Ойлау мәдениеті


Slide 1

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Пән: «Философия»

Дәріс-презентация №1

Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні және қызметтері

Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша

Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна

Қарағанды - 2020 -2021 оқу жылы

Slide 2

Дәріс 1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні және әдісі

1. Ойлау мәдениетінің пайда болуы

2. Дүниетанымдық мәдениеттің қалыптасуы

3. Философия - білімнің және рухани мәдениеттің ерекше түрі

4. Философияның пәні және қызметтері

Slide 3

Ойлау дегеніміз не?

Ойлау - адам санасының қасиеті: дүниені жалпылау және абстрактілеу жолымен бейнелеу (лат. : «abstractio» - бөлек қарастыру, жалпылау) .

Ойлау ұғымдарды қалыптастырудан басталады және пайымдау мен ой тұжырымы түрінде дамиды

Ұғым - заттың жалпы, мәнді, қажетті, қайталанатын белгілерін бейнелеу

Пайымдау - заттың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының болуын құптау немесе жоққа шығару

Ой тұжырымы - бұрыннан болған пайымдаулардан жаңа пайымдауды шығару

Slide 4

Ойлау мәдениеті

Ойлау мәдениеті адам мен қоғам мәдениетінің көрінісі (лат. «cultura» - «өңдеу», «cult» - «табынушылық»

Демокрит мәдениетті “екінші табиғат”деп атаған. Бұл - адамның қолымен жасалған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы. Соларды жасау барысында ойлау мәдениеті қалыптасты

Ойлау мәдениеті - адамның қоршаған дүниені, болмысты, өз тіршілігін дұрыс бейнелеуге қабілетінің белгілі деңгейі. Бұл адамның жалпы мәдениетінің өте маңызды құрамды бөлігі.

Ойлау мәдениетінің ең жоғарғы деңгейі даналықта көрініс береді.

Slide 5

Ойлау мәдениетінің негізгі белгілері

- мазмұндылығы (білімнің болуы)

- қисындылығы (анықтылық, қайшыласпау, бірізділік, негізделуі)

- креативтілігі (шығармашылық сипаты)

-эврикалық сипаты (жаңа білімге жетуі)

- сыншылдығы

Кант : ойлау мәдениетін дамыту үшін «ойға емес, ойлануға үйрету керек».

Иммануил Кант

(1724-1804), неміс философы

Slide 6

Адамның ойлау мәдениеті қалай қалыптасады ?

Жеке дара адамның ойлау мәдениеті - туа біткен қасиет емес. Ол отбасында тәрбие алудан басталады және білім алу арқылы ойлау қабілетінің дамуымен бірге қалыптасады. Оған қоғамның рухани құндылықтары зор әсер етеді.

Slide 7

Қоғамның ойлау мәдениеті

Қоғамның ойлау мәдениеті қоғамдық сананың барлық формаларында - өнерде, моральда, дінде, ғылымда, саяси және құқықтық санада бекемделеді, философияда шоғырланады.

Римдік философ Марк Туллий Цицерон өзінің «Тускуландық әңгімелерінде» философияны «жан мәдениеті» («cultura animae») деп атаған, яғни, оның пікірінше, философиямен айналысқан адам рух пен ақылдың мәдениетіне ие болады

Марк Туллий Цицерон

(б. д. д. 106-43жж. )

Slide 8

Логикалық (қисынды) ойлау мәдениеті

Ежелгі грек философы Аристотель қисынды ойлаудың үш негізгі заңдарын тұжырымдап берген:

1) «тепе теңдік заңы»: ой өзі-өзіне тепе-тең болуы керек;

2) «қайшыласпау заңы»: бір зат туралы екі қарама- қарсы пікір бірдей ақиқат бола алмайды, екеунің бірі міндетті түрде жалған»;

3) «үшіншісін жоққа шығару заңы»: бір зат туралы екі қайшыласқан пікір бірдей жалған бола алмайды: олардың біреуі - ақиқат, екіншісі - жалған, ал үшінші шешім жоқ

Төртінші заңды - «жеткілікті негіздеу заңды» тұжырымдап берген XVII ғ. неміс философы Готфрид Лейбниц: «ой ақиқат деп табылады, егер оның жеткілікті негізі болса»

Аристотель

(б. д. д. 384 - б. д. д. 322) ежелгі грек философы,

логика ғылымының негізін қалаушы

Готфрид Вильгельм Лейбниц

(1646-1716)

Slide 9

Дүниетанымдық мәдениеттің қалыптасуы

Дүниетаным - тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, сезімдердің, түсініктердің, ойлар мен идеялардың жиынтығы

Дүниетанымда әлемнің белгілі суреті қалыптасады. Ол адам мен қоғамның білім деңгейіне байланысты болады

Дүниетанымның тарихи түрлері:

1) мифологиялық;

2) діни;

3) философиялық

Slide 10

Мифологиялық дүниетаным

Мифология («мифос» грек тілінен- «аңыз», «логос» - «ілім» - бұл адамдардың санасында дүниені қияли бейнелеу, құдайлар мен батырлар іс-әрекеттері жөніндегі аңыздар

Оның белгілері:

- антропоморфизм

- социоморфизм

- гилозоизм

- анимизм

- тотемизм

Slide 11

Мифтің қызметтері

-танымдық және түсіндірмелік қызметі (дүние хаостан қалай пайда болған және ұйымдастырылған) ; - аксиологиялық (миф құдайлар мен батырлардың жақсы әрекетіне жоғары баға беріп, адамдардың көңілін көтерген) ;

- телеологиялық қызметі (миф адам тіршілігінің және қоғам тарихының мақсаты мен мағынасын анықтап береді) ;

- праксиологиялық қызметі (болжамдық, магиялық, жасампаздық)

- коммуникативтік қызметі (миф дәстүр мен әдет арқылы дәуірлерді және ұрпақтарды бір-бірімен байланыстырады) ;

-регулятивтік қызметі (миф дәстүр мен әдет арқылы адамдардың қарым-қатынастарын реттейді) ;

- компенсаторлық қызметі (адамдардың осы дүниеде орындалмайтын талаптарын о дүниеде жүзеге асырылатына және қанағаттандырылатына сендірген)

Slide 12

Діни дүниетаным

Дін - бәрінен жоғары жаратушы күшке сенетін және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарастың тарихи түрі және қоғамдық сананың формасы

Slide 13

Философиялық дүниетаным

Философия - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі: нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып, логикалық ой тұжырымдайды

Гегель:“философия - сыни рефлексия”

Г. В. Ф. Гегель (1770-1831)

неміс философы

Slide 14

Бертран Рассел: сыни ойлаудың 10 парыз-уағызы

1. Көзім әбден жетті деп ешнәрсеге абсолютті сенімділікпен қарамаңыз

2. Дәлелдерді жасырып, алға басамын деп үміттенбеңіз, өйткені дәлелдер міндетті түрде қалқып шығады

3. Ешқашан ойлау үдерісіне кедергі жасамаңыз-және сонда ғана табысқа жете аласыз

4. Оппозицияға соқтығып қалсаңыз, …оны өз беделіңізге сілтеме жасамай, дәлелдер арқылы жеңіп шығуға ұмтылыңыз. Өйткені беделге (билікке) тәуелді болған жеңіс шын емес және иллюзия (жалған елес)

5. Басқа адамдардың беделіне бас иіп олардың айтқанына сиынбаңыз, өйткені әрқашанда қарама-қарсы пікірді айтатын тағы да беделді адамдар табылады .

Бертран Рассел

(1872-1970)

Slide 15

Бертран Рассел: сыни ойлаудың 10 парыз-уағызы (жалғасы)

6. Сіз жаман деп санаған пікірді басып тастау үшін билікті пайдаланбаңыз, әйтпесе бұл пікір сізді басып тастайды

7. Эксцентрикалық (әдеттің шегінен шығып кеткен, оғаш) пікірді айтуға қорықпаңыз: қазіргі кезде көпшілік қабылдаған пікір бұрынғы кезде эксцентрикалық болған

8. Енжар келісімнен гөрі ақылды келіспеушіліктен ляззат алуды іздеңіз. Өйткені ақылға лайықты баға берсеңіз, ол енжар келісімнен гөрі терең келісімге жеткізеді 9. Ақиқатты айту ыңғайсыз болса да, міншіл ақиқатшыл, намыскер шыншыл болыңыз, өйткені одан да гөрі ыңғайсыз болады, егер ақиқатты жасыруға талпыныс етсеңіз.

10. «Ақмақтар үшін жұмақта» тұратын басқа адамдардың бақытына қызғанбаңыз, өйткені тек қана ақмақ адам олардың өмірін бақытты деп есептейді

Slide 16

«Философия» термині

«Философия» терминнің авторы - ежелгі грек ойшылы Пифагор

«Философия» (грек тілінен) - «даналыққа сүйіспеншілік »

( «филео» - жақсы көремін, сүйемін; «софия» - даналық )

Пифагор Самосский

б. д. д. 570-490 жж

Slide 17

Философия - даналыққа құштарлық

Платон: Даналық- құдайлардың қасиеті. Адамда бұл қасиет жоқ. Бірақ даналыққа құштарлықты білдірген адам құдайға ұқсайды. Философия адамды құдайға ұқсатады

Сократ: Менің білетінім - ешнәрсе білмейтіндігім. Ойлан-басаң, өзіңді надандыққа дейін төмен түсіріп жібересің, ойлансаң - өзіңнен жоғары көтеріліп, даналыққа жетесің

Slide 18

«Философия» термині үш мағынада қолданылады:

1) философия - дүниеге көзқарастың жоғарғы тарихи түрі;

2) философия - өзінің пәнімен, айналысатын мәселелерімен, ұғымдар жүйесімен және әдістерімен ерекшеленетін ғылым;

3) философия - қоғамдық сананың ерекше формасы, яғни қоғамның рухани өмірінің бір саласы

Slide 19

Философия қашан және қайда пайда болды

Философия б. д. д. І мыңжылдықта бір уақытта бір-біріне тәуелсіз және дербес түрде ежелгі Үнді, Қытай, Греция жерінде пайда болды

Slide 20

Философия неден, қалай және неге пайда болды?

Философияның пайда болуы туралы тұжырымдамалар:

1) Мифогендік (мифтен - логосқа қарай) : философия - мифологияның дамуындағы ең жоғарғы деңгейі, өйткеніі мифологияның бейнелерін ұғым деңгейіне дейін көтерді. Мысалы, мифтағы құдайдың бейнесі философия «дүниежүзілік жан” деген ұғымға айналады. Көркемдік рефлексия (көркем бейнелерге өз көзқарасын талдау) ойдағы рефлексиямен (ұғымдарға өз көзқарасын талдаумен) ауыстырылды.

2) гносеогендік: философия табиғат пен дүние туралы жаңа білімдердің негізінде пайда болды. Білім мифті жоққа шығарғандықтан, философия мифологиядан бөлініп кетті. Мысалы, медициналық білім бұрынғы мифтік түсініктерді жойып шықты. «Қасиетті ауру туралы» атты кітабында Гиппократ эпилепсияның «құдайы» табиғаты туралы мифтік түсінікке қарсы шығып, «табиғаттан тыс ешнәрсе болмайды» деді.

Slide 21

Философия пайда болуының алғышарттары

-экономиканың дамуы, елдердің арасында сауда жолдарының ашылуы;

- қоғамда еңбектің бөлінуі: ой еңбегі дене еңбегінен бөлініп кетті;

- әлеуметтің таптар мен топтарға бөлінуі;

-алғашқы қалалардың пайда болуы;

- діни-мифологиялық дүниетанымның дағдарысы;

- ғылыми білімдердің дамуы

Slide 22

Философия неден басталады?

Аристотель: «Философия тіршілік етіп тұрғандардың болмысына таңғалудан басталады»

. Хайдеггер: « Философия - ойланудан басталады»

Slide 23

Карл Ясперс «осьтік уақыт»туралы

К. Ясперс: «Адамзаттың «Осьтік уақыты» - б. з. д. VIII-II ғасырлар аралығында мифологиялық дүниеге көзқарастың орнына рационалдық философиялық дүниетаным келген дәуір.

Қытайда - Лао-цзы, Конфуций, Үндіде - Будда, Упанишадтың авторлары, Израильдің пайғамбарлары, Иранда - Заратуштра, ежелгі Грекияда - Гомер, Парменид, Гераклит, Сократ, Платон, Фукидид, Архимед өмір сүрген уақыты.

Осы дәуірде пайда болған жаңалық: адам біртұтас болмысты, өзін-өзі және өзінің шекарасын түсінеді»

Карл Теодор Я́сперс

(1883-1969),

неміс философы

«Тарихтың бастаулары және мақсаты /Тарихтың мән мағынасы және арнауы»

Slide 24

Философия - білім мен рухани қызметтің ерекше түрі Оның ерекшеліктері:

- еркіндігі пен тәуелсіздігі;

- тұлғалық сипаты;

- сұһбаттық сипаты;

- эврикалық (жаңалықты ашу-ға) мүмкіндіктері;

- парадоксалдылығы;

- сыншылдығы

Slide 25

Делез және Гваттари дана мен философтың арасындағы айырмашылық туралы

Жиль Делёз

(1925-1995)

Пьер-Феликс Гваттари

(1930-1992)

«… дана мен философтың арасындағы айырмашылық … ежелгі шығыс дана Фигуралар (бейнелер) арқылы ойланған, философ кон-цептерді (тұжырымдарды) шығарған және солармен ойлауды бастаған».

…ғылымның, өнердің, философияның шығармашылық сипаты бір-біріне тең, бірақ тек қана философия концептерді жасауға қабілетті…

Әрбір концепт белгілі бір проблемаға, немесе проблемаларға сілтейді, оларсыз оның мән-мағынасы болмас еді және шешілуіне қарай оларды атап көрсетіп, түсінуге болады …»

(Делез Ж., Гваттари Ф. Философия деген не?)

Slide 26

Философиялық ойлаудың ерекшелігі - сын және күмәндану

Философиялық күмәндану - бұл қателесуден сақтайтын талдаулық әдіс, оның негізгі мазмұны - абсолюттік ақиқатқа үміттенген кесімді пікірден бас тартуда, Күмәндану әдісі пікірлердің ақиқаттығын сыни тұрғыдан тексеруге мүмкіндік береді.

Антикалық философ Сократ өзімен сөйлесіп отырған адамның пікіріне бірден сенбей, майевтика тәсіліндегі күмәндану әдісін пайдаланған,

Қайта Өрлеу дәуірінде Николай Кузанский, Дж. Пико делла Мирандола білімнің шамалы болуы туралы идеяға мән беріп, айтқан: «оймен табылатын білім ғана емес, тәжірибелік білім де күмәндануға шалдығады».

Жаңа Заман философиясында күмәндану әдісі туралы мәселе Рене Декарттың ілімінде басты орын алған. Оның пікірінше, ойлауда тұрақты тірек табу үшін күмәндану әдісін пайдаланып, барлық күмәнді нәрсені лақтырып тастау керек

Рене Декарт:

«Мен күмәнда-намын, олай болса, мен ой-ланамын, олай болса, мен өмір сүремін»

Slide 27

Философиялық проблемалардың тұлғалық сипаты

Философиялық білім ғылыми білімнен тұлғалық сипатымен ерекшеленеді. Кез-келген философиялық мәтінді автордың тұлғасын және оның дәуірін есепке алып, бірге қарастыру керек.

Барлық философиялық мәтіндер әрқашанда өз авторының қайталанбас тұлғасының еркін ойын жеткізеді. Сондықтан философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, жүйелер, мектептер өзін жасаған ғұламалардың - Канттың, Гегельдің, Бердяевтің, Абайдың, Шәкәрімнің - есімдерімен аталады

Ханс-Георг Гадамер

(1900-2002) «…өзге су-бъективтілікке» кіру үшін «герменевтика-лық шеңбердің» ере-жесін білу керек: бір-тұтастықты түсіну үшін оның бөлікте-рін білу керек және керісінше»

Slide 28

Философияның сұhбаттылығы және оның эврикалық мүмкіндіктері

Сократ

(б. д. д. 470-399 жж. )

Диалог (грек. «диалог» - « әңгімелесу, сұhбат») - ойды сыртқа жалғастыру ретінде, оның өзіндік бекітілуі философиялық мәдениет болмысының түрі. Антикалық заманнан бастап сұhбатты рухани феномен ретінде түсіну пайда болған. Сократтың майевтика әдісі (грек. «майевтика» - «туудың өнері») сұhбатқа негізделген, жалпы ұғымдарды анықтау үшін философиялық дағдыларды қалыптастыратын әдіс ретінде

Философиялық сұhбаттың негізінде белгілі ойды қисынды дәлелдеу жатыр, оның ақиқаттығы пікір-талас үдерісінде құпталады немесе терістеледі. Сұhбаттық философияның эврикалық (грек тілінен «эврика!» - «таптым!») мүмкіндіктері - жаңа білімді табуда, анықтамаларды тұжырымдауда

Slide 29

Философиялық ойлау типтерінің және философ тұлғасы типтерінің көптүрлілігі

Аңғарғыш- ежелгі өркениеттерге -Индия, Қытай, Грецияға тән

Оймен көргіш - діни және діни-мистикалық философияға тән (кейінгі антика, ортағасыр), танымның иррационалдық және рационалдықтан асқан бастауларына (интуицияға, аянға) бағытталған

Метафизикалық-ағартушылық (XVII-XVIII ғғ. ) - Жаңа Заман мен Ағартушылық дәуірінің философиясына тән, эмпиризмге, сенсуализм ге және рационализмге бағытталған : «Білім- күш»

Гносеологиялық, мистика-диалектикалық (XIX ғ. 1-ші жартысы- Кант, Гегель)

Әрекетшіл (XIX ғ. 2 жартысы- марксизм), әлемді өзгертуге бағытталған

Технократиялық-сциентшіл(XX в. )

Әлеуметтік-экологиялық (XX-XXI ғғ. - В. И. Вернадский, Н. Ф. Федоров, Римдік клуб, антиглобализм), бейбітшілікті сақтауға және экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған

Slide 30

Философиялық ойлау типтеріне сол дәуірдегі жағдайлардың ықпалы

- «классикалық дәуірде, Декарт пен Лейбництің дәуірінде, философияға ықпал еткен Галилей оқиғасы, оның мәні -математикаға шексіздіктің кіруі, математикалық шарттардың үстемдік етуі;

- Руссо мен Гегельден бастап, Француз революциясымен жарияланған философия тарихи-саяси жағдайлардың ықпалында болды;

- Ницше мен Хайдеггердің арасында, антиплатондық кері байланыс арқылы, операторлардың қатарына… өнер қайтып оралады, оның орталығында поэзия орналасады


Ұқсас жұмыстар
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ МЕН ОНЫҢ ӘДІСІ
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ
Мәдениет тілі
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспары
Тәңіршілдік мәдениеті
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ
Зер салып ойлау
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz