Адам виртуалды кеңістікте




Презентация қосу
Адам виртуалды
кеңістікте
Өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы:
Төлеубаева М.С.
Мақсаты: білім алушыларды шынайы және
виртуалды өмірді ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: студенттердің
бойындағы жақсылықтан жамандықты ажырата
білу қасиеттерін үйрету;
Дамытушылық: білім алушылардың бойындағы
жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік:
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жоспар
1. Виртуалды кеңістік дегеніміз не?
2. Виртуалды кеңістіктің адам
өмірінде алатын орны
3. Қорытынды
Виртуалды кеңістік
Сабақ барысы

Ой-талқы.
Оқытушы студенттерге сұрақ қояды: Виртуалды
кеңістік дегеніміз не? Виртуалды кеңістік пен
шынайы әлемнің арасында қандай байланыс бар?

Мультимедиялық тұсаукесер: Виртуалды кеңістік
туралы бейнебаян көрсетіледі, сол бойынша өз
ойларын студенттер ортаға салады.

https://youtu.be/usRGdxmJNZQ
Дәйексөз:
... Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға. Абай

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
• Жағдаяттарды оқып, өз шешімдеріңіз бен ой--тұжырымдарыңызды айтыңыздар.
• Жағдаяттардағы мәселелерді анықтап, одан шығудың жолдарын ұсыныңыздар.
• а) Айжан сабақтан бос кезде аулаға да шықпайды, сыныптас достарымен серуендеуге,
кездесіп уақыт өткізуге құлқы жоқ. Анасына оған уақыт жұмсаудан гөрі, әлеуметтік желіде
достарымен көрген-білгендерін әңгімелеп, қажетті ақпараттармен бөлісіп, «фото
орнатып», «лайк басып», «пікір білдіріп», «селфи жасап» отырғанның әлдеқайда дұрыс
екенін айтады.
• ә) Арман интернет арқылы қарым-қатынаста достардың санын көбейтуге күш салады және
соған қуанады. Сыныптас досы Ғалымның «Дос санымен емес, сапасымен, адамгершілігімен
құнды» деген сөзіне құлақ та аспайды.
• б) Данияр өзінің жанында күнделікті қамқор болып жүрген достарынан гөрі әлеуметтік
желідегі достарына көбірек сеніммен қарай бастады. Оның бұл әрекетін аңғарған әкесіне
әлеуметтік желілердегі достарының қарым-қатынаста әлеуметтік статусы, материалдық
жағы, жас ерекшелігі, қайда тұратындығы кедергі келтірмейтінін, өзіне осы жағдайдың
ұнайтынын айтты.
• в) Рамазан досы Қайраттың әлеуметтік желідегі парақшасына қарап таң қалады. Ол түр-
келбетіне қанағаттанбайтынын айтып, өз суреттерін қалағанынша өзгертіп қояды немесе
өзге біреудің суретін енгізеді. Өзі туралы ақпаратқа шындыққа жанаспайтын жетістіктер
туралы қоя салды. Достары да күнде өзгеріп тұрады. Қалаған адамымен тез араласып, тез
араларын үзе салу оған қиын емес. Мен досымның әрекеттеріне қарап оның шынайы өмірден
алшақтап бара жатқанын сезіндім. Енді не істеу керек екенін ойлап бас қатырып отырмын..

Сабақты бекіту
Сабақ қорытындысын шығару

1. Бүгінгі сабақ саған қандай ерекшелігімен
ұнады?
2. Сені аса толғандырған не (әсер еткен, таң
қалдырған)?
3. Сен өзіне қандай қорытындылар жасадың?
а ла
Б ағ
у
Соңғы тыныштық сәтi.

Студенттер, бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Бүгін сабақта алған жақсы қасиеттеріңді
жүректеріңізге сақтап, түйіп алыңыздар. Рахмет!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Виртуалды шындықтағы адам
ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ
Жадыны басқару
Мүмкіндіктері шектелген балаларды қашықтан оқыту жағдайында ерекшеліктерін ескеру
РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕНІ
Жастар субмәдениеті туралы
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК
Масс - медианың өмір салтының қалыптасуына әсері
ArCon Eleco 2014 Professional
Операциялық жүйелер, орта және қабықтар
Пәндер