Денсаулық критерийлері
Презентация қосу
Адамның рухани
саулығы
Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы:
Төлеубаева М.С.
• Денсаулық – ағзаның қоршаған ортада
салмақтылығы мен ешбір ауырсыну
өзгерістерінің болмауымен сипатталатын
табиғи жағдайы. ДСҰ анты бойынша:
«Денсаулық – бұл аурулардың жоқтығы
мен физикалық ақаулардың болмауы ғана
емес, ол амандықтың толық физикалық,
рухани және қоғамдық жағдайы.
Денсаулық критерийлері
• Физикалық, соматикалық, психикалық
және рухани денсаулықтардың өздерінің
жинақталған көрсеткіштері мен
критерийлері болады. Олар:
• 1. Соматикалық және физикалық
денсаулықтың критерийі Мен бәрін "өзім
жасай аламын” деп көрсететін критерий;
• 2. Психикалық денсаулықтың критерийі
— Маған қажет заттардын бәрін "өзім
тауып аламын”;
• 3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі
— Менің «өзім жасауым керек».
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар
екені белгілі болды. Олар:
• 1. Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның
негізін морфологиялық және функциялық кесектер қалайды. Олар ағзаның
бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
• 2. Соматикалық денсаулық – ол адам ағзаларының арасындағы биологиялық
жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық
бағдарламасы реттейді.
• 3. Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы.
Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын
болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.
Ағзасында функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үдерістердің келісімді
түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне
бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.
• 4. Рухани денсаулық — ол адамдардың ақпаратты қабылдау қабілеттілігі мен
түрткілік (мотивациялық) іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың
сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы
орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін
анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттығын,
сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Арлы адам – ең күшті адам.
Ол өткінші бақыттың,
өткінші қайғының ырқына
мойынсұнбайды.
Әбіш Кекілбаев
Дәйексөзді қалай түсінесіздер?
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма
Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырың. Әр сөздің өзiне
сәйкес келетiн анықтамасын табыңыз.
Ұғым Анықтамалары
1. Руханилық
2. Рухани дүние
3. Рухани даму
4. Рухани қасиеттер
а) Адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат
парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет етуі.
ә) Рухани, адамгершілік және интеллектуалды
қызығушылықтардың материалдықтан басым түсуі, адам
жанының тазалығы.
б) Әдеп, адамгершілік нормаларына сәйкес келетін адам
мінезінің қасиеттері. Көркем мінез.
в) Өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі мен
болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсіну және өзін-өзі
үздіксіз жетілдіру.
Шығармашылық жұмыс
2-тапсырма Айналаңызда өзіңіз «рухани бай адам» деп санайтын
жақындарыңыз бен таныстарыңыздан «рухани бай адам
болудың сыры» тақырыбында әңгімелесіңіз. Ойыңызды қысқаша
жазыңыз.
_______________________________________________________
_______________________________________________________
3-тапсырма Төменде берілген сөздер мен сәзтіркестерін пайдаланып
рухани бай адамның портретін жасаңыз.
Тиісті сөздер мен сөзтіркестері: кіршіксіз, мінсіз, қалтқысыз, әділ,
шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды, бай, жаны әсем,
адамгершілігі жетілген, ержүрек, саналы, ізгі, беделді, борыш, міндет,
парызына адал.
Сабақтың қорытынды сәті
Адамның таза ақылы, ақ жүрегі, мейірімі, ынсабы
басын қосса, адам баласы дұрыс өмір сүрмек. Бұл
қасиеттер біріксе, “өзімшілдік”, “мансапқорлық” ,
“мақтан”, “өтірік”, “зорлық”, “мейірімсіздік”,
“қараниеттілік” деген қылықтарға орын қалмайды.
“Бұл қашан болады?” – дегенде адамзат баласының
санасы өсіп, дамып келеді. Аң заман, ағаш заман, тас
заманнан өтіп, бүгінгі қоғам қандай өскен болса,
ертеңгі болашақ бүгінгіден де жарқын болады. Адам
санасы өскен сайын таза адамдар көбейеді, жаман
әдет қала береді, әділет үстемдік алады.
Үй тапсырмасы
1. Денсаулықтың түрлеріне мысал келтіру.
2. Қабдеш Жұмаділовтің «Материалдық
байлықты рухани байлықтан жоғары қоюға
болмайды» деген ойын талдау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz