Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің ұйымды құқықтық формаларының қаржыны ұйымдастыруға әсері


Slide 1

Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің ұйымдық-құқықтық формаларының қаржыны ұйымдастыруға әсері

Орындаған: Молдабекова Дана

Қабылдаған: Асилова А. С. Қарабаева Ж. С

Slide 2

Шаруашылық жүргізуші субъектілер?

Шаруашылықтық қызметке заңи тұлғаларды ғана емес, сонымен бірге шағын бизнесті, отбасылық кәсіпкерлікті дамытумен айналысатын жеке тұлғаларды да (заңи тұлға құрмай) тартумен байланысты қолданылады.

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары ҚРң Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны-кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар ж/е басқа да кәсіпорындармен қатынастарда болады. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады, оның ішінде: жеке капитал мен оны тұтыну мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы ж/е т. б.

Slide 3

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз

Заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Slide 4

Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруға екі фактор әсер етеді:

басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны

салалық техникалық-экономикалық ерекшеліктер

Slide 5

Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық формалары бар:

-мемлекеттік кәсіпорын;

-серіктестік: толық жауапкершілікпен (толық серіктестік) ; аралас жауапкершілікпен (аралас серіктестік), шектеулі жауапкершілікпен (шектеулі серіктестік) ;

-акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі) ;

- жеке кәсіпорын.

Slide 6

Жеке кәсіпорынды ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам, қалғандары жалдамалы қызметкерлер.

Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес, жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылады. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т. б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.

Slide 7

Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы алынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т. б. кіргізуге болады.

толық серіктестік

аралас серіктестік

шектеулі серіктестік

Slide 8

Толық серіктестік - жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұның мәні мынада: егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай, мебель, картина, зергерлік бұйымдар т. б. бағалы мүліктерді тізімге алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрыíғы мүшелермен қатар енгенге дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады.

Аралас (командиттік) серіктестік толық серіктестіктің өзгерген формасы. Мұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестіктер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктерімен тәуекелділік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе коммандистер деп аталады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік(шектеулі серіктестік қоғам) алдын ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері (жеке және заңды тұлғалар) қоғамның міндеттемелерін орындау жауапкершіліктері жоқ, тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды.

Жауапкершілігі шектеулі қоғамды ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шартын жасау керек, онда фирманың аты, мекен-жайы, кәсіпорынның қызмет түрі, бағыты, негізгі капитал мөлшері, қоғам мүшелерінің үлесі көрсетіледі. Ақша қаражатынан басқа қоғамды ұйымдастырушылардың бағалы материалдық заттар формасында заттық үлестері болуы да мүмкін (автомобиль, жер учаскелері, лицензия т. б. )

Slide 9

Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, себебі үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін;

- бизнес көлемі шектелмеген;

- қатаң бағамен шектелмейді.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық нысандары
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы
Мемлекеттік реттеу нысандары
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ
ИНВЕСТОР ДЕГЕН КІМ
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері мен әдістері
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯСЫ
ҚАРЖЫ РЫНОГІ
КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЪЕКТІСІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz