ТЫНЫС АЛУ АҒЗАЛАРЫНЫ


Slide 1

Тыныс алу ағзаларының туа біткен ақаулықтары

Slide 2

Тыныс алу мүшелері

Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.

Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары - лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.

Slide 3

1 - мұрын қуысы; 2 - жұтқыншақ; 3 - көмекей қақпақшасы (бөбешігі) ; 4 - көмекей; 5 - кеңірдек; 6 - оң жақ өкпе; 7 - бронхылар; 8 - сол жақ өкпе; 9 - кеңірдектің жартылай шеміршекті сақиналары; 10 - көкет

Көмекей (көмей) - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.

Slide 4

Тыныс алу қызметінің жас ерекшеліктері

Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.

Slide 5

Өкпе дамуының туа біткен ақаулықтары

(ӨДТА) - бұл олардың құрылымының нұсқалар шегінен шыққан және мүшелердің әрі қарай қалыптасуының бұзылуы салдары, ұрық, тұқым дамуының бұзылуы нәтижесінде жатыр ішінде немесе кейде бала туылғаннан кейін туындайтын, тұрақты морфологиялық өкпе өзгерістері

Slide 6

Жүктілікке дейін және жүктілік кезіндегі бұзылыстарға байланысты ақыл естің кемістігіне және дене кемістігіне, не өлімге алып келетін ағзаның құрылысының, қызметінің және биохимиялық өзгерістері. Жүктілікке дейін себептеріне тұқым қуалайтын факторлар және сыртқы орта факторларының ұрықтың дамуына әсері жатады. Жүктілік кезінде ақаулықтардың пайда болу себептері - жарақаттар мен инфекциялар болып табылады.

Дамудың туа біткен ақаулары - туылған соң бірден анықталатын, туылғанға дейін пайда болған құрылысы мен қызметі бұзылуымен жүретін мүшенің тұрақты морфологиялық өзгерістері.

Аномалиялар - қызметі күрделі бұзылмайтын мүшенің морфологиялық өзгерістері.

Slide 7

Имплантация - ұрықтанудан соң 6-7 күндер.

Плацентация - ұрықтанудан соң 14-15 күндер.

Туылу кезеңі - 39-40 апталар.

Ұрық дамуының қатерлі кезеңдері:

Slide 8

Өкпе және оның бөліктерінің агенезиясы, аплазиясы.

Екі жақты агенезия (өкпенің барлық құрамының жоқ болуы) немесе аплазия ( өкпе тінінің жоқтығы, бірақ жетілмеген, негізгі бронхы бар) - тіршілікке жол бермейтін ақау, көбінесе басқа да аурулармен бірігіп жүреді. Біржақты өкпе агенезиясының не гипоплазиясының клиникасы кез келген жаста көрінуі мүмкін. Зерттеп қарағанда көңіл аударатын жай-асимметряның болуы: кеуденің ақау жағының қысылып, жалпаюы, кеуде ағзаларының осы жаққа ығысуы, осы жерде өкпелік дыбыс қысқарып, өкпе дыбысының естілмеуі немесе өте әлсіреуі. Науқастарда жалпы дамуының, табиғи өсуінің тежелуі, ентігу, цианоз байқалады. Рентгенограммада кеуденің зақымданған жағының көлемінің кішіреюі мен біртекті көлеңке ( күңгірт шыны симптомы), көкет төбесінің көмескілігі табылады. Бұл ауруларға хирургиялық ем жасалмайды. Алдын алу мен жедел респираторлық аурулардың емін ерте бастан және қарқынды жүргізу керек.

Slide 9

Туа болатын бөліктік эмфизема.

Бұл ауру өкпе бөлігінің клапандық кебінуі нәтижесінде дамиды, себебі - өкпенің осы бөлігінің бронх шеміршектері нашар дамуы немесе олардың мүлде болмауы. Кебінген бөлік кеуде ағзаларын өкпенің сау жағына қарай ығыстырып, оны қысып, алғашқы жарты жылдың өзінде тынысалудың ауыр бұзылысын тудырады: инспираторлық ентігу, цианоз, қанайналым бұзылыстары. Диагнозы рентген ( ұлғайған, ауасы көп бөлік, кейде медиастеналдық жарық), бронхография және ангиопульмонография көмегімен қойылады.

Slide 10

Вильямс-Кемпбелл синдромы.


Ұқсас жұмыстар
МҰРЫН ҚУЫСЫ
Жасушалық тыныс алудың түрлері
Өсімдіктердің тыныс алу физиологиясы
ТЫНЫС АЛУ МЕХАНИЗМІ. ТЫНЫС АЛУ КОЭФФИЦИЕНТІ
Тыныс шығару
Көмей ӨКПЕ
Тынысты реттеу механизмі
Өсімдіктердің тыныс алуы
Ауа жолдары
Тыныс алу жолдарының аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz