,
Салмақты Ойын ашық
Байсалды айтпайды
Флегматик
Холерик
Сангвиник
Меланхолик
Қарапайым
Өзін - өзі
бағалауы
Тұрақсыз,
төмен
Мақтанғанды Өзін - өзі
Лидерлікке
ұнатады бағалауы
ұмтылыс,
Бақталас өте төмен
Кейінге
ысырылып
қалғанды
ұнатады
Флегматик Сангвиник
Холерик Меланхолик
Өз - өзіне
деген Сәттілі -
сенімділігі Өз - өзіне
Өзіне - өзі
жоқ, сенеді, ктерге
сенбейді,
Өзін қатты Әлсіз сенеді Сәттіліктерге
уайымдайды, жақтарын
сенбейді
жасырады
Қозғалысы мен
Жәйбасар, Алға ұмтылып
Қалықтап жүрісі тез жүреді,
жүреді Өте жылдам
Флегматик Холерик
Сангвиник Меланхолик
Қозғалмалы, Жәйбасар,
Жылдам өте сақ жүреді
Қуанышпен қайғы да сангвиник болыңыз,
Өміріңізде маңызды жағдай болғанда
меланхолик болыңыз,
Кез келген затқа қызығушылық танытқыңыз
келсе – холерик болыңыз,
Шешім қабылдауда флегматик болыңыз.
Вильгельм Вундт
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz