Сын тұрғысынан ойлау технологиясын бастауышта пайдаланудың қазіргі жағдайы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Аралық бақылау
Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын бастауышта
пайдаланудың қазіргі жағдайы
Орындаған: Хамза Арайлым
Тексерген: Альдибекова Шолпан
Алматы қаласы, 2022 жылы
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын бастауышта пайдаланудың
қазіргі жағдайы
ІІІ. Қорытынды
• Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Республика халқына
жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен
міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын
жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын,
қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын
қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр делінген.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына
сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі
зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс
жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Технологияның басты
мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту”
бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Сын тұрғысынан ойлау кезеңдері
-Қызығушылықты арттыру;
-Мағынаны тану;
-Ой-толғаныс.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың
жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни,
стратегияларында. Стратегия дегеніміз — философия, әдістемелік ұстаным.
Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік
түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар
оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін,
терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның
80-нен аса түрі бар. Мысалы: РАФТ, жуан-жіңішке сұрақтар, қосжазба күнделігі,
миға шабуыл стратегиясы, INSERT немесе түртіп алу стратегиясы, Венн
диаграммасы, куббизм стратегиясы, sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы,
RAFT стратегиясы, геометриялық фигуралар стратегиясы т.б.
СТО технологиясы-білім берудің сапасын арттырудағы тиімді жоба. Ол үшін оқытушы сабақтың
мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан
қызығуын арттырып, оның ой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогі А
Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге
жетелейді, ойға үйретеді » дегені мәлім .Осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО мұғалім
мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен
танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы
оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы
жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген
қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген
сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай,
оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз
біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. СТО бағдарламасы негізінде өткізілген
сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдесе
өте ыңғайлы.
Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық
тәрбие, коммуникативтік қабілеттерің шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең
бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.
Нәтижесінде:
оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;
жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан
мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;
бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;
жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;
ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім мазмұнын
анықтауда қазіргі білім беруді гуманитарландыру проблемаларын, оқытуды бейімдеу, жас ұрпақтың
интеллектік дамуы мен рухани-адамгершілікке тәрбиелеу талаптары ескерілген. Сонымен қатар орта
мектеп атқаратын міндеттеріне сәйкес, өзіне қoйылатын гуманитарлық талаптарға қoл жеткізуге тиіс.
Oрта буында гуманитарлық білімге қойылатын басты талаптар: тарихи oқиғаларды, жекелеген
адамдардың қызметін, мемлекеттегі басқару нысандарын түсіне білу және oларды нақтылы бағамдай
білу; демократиялық және экoнoмикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрену, әлемдік және
отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу, адамзаттық
өркениетті дамуының негізгі кезеңдерін білу деп атап көрсетілген. Білім берудің қоғамдық-
гуманитарлық бағыты оқушылардың тарихты, мәдениетті, қазақ халқы мен Қазақстанда тұратын басқа
да этностардың құндылықтары мен дәстүрлерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, адамдық қарым-
қатынас жоғары мәдениетін дамыту, оқушылардың болашақта жетістікпен әлеуметтенуі үшін қажет
этикалық нормаларды сақтау, сөйлеу коммуникативтік біліктер мен дағдыларды жетілдіру болып
табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1.З. Қ. Кульбаева, Ана тілі сабағында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
технологиясын қолданудың тиімділігі. Бастауыш сынып №7. 2013, 2 бет
2.Д. Е. Шурегеева, «Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер»,
Бастауыш сынып №8. 2014, 7 бет
3.Т.Д. Тағаева, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістерін сабақтарда
қолданудың тиімділігі», Бастауыш сынып №10. 2014, 7 бет
4.С. Мирсеитова, «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде», Қарағанды,
2011, «Жолдал Е.В» ЖК, 15 – 17 бет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz