Студенттердің бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту




Презентация қосу
Ар-ұждан –
адамдық белгісі
Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы:
Төлеубаева М.С.
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Өз бойынан ақиқат іздеу,
жауапкершілік, өз-өзіне есеп беру
Мақсаты: Ар-ұждан адамдық өлшем екенін түсіндіріу арқылы, «Ақиқат»
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Студенттерді өз бойынан тек ақиқат іздеуге үйрету.
2. Дамытушылық: Студенттердің бойындағы жауапкершілік қасиеттерін
дамыту.
3. Тәрбиелік: Студенттерді өз – өзіне есеп беруге тәрбиелеу.
Жоспар
Дәйексөз:

Ақылды болсаң, арыңды сақта,
Ар-ұждан керек әр уақытта
Халық даналығы
- Дәйексөздің мағынасын қалай
түсінесіздер?
Сабақ барысы

Ой-талқы.
Оқытушы студенттерге сұрақ қояды: Ар-ұждан,
намыс, ұят дегенді қалай түсінесіздер?

Мультимедиялық тұсаукесер: намыс туралы
бейнебаян көрсетіледі, сол бойынша өз ойларын
студенттер ортаға салады.
Ұят - жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік.
Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың
асқақтығын қорлау – масқара болушылық.

Намыс - адамның жан дүниесі мен Отанының,
отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен
қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның
амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс
табады.
Ар, ұят, намыс – адамның иманының
деңгейін көрсететін негізгі қасиеттер.
Абай: "Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді,
жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған
секілді" дейді. Шынында да, өзі кінәң болмаса, ешкімнің алдында жазықты
болмасаң, болмайтын жерде қысылып, қызара кету – надандықтың көрінісі. Ол
есейіп ер жетсе де, әлі ішкі жасы есейе қоймаған, өзі ел алдында ұялатындай іс
жасамаса да, артында ынжықтығы басымырақ келетін сипат. Абай оны "Не
шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын
керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын
ұялу емес – ақымақтық, жамандық" деп бір-ақ қайырады.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1.Ұяттың түрлерін атау және мысал келтіру
2.Қазір не “ұят” не “ұят емес”
3.Адамды жамандыққа не итермелейді, не
итермелемейді ? Іс-әрекеттердің тізімдерін
жазу
ал а у
Бағ
Соңғы тыныштық сәтi.

Студенттер, бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Бүгін сабақта алған жақсы қасиеттеріңді
жүректеріңізге сақтап, түйіп алыңыздар. Рахмет!
Сабақты бекіту
Сабақ қорытындысын шығару

1.Бүгінгі сабақ саған қандай ерекшелігімен ұнады?
2.Сені аса толғандырған не (әсер еткен, таң
қалдырған)?
3.Сен өзіне қандай қорытындылар жасадың?
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Адам виртуалды кеңістікте
Мұғалімнің этнопедагогикалық құзыреттілігі
Қарым қатынасты модельдеу
Тіл мәдениетінің міндеті
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
КУРАТОР ҚЫЗМЕТІНЕ СИПАТТАМА
Мақсатына қарай білім мен жаңа білімді дағдыларды жаңа білімді бекіту
Интербелсенді әдіс - тәсілдер
ХХІ ғасыр психологы қандай болуы керек?
Пәндер