Адамның рухани кемелденуі




Презентация қосу
Адамның рухани кемелденуі.
Үлкен өмірге жол.

Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы:
Төлеубаева М.С.
Сабақ мақсаты:
Білім алушыларға үлкен өмір жолы тек ізгіліктен
тұратындығын ұғындырып, сүйіспеншілік
құндылығының мәнін ашу.
Құндылық: СҮЙІСПЕНШІЛІК

Қасиеттер: Жауапкершілік,
адалдық, адамгершілік
Сабақ міндеттері:
рухани өсу, кемелдену ұғымдары туралы түсініктерін
тереңдету;
- күнделікті тіршілікте басқаларға мейіріммен қарау,
жанашырлық таныту, риясыздық қабілеттерінің дамуына
жағдай жасау;
- айналасына риясыз қызмет етіп сүйіспеншілік танытуға,
ұдайы рухани өсуге тәрбиелеу.
Дәйексөз
Адамдағы білім, ақыл және жігер
жақсылыққа, ізігілікті істерге, адамдарға
деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс.
Абай

Сүйіспеншілікпен жасалған істің нәтижесі
қандай болады?
Бауыржан Момышұлы «Адам не үшін өмір сүреді?»
шығармасынан алынған үзінді
— Сұрағың бар ма?
— Бар.
— Онда сұра.
— Адам не үшін өмір сүреді?
— Сен маған мұндай сұрақ қоймас бұрын ойландың ба, ойланбадың ба?
— Ойландым. Жақында автобус ішінде сексеннен асқан бір орыс кемпірмен
қатар отырып қап, әлгі кісіге осы сұрақты қойған едім. Ол кісі: «Адам өмірге
жақсы тамақ жеу, жақсы киім кию, жақсы кино көру үшін келеді» — деп жауап
берді. Мен бұл пікірмен келіспедім.
— Келіс, келіспе, ол өз шаруаң. Сенің бұл сұрағыңа әркім әр түрлі жауап береді.
Көңіліңе келсін, келмесін, мен әркім емеспін, мен - Бауыржан Момышұлымын.
Түсіндің бе?
— Түсіндім.
— Сұрағың ақылы бар адамның бәрін ойлантатын сұрақ. Бізде адамгершілік
деген сөз бар. Бұл -үлкен сөз. Бейбастық істеген жанға ашуланғанда: «Ей,
адамгершілігің жоқ біреу екенсің ғой» дейміз. Адамгершілік негізі қоғамдық
кұбылыстан бастау алады.
«Әй, мынау адам емес екен ғой, адамгершілігі жоқ екен ғой» дегеннің тамыры, түсінсең,
қоғамдық құбылыста жатыр.
Баукең ойлана қабақ шытып:
— Сұрағыңды қайтала! — деді қабағын түкситіп.
— Адам не үшін өмір сүреді?
— Бұл сұрағыңа мен жауап бермеймін, ақын жауап береді.
Өмірде біз қайғырып, уайым жейміз,
Аңсаймыз, анау біздік болса дейміз.
Егер де аңсаған зат қолға түссе,
Тағы да одан басқа нәрсе іздейміз.
Бұл төрт жолда көп нәрсе айтылған. Мен мұны он жеті жасымда оқығанмын. Осы уақытқа
дейін ұмытпай келем. Оның жадымда жатталып қалған себебі — Жан дүниеме терең қозғау
салуынан болса керек. Адамның ынсапсыздығын мен тұңғыш рет осы төрт жолды оқығанда
түсінгем.
— Адам не үшін өмір сүреді?
— Е, адаспаппын. Сен түсініп тыңда. Мен Міржақып Дулатовты көргенім жоқ, туған қызын
көрдім. Ол кісі маған келін.
Ахмет Байтұрсыновты да, Мағжан Жұмабаевты да, Жүсіпбек Аймауытовты да көргенім жоқ.
Ол кісілер «халық жауы» боп ұсталып, атылып кетті.
Менің әкем-молда Момыш кітапқа құмар кісі еді. Қай жерден қандай қазақша кітап көрсе,
сатып ап, жинап жүретін.
Шығыс халықтары баспасынан Мағжанның семіз томы жарық көріпті. Әкем жарықтық оқып,
демалыста үйге келгенімде:
— Әй, балам, мына кітаппен танысып шықшы? — деді. Алып оқып, таң қалдым. Ахмет Байтұрсынов, Әлихан
Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Тәңірберген Отарбаев, тағы басқаларының газетке
шыққан өлең, әңгімелерін менен бұрын өзі оқып шығып, ерінбей-жалықпай түптеп, кітап етіп, маған
сыйлаушы еді. Үнсіз бағынып, тырп етпей отырып, тыңдаймын. Ол кезде 12-13-тегі баламын. Әкем
жарықтық Ахаңның (Ахмет Байтұрсыновтың), Мағжанның, Міржақыптың өлеңдерін әндете, дауыстап
оқитын. Осылай әкемнің әбден бауыр бастырғанынан кейін: «Ойпырмай, мына өлеңдер қызық екен ғой» деп,
әлгі кісілердің шығармаларын іздеп жүріп оқитын болдым. Бағалай білсек, Гоголь де, Маркс те, Энгельс те,
Ахмет те, Әлихан да, Міржақып та, Жүсіпбек те, әкем де - азаматтар! Түсіндің бе? Жауабымды күтпей сөзін
жалғай түсті. - -- Тілімізде азамат дейтін сөз бар. «Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның
садағасы» деген сөзді де естіген шығарсың? Ар, намыс жағынан біз, мақтанды десең дей бер, қарағым,
әжептеуір халықпыз. Бұған дәлелдеріміз көп. Мысалы, эпостарымызды ал. Бәрінің тақырыбы – ар. Ар-
намыс деген нәрсе – ердің туы. Арсыз деген сөз қып-қызыл мазақ, қып-қызыл қорлық! Біздің қазақ
халқы бұл жағынан көп нәрсені білген, түсінген.
Баукең сәл төмен еңкейіңкірей, маңдайын колымен ұстап, үнсіз қалды. Бір кезде жанарыма тура қарап:
Арсыз адам азамат бола алмайды. Ал азамат бола алмасаң, өмір сүрдім деп айтудың керегі жоқ! – деді.
– Жауабыма қанағаттандың ба?
Қанағаттандым.

Сұрақтар:
• Автобустағы әжей автордың қойған сұрағына қалай жауап берді?
• Бауыржан Момышұлының жауабы қандай болды?
• Өз сөзінде батыр қандай тұлғаларды үлгі етіп айтты?
• Азамат деген атқа лайық болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
• Ар-намыс пен Ақиқаттың мағынасын қалай түсінесіздер?
• Сіз үшін өмірдегі тура жол қандай? Мысал келтіріңіз.
Сабақтың қорытынды сәті
Алдымызда үлкен жол жатыр. Бақытқа жету
жолында рухани әлемімізді жан дүниемізді
таза ұстап, ойымызды да, сөзімізді де, ісімізді
де ізгілік жолына бағыттасақ, ол дағдыға
айналып, көркем мінез қалыптасады. Адамның
адамшылығы оның дүние мүлкімен, жоғары білімді
дипломымен, атақ-мансабымен емес оның жүрегіндегі мейірімі,
сүйіспеншілігі, жанашырлығы, риясыздығымен, яғни рухани
кемелдігімен өлшенеді.
Құрметті студенттер өзін-өзі ұдайы жетілдіріп рухани
кемелдікке жетуге және шынайы көшбасшыға айналуға бәріңіз
де лайықтысыздар. Шынайы көшбасшы елді игілікке жеткізеді,
мен сіздерді қазақ елінің болашақ көшбасшылары деп
есептеймін!

Ұқсас жұмыстар
Сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
Тұлғаның қалыптасуы
Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту
Тіл мәдениетінің міндеті
Қазақтың ағартушылық философиясы
Зердесін дамыту
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары
Психология ғылымындағы даму ұғымы
Қазақ даласына ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары
Пәндер