Тепловоздардың құрылымы, беріліс түрлері және карьерлік қолданылуы


Slide 1

Тепловоз

Орындаған:Тулебаев Д. Ж

Slide 2

Тепловоз

Тепловоз деп іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған локомотивті айтады. Іштен жанатын қозғалтқыштың қуаты оның иінді білігінің айналу жилігіне тура пропорционал болады. Орнынан қозғалу кезінде қозғалтқыш ең үлкен айналдырушы моментті жасау керек, яғни ең үлкен айналу жиілігінде болу керек. Сондықтан іштен жанатын қозғалтқыш қос доңғалақпен тікелей байланыспауы керек. Іске қосу үшін қозғалтқыш қос доңғалақтан ажыратылып, бос жүріс қарқынын күшейтіп, сонан кейін айналдырушы мометті жайлап (бір қалыпты) осьтерге береді.

2

Notes: © Showeet. com - бесплатные шаблоны PowerPoint

Slide 3

Тепловоздың Қозғаушы типтерге байланысты бөлінуі

Қозғаушы осьтерге айналдырушы моментті беру тəсілі бойынша тепловоздар механикалық (оларды əдетте мотовоздар деп атайды), электрлі механикалық жəне гидравликалы механикалық берілісті болып бөлінеді. Механикалық берілісті тепловоздарда айналыс қозғалтқыштан қозғаушы осьтерге беріліс қорабы жəне ілінісу муфтасы арқылы беріледі. Мұндай жүйе қуаты 180-220 кВт кезінде мүмкін болады. Гидромеханикалық беріліс кəдімгі гидравликалық беріліс пен механикалық (тісті) берілістің қосылуы болып табылады жəне ол механикалық беріліске қарағанда үлкен қуатты беруге мүмкіндік жасайды (600-750 кВт дейін) . Электрлі механикалық берілісті тепловоздар жалпы пайдаланудағы темір жолдарда жəне карьерлерде кең қолданысқа ие болды. Электрлі механикалық берілісте іштен жанатын қозғалтқыш (дизель) тұрақты немесе айнымалы типтегі генераторды айналдырып, ол тартқыш қозғалтқыштарды жəне көмекші машиналарды электр энергиясымен қоректендіреді.

3

Notes: © Showeet. com - бесплатные шаблоны PowerPoint

Slide 4

Қолданыс

Тепловоздық тарту рудалы жəне көмір карьерлерінде кең таралып үлкен қолданысқа ие болды. Локомотив ретінде бір секциялы ТЭМ 1, ТЭМ 2 тепловоздары жəне бір немесе екі сециялы магистральді ТЭ 3, ТЭМ 7 тепловоздары пайдаланылады.

Электрлі механикалық берілісті ТЭМ1 тепловозының қабысу массасы 120 тонна, ал дизель қуаты 735 кВт тең. Тепловоздың жабдықтары екі үш осьті арбалардың үстіне орнатылған басты рама үстінде құрастырылған.

4

Notes: © Showeet. com - бесплатные шаблоны PowerPoint

Slide 5

Тепловоз шанағы

Тепловоздың шанағы бес бөліктен тұрады: мұздатқыш камерасынан, машиналық бөлімнен, жоғары вольтті камерадан, машинист кабинасынан жəне аккумуляторлық батареялар бөлігінен. Кабинада тепловозды басқару приборларының пульты орнатылған.

Slide 6

Тепловозды басқару

Тепловозды басқару сегіз позициялы басқару аппаратымен (контроллермен) жүргізіледі. 2Д50 дизель білігінде басты генератор орнатылған. Осыдан басқа басты генератор арқылы компрессор, тартқыш қозғалтқыштарды суытатын желдеткіштер, қоректендіру тізбектерін басқару, жарықтандыру жəне мұздатқыш желдеткіштер генераторы іске қосылады. Əр қайсысында үш қозғалтқышы бар екі топтағы тартқыш қозғалтқыштары тізбектеліп қосылады.

6

Notes: © Showeet. com - бесплатные шаблоны PowerPoint

Slide 7

Қолданыс

Тепловоздық тарту рудалы жəне көмір карьерлерінде кең таралып үлкен қолданысқа ие болды. Локомотив ретінде бір секциялы ТЭМ 1, ТЭМ 2 тепловоздары жəне бір немесе екі сециялы магистральді ТЭ 3, ТЭМ 7 тепловоздары пайдаланылады.

Электрлі механикалық берілісті ТЭМ1 тепловозының қабысу массасы 120 тонна, ал дизель қуаты 735 кВт тең. Тепловоздың жабдықтары екі үш осьті арбалардың үстіне орнатылған басты рама үстінде құрастырылған.

7

Notes: © Showeet. com - бесплатные шаблоны PowerPoint

Slide 8

Тепловоз тиімділігі

Тепловоздар тереңдігі аз карьерлерде, көшпелі жолдардың ұзындығы үлкен болған кезде тиімді болып саналады.

Электровозға қарағанда тепловоздық көлікте негізгі жабдықтарды сатып алудағы күрделі шығындар 15-20% артық болады.

Тепловоздық көліктің автономдығы (тəуелсіздігі) тау-кен күрделі жұмыстар мерзімін қысқартуға мүмкіндік жасайды. Электрлендірілмеген жолдардағы қайта төсеу уақытының қысқаруы, қопару жұмыстарын жүргізу кезінде түйіспелі желіні өшіруге кететін уақыт шығынының болмауы тиеп - тасымалдау комплексінің өнімділігін 10-15% арттыруға мүмкіндік береді.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет

Орындаған:Тулебаев Д. Ж

9

Notes: © Showeet. com - бесплатные шаблоны PowerPoint


Ұқсас жұмыстар
Самосвалдар: құрылымы, жіктелуі және карьерлік модельдердің техникалық сипаттамалары
Карданды беріліс, басты беріліс және дифференциал: құрылысы мен жұмыс принциптері
Автоматты беріліс қорабының электрондық басқару блогының функцияларын диагностикалау және ақауларын жою әдістері
Веб-камералар: құрылымы, түрлері және қолданылуы
Электронды тахеометрлер: құрылымы, түрлері және қолданылуы
Радиометрия және дозиметрия аспаптары: құрылымы, түрлері және қолданылуы
Клеткалық микроағзалардың құрылымы, түрлері және өндірістік қолданылуы
Трансформаторлар: құрылымы, жұмыс принципі, түрлері және қолданылуы
Іс-тәжірибе: автоматты айнымалы беріліс қорабының жұмыс қабілеттілігін диагностикалау және электр сызбаларын оқу
Ноутбуктар мен нетбуктар: құрылымы, түрлері және практикалық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz