Әліпбиімізді латынға көшіру керек дейді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі
Презентация қосу
Білім берудегі Кеңес үкіметі реформаларындағы
қайшылықтар: қазақ тілін араб графикасын
кириллге көшіру және оған А. Байтұрсынов
жетекшілік еткен топтың қарсылығы.
Дайындаған: Темірхан Арыстан 1курс
Орман Шаруашылығы
1924 жылдың ақпан айында «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының
қазақстандық бөлімі жұмысын бастады. 1925 жылы қоғамның 882
бастауыш ұйымында 77 800 мүше тіркелді. Сол жылдары ұлы
ағартушы А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне
бейімделген араб әліпбиін жасады. 1925 жылдан бастап халық
ағарту ісіне жұмсалатын қаржы мөлшері арта түсті. Барлық
үлгідегі жаңа кеңестік мектептердің желісі өсті.
Қазақ АКСР Орталық атқару
комитеті 1928 жылдың 14
желтоқсанында жаңа әліпбиді енгізу
туралы шешім шығарды. Бұл шешім
шыққанға дейін ұзақ талқылаулар,
түркологтардың съездері, Орталық
Азия елдерінің республикааралық
мәслихаттары сан рет өткен болатын.
Осының ішінде 1924-1927 жылдар
аралығында араб графикасын
қолдаушы ( консерваторлар ) мен
латын әліпбиін қолдағандар
(новаторлар ) арасындағы
пікірталастарға нақтырақ тоқталып
кетсек. Оған себеп : қазақ тілінің
ерекшелігін сақтай отырып, жаңа
әліпбиді талқылауға тап осы екі
тарап шақырылғын болатын.
Ол кезде де латын әліпбиіне көшу
мәселесі Қазақстанға өзге түркі тілдес
елдермен салыстырғанда кешірек
келгенін айта кету керек. Мұны Ахмет
Байтұрсынұлының араб графикасы
негізіндегі жан-жақты қарастырылып,
ғылыми негізделген әліпбиінің
қолданыста болуымен байланыстыруға
болады. Ол кезде төте жазумен
сауатсыздықты жоюға бағытталған түрлі
оқулықтар жарияланды және бұл
кітаптардың тиімділігі бірден өз
нәтижесін берген болатын. Төте жазуды
Қытайдағы қандастарымыз осы күнге
дейін пайдаланып келе жатқанын
айтпасақ та белгілі.
Осы тұста латын әліпбиін қолдаған
новаторларға басты қарсылас Ахмет
Байтұрсынұлы болды, ол өз ойын
былай тұжырымдаған еді : " Біз,
қазақтар тілдік элементтерімізді
бұрынырақ бағамдап алғанбыз,
оларды сәйкес дыбыстармен
белгіледік, дұрыс жазамыз, оқимыз,
орыс, неміс, француз, ағылшындар
мен өзгелерге қарағанда
жылдамырақ сауат ашамыз. Енді не
керек ? Әліпбиімізді латынға көшіру
керек дейді, өйткені біздің әліпби
біздікі емес - арабтікі..
Ахмет Байтұрсынұлы бастаған араб графикасын қолдаушылар
төте жазу қазақ тілі үшін өте қолайлы деп есептеген.
Араб тілінің 19 әрпі өзгеріссіз және 5 әрпі қазақ тілінің
ерекшелігіне қарай өзгертілген күйде алынған болатын. Ал латын
әліпбиінде 15 әріп өзгеріссіз қолданылады да, 7 әріпті қазақ
тіліне икемдеуі керек болатын. Ал қазақ тіліне ғана тән әріптерге
сәйкес әріптер мүлде жоқ, оларды ойдан шығару керек еді.
Сонымен қатар, Байтұрсынұлы Батыс елдерінде қолданыста бар
латын графикасы құрамы бойынша 25-30 пайызға түркі
тілдерінің естілу қажеттілігін қанағаттандырмайды, ал бұл тілді
естілуге икемдеу үшін реформа қажет деген уәжін алға тартқан.
Ал бұл қосымша уақыт пен қаражатты қажет етеді. Өйткені
қосымша әріптер енгізілсе қолданыста бар баспа құралдары
мүлде жарамсыз болып қалатын еді.
Қазақ тілінің жаңа әліпбиіне
қатысты жағдайды ары қарай
қалай өрбігенін 1927 жылдың 25
мамырында жарияланған мына бір
құжаттан білуге болады:
"Латыншылар қаншалықты қарқынды
жұмыс істесе, Байтұрсынұлы бастаған
арабшылар соншалықты күшті
қарсылық білдіруде. Қызыл-Орда әлі
бір шешімге келген жоқ. Бірақ қысқы
пікірталастар мен латыншылардың
Қазақстанның түрлі қалаларында
өткізген соңғы баяндамаларында
қазақ билігі жаңа әліпбиге оң көзімен
қарап отыр. Енді Қазақстан билігі бір
шешімге келіп, әліпбиді пікірталас
алаңынан қолданыс аясына
ауыстыруы қажет...".
1927 жылдың 19 мамырындағы үкімет жарлығы бойынша Жаңа қазақ әліпбиінің
орталық комитеті (ЖҚӘ ОК) жұмысын бастайды. Бұл комитет 1937 жылы кирилл
енгізілгенге дейін жұмыс істеді.
Осы оқиғалардан кейін 77 жыл өте латын графикасының негізіндегі
қазақ әліпбиі қайта жаңғырып, ХХ ғасырдағы қазақ интелегенциясын
дауластырған мәселелер қазіргі қоғамда жаңа қарқынмен талқыға
салынатынын кім білген.
Қалай болғанымен латын және араб графикасын жақтаушылар да,
кирилл негізіндегі әліпбиді даярлағандар да қазақ тілінің жазбасын,
толықтырып, қысқартып болсын - оңтайлы әліпби жасаймыз деген
мақсатпен дамытқаны сөзсіз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz