ҚҰРАМЫНДА ЭФИР МАЙЛАРЫ БАР ӨСІМДІКТЕР


Slide 1

ҚҰРАМЫНДА ЭФИР МАЙЛАРЫ БАР ӨСІМДІКТЕР

Slide 2

Эфир майлары

Эфир майлары- ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады.

Slide 3

Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 - 200-ге жуық түрлерінен алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынды, жеке эфир майлары құрамында 5 - 20 түрлі қосылыстар болады.

Slide 4

Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т. б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады.

Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау және қысу, т. б. әдістер арқылы алынады.

Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және өзінің иісін өзгертеді.

Slide 5

Қолданылуы

Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т. б. еріткіш ретінде қолданылады.

Slide 6

КИІК ОТЫ

Киікоты

Киікоты-биіктігі 70см-ге дейін жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Ол тік өседі, сыртын түк басқан, төрт қырлы сабақтары қызыл, бұтақтары көп. Жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, сағақтары ұзын, жұмыртқа тәрізді сопақша, шеттері бүтін. Жоғарғы жағынан қарағанда жапырақтары қою жасыл түсті, төменгі жағы ашық жасыл түсті, екі жағындада қара кішкене нүктелері бар. Гүлдері майда, сыпырғы тәрізденіп жиылған, қызыл күлгін түсті. Мамыр айынан тамыз айына дейін гүлдейді. Оның жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезде жинап алады. Орман етектерінде, бұталардың арасында, жол жиегінде, тау етектерінде кездеседі. Құрамында илік заттар, эфир майлары, аскорбин қышқылы, пигменттер бар.

Slide 7 Slide 8

Медицинада қолданылуы

Медицинада киікотын жоғарғы тыныс жолдарының қабынуына қарсы, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Оның несеп жүргізетін, өт айдайтын, тамаққа тәбетін қоздыратын және де басқа қасиеттері бар. Киікотынан жасалған тұнбаны асқазанның қышқылы кемігенде және қан тоқтататын, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде, ішектің жұмысы нашарлағанда, асқазанның тұсы түйнеп ауырғанда, жалпы дененің қуаты кеміп, күші азаіғанда қолданады. Киікотымен бауыр ауруларын емдейді. Бас жиі ауыратын жағдайда оның тұнбасымен басты жуған да пайдалы. Дене сыртындағы әр түрлі жарақаттарды, бөрткенді де емдеуге болады. Жүкті әйелдерді емдеу үшін киікотын қолдануға болмайды, себебі бұл өсімдік ондай әйелдердің организміне қолайсыз әсер етеді. Киікотының спиртті тұнбасына мақтаны батырып алып тіске қойса, ауырғаны басылады. Халық арасында жоғарғы тыныс жолдары тыныс жолдары қабынғанда киікотын тер шығаратын дәрі ретінде кеңінен қолданады.

Slide 9

Бунге киікоты

Бунге киікоты, райхан биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Бұтақтарып сұр түсті, төмен салбыраған қысқа, бірақ қалың түк басқан. Жапырақтары жіңішке, ұштары сүйір. Гүлдері майда, қос ерінді, ашық қызыл түсті, кейде көкшілдеу болып келеді. Гүл сабақтары қысқа, гүлдері өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырлана орналасқан. Маусым-шілде айларында гүлдейді, тұқымы шілде-қыркүйек айларында піседі. Ол таулы жерлерде, тастақты беткейлерде, далалы аймақтардағы төбелердің етектерінде кездеседі. Дәрі үшін гүлімен қоса жоғарғы жағын да пайдаланады. Оның құрамында алкалоидтер, гликозидтер, органикалық қышқылдар, эфир майлары, С витамині және басқа да заттар бар.

Slide 10

Медицинада қолданылуы

Қазақтың халық медицинасы бұл өсімдікті ерте кездеп-ақ жүрек ауруларын, атеросклерозды, асқазан ауруларын емдеу үшін қолданып келді. Орта ғасырдың белгілі ғалымы Авиценна бунге киікотының (райханның) шипалық қасиетін жоғары бағалап, оның жапырақтарын іріңді жараларды емдеуге пайдаланған. Ф. М. Жұмағалиева бастаған бір топ қызметкерлері бунге киікотының (райханның) емдік қасиеттерін, құрамын толық зерттеп шықты. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің қан қысымын төмендететін, несеп жүргізетін, жүрек тұсының ауырғанын басатын, ұйқыны реттейтін қасиеттері бар екендігі анықталды. Осыған байланысты соңғы кездерде инфаркты, атеросклерозды, гипертонияны және асқазан ауруларын осы өсімдікпен емдеу арқылы өте жақсы нәтижелерге жетуге болатыны белгілі болады.

Slide 11

Бунге киікотын немесе райханды дәрі үшін дайындап, былай пайдаланады. Өсімдіктің кептірілген 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға 1 сағат тұндырып, 1 ас қасықтан күніне үш рет ішеді. Емдеу мерзімі 5 аптаға дейін созылады.

Slide 12

Шалфей

Дәрілік шалфей - бұл өсімдік жартылай бұта, биіктігі 50 см, өсімдікті қалың түктер басқаннан кейін, сабағы да, жапырағы да бозғылт -жасыл түсті болады. Сабақтары бұтақталған, төрт қырлы, олар төменгі жағынан сүректелген. Жапырақтары ұзын 5-10см, сағақты, сопақша келген, сабақтарында қарама-қарсы орналасқан, жапырақтың жиектері, аздап дөңес тісті болады.

Slide 13

Медицинада қолданылуы

Бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдалынады. Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін қолданылады, эфир майы не ұнтақтары ароматизациялау үшін де қолданылады. Сонымен қатар АІЖ ауруларында, аллергияға, гинекологиялық ауруларға, балаларда қабыну ауруларына қарсы қолданылады.

Slide 14

Препараттар

Шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмалары; тұнбалары; жапырақтарынан алынатын қойытылған бөлінді - «Сальвин» препараты; 1% спиртті ерітіндісі және көптеген жинақтар құрамына кіреді.

Дәрілік шикізат ретінде сабағы, жапырағы, гүлі жинап алынады. Өсімдік гүлдей бастағанда жиналған дәрілік шикізаттың шипалық қасиеті жоғары болады. Дәрілік шикізат сапалы түрде кептіріліп, құрғақ орында сақталынады.

Slide 15

Өсімдік жапырағының құрамында 0, 3 пайызға дейін эфир майлары, 6-7 мг/пайыз шамасында протеин, 120-150 мг/пайыз аскорбин қышқылы, смолалар, илік заттар, кофеин, урсол қышқылдары және басқа да заттар болады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік өсімдіктерде эфир майларының түзілуі, жинақталуы
Өсімдіктердің токсикологиялық классификациясы. Өсімдік уларының ерекше әсері. Тағамдық токсикоз
Құрамында эфир майлар бар өсімдіктер
Құрамында май, май тәріздес заттары
Құрамында күкірті бар эфир майлары
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің Жамбыл облыстарында кездесетін дәрілік өсімдіктер
ЭФИР МАЙЛЫ ӨСІМДІКТЕР
Эфир майын алу
Эфир майлары
ОРМАН АҒАШТАРЫН ӨНДІРУДЕ Эфир майын қолдану Және өндіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz