САЯСАТТАНУ ПӘНІ САЯСИ РЕЖИМДЕР


Slide 1

САЯСАТТАНУ ПӘНІ «САЯСИ РЕЖИМДЕР»

Лектор: с. ғ. к., доцент

Тажитаева Райя Сеиловна

Slide 2

1. Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм. Авторитарлық саяси режим. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері.

2. Қазіргі уақыттағы саяси режимдер: батыстағы полиархиялар, жаңа демократиялар, шығыстық-азиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер.

3. Қазақстандағы саяси режим, оның дамуы. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялану үдерісі.

Slide 3

Режим латынның regimen- басқару деген сөзінен шыққан.

Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Саяси режим саяси жүйеге қарағанда өте қозғалмалы және динамикалық құбылыс. Бір саяси жүйе эволюциясы кезеңінде бірнеше саяси режим ауысуы мүмкін.

Саяси режимдер - бұл саяси билікті және нақты билік институттары мен тармақтарының ұйымдастырылу принциптерін іске асырудың типтері, формалары мен әдістері /Р. Әбсаттаров/.

Slide 4

Ғалымдар саяси режимді:

партиялар санымен /Е. Левенштейн/;

үкiметке оппозицияның бар-жоқтығымен /К. Бюрдо/;

мемлекет органдарының конституциялық өзара қарым-қатынасымен /Е. Хамауи/;

басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығымен /Д. Истон/;

билiк шоғырлану мен бөлiсу қызметімен /Н. Ботана/ байланыстырған.

Slide 5

Саяси режим өлшемдер мыналар:

басқару жүйесiндегi мемлекет басшысының саяси қызметi, рөлі мен орны;

өкiлдiлiк мекемелердiң қалыптасуының тәсiлi мен тәртiбi;

билік тармақтары арасындағы, олардың орталық және жергiлiктi ұйымдары арасындағы қарым-қатынас;

мемлекеттегi күштеу ұйымдарының жағдайы мен қызметi;

саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың жағдайы, ықпалы, қызметi.

азаматтардың құқығы мен бостандығының сақталуы мен қорғалуы.

Slide 6 Slide 7

Тоталитаризм (латының «totalis» - бүкіл, тұтас, жаппай деген сөзінен шыққан) - мемлекеттің қоғам өмірінің барлық саласын толық (тотальды) бақылауына негізделген саяси режім.

Тоталитаризм ұғымын алғаш рет Дж. Джентиле итальян фашизмінің идеологы пайдаланды. 1925 жылы итальян парламентінде айтылды.

1929 жылы «Таймс» газеті бұл терминді Кеңес Одағында қалыптасқан режімге қолданды.

1931 жылы Муссолини «Фашизм доктринасы» атты мақаласында тоталитаризмді азаматтарына күшті ықпал ететін мемлекеттік идеология және де адамдар өмірінің барлық аспектілерін мемлекет бақылайтын қоғам деп жазды.

Тоталитаризм теориясы ХХ ғасырдың 40-50 жылдары қалыптасты. Тоталитаризмді теориялық тұрғыда алғаш зерттегендер: Ф. Хайек «Құлдыққа барар жол» (1944ж. ), Х. Аренд «Тотали­таризм көздері» (1951ж. ), К. Фридрих пен З. Бжезинский «Тоталитарлы диктатура және автократия» (1956ж. ) .

Slide 8

Тоталитаризм белгілері:

бір идеология;

бір партияның болуы;

мемлекеттік аппараттың рөлі өте жоғары

мемлекеттің қоғам өмірінің барлық саласына енуі;

бұқаралық ақпарат құралдарында плюрализмнің жоқ болуы;

ақпарат түсетін каналдарда, сонымен бірге орта және жоғары оқу орны бағдарламаларында қатал идеологиялық цензураның болуы. Тәуелсіз ақпаратты жариялағаны үшін жазалау;

мемлекеттік үгіт-насихаттың жоғары рөлі, тұрғындардың жаппай санасын манипуляциялау;

дәстүрді, дәстүрлі моралды жоққа шығару («жаңа қоғам» орнату) ;

күштеу құрылымдары тарапынан жаппай репрессия мен террордың болуы; .

жеке азаматтық құқық пен бостандықты жою;

экономиканы орталықтан жоспарлау;

билеуші партияның әскери күштерді толық бақылауы;

экспансиялық әрекетті қолдау;

құқыққорғау саласын әкімшілік бақылау;

азаматтық қоғамды толық жою.

Slide 9

Сая­сат­тану ғылымы тоталитарлық жү­йені үш топқа бөліп қарайды: 1. Ком­­му­нис­­тік тоталитаризм. Бұл режім­де адамдар жеке-меншікке ие бола ал­май­­ды, нәтижесінде, жекелікке (индивидуализм) шек­­теу қойылып, ұжымдық сананың да­муы­на ке­ңінен жол ашылады. 2. Фашизм. Мұн­дай жү­йе бір кезде Италияда орнады. Ерекшелігі - халықты де­­мо­кра­тияға қарсы болуға, жа­уын­гер­лік рух­қа, нәсілшілдікке, шо­ви­низм­ге тәр­бие­лей­ді. 3. Ұлт­шыл-со­циа­лизм. Бұл идео­логияны III Рейх, яғни Гитлер сал­ған бо­ла­тын. Мұнда фа­шизм­нің де ком­му­нис­тік тоталитаризмнің да ұс­та­ным­дары бар. Ерекшелігі - әлем­дегі барлық ха­лық­тардың арасынан бір нәсілдің өкіл­дерін ғана жоғары санап, мемлекетті тек сол ұлттың өкілдерімен ғана құрауға ұмтылуында.

Slide 10

Тоталитарлық режим екіге бөлінеді: 1. Солшыл тоталитаризм. Бұл режим­де КСРО-да және басқа да социалистік елдерде болды. Қазір Куба, Қытай, КХДР, Вьетнамда өмір сүруде. Солшыл тоталитаризм марксизм-ленинизм идеологиясына негізделінде. 2. Оңшыл тоталитаризм. Мұн­дай режим фашистік Италия мен Германияда, әлсіз «өшкен» күйінде Испанияда орнады.

Slide 11

Авторитаризм - (латынның «auctoritas» - билік деген сөзінен шыққан), демократиялық емес саяси режимнің бірі. Күшті жеке билікпен (диктатурамен) сипатталынады, яғни биліктің азғана адамдар тобының қолына жиналуы

Қазіргі әлемде авторитаризмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді, олар:

азаматтық қоғамның дамымағандығы;

экономиканың артта қалуы;

дамушы қоғамдардағы биліктегі шиеленістік тәсілдер.

.

Slide 12

Авторитаризмге тән сипаттар:

билiктiң бір саяси көсем немесе белгiлi бiр топ қолына шоғырлануы;

бiртұтас идеологияның мiндеттi болмауы және идеологияның әр түрлiлiгi формалды болса да сақталған;

демократияның кейбiр элементтерiнiң (сайлау, парламенттiк күрес) болуы;

мемлекет тиым салмаған нәрсенiң бәрi азаматтар үшiн рұқсат;

репрессиялық аппараттың болмауы;

мемлекеттiң қоғам өмiрiнiң барлық саласын бақылаудан бас тартуы;

көппартиялықтың сақталуы;

билiк құрылымдары сайлау нәтижесi бойынша құрылады, бiрақ әдiлетсiз сайлау;

БАҚ-ның әр түрлiлiгiнің сақталуы;

.

Slide 13

Авторитарлы режимнің ерекшеліктері:

авторитарлы режимде билiктi алып жүрушi бiр адам немесе адамдар топтары болады;

авторитаризмге шексiз билiк тән, ол азаматтардың бақылауынан босатылады;

авторитарлы режим күшке арқа сүйейдi;

авторитаризм билiк пен саясатты монополиялайды және саяси оппозицияға жол бермейдi;

авторитаризм қоғамды тұтас бақылаудан белгiлi бiр деңгейде бас тартады. Саяси емес салаға, ең алдымен экономикаға араласуды шектейдi;

элитаны билiкке әкелу жоғарыдан шешiледi, саяси электоралды бәсекеге жол жоқ.

Slide 14

Авторитарлы режимнің классификациясы:

1. Әскери-авторитарлық режим, мемлекеттік төңкерістер нәтижесінде пайда болады. Саяси дағдарыс, саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік шиеленістер кезінде әскерилер билікті басып алады. Мұндай режімдер Африка, Шығыс пен Латын Америкасы елдерінде кездеседі;

2. Авторитарлы-теократиялық режим, саяси билік фанатикалық, діни кланның - дін қызметкерлері қолына шоғырланады. Бұл типке Ирандағы А. Хомейни режімі жатады. Қазір бұл режимге Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн, Оман, Неапал, Марокко, Иордания және т. б. абсолюттік монархия елдерін жатқызуға болады. Бұл елдерде биліктің бөлінуі, саяси бәсеке деген болмайды, билік шағын адамдар қолына шоғырланған, аристократия табы мен элитаның идеологиясы үстемдік етеді.

3. Олигархиялық режимдер, мұнда экономикалық және саяси билік бірнеше отбасылар қолына шоғырланады. Төңкеріс немесе сайлау қорытындысы бұрмалануы негізінде лидерлер ауысады. Бұл режим Филиппинде, Тунис, Камерунде кездесті.

4. Революциялық-популистік режим, бұхаралық идеология арқылы ұлт көсбасшысын қолдау. Бұл режімге Бразилиядағы Варгос, Египеттегі Насер, Ливиядағы Каддафи режимдері жатады.

Slide 15

«Демократия қалыптасуының алғышарттары:

1 Экономикалық алғышарттарға мыналар жатады:

 өндiрiс пен экономиканың жоғары деңгейде дамуы;

 әлеуметтiк бағдарлы нарықтық қатынастың болуы;

 урбанизацияланудың жоғарғы деңгейi;

 өндiрiс және тұтынудың динамикалық тепе-теңдiгi.

2 Демократия дамуының әлеуметтiк алғышарттары:

 халықтың әл-ауқатының салыстырмалы даму деңгейi;

 әлеуметтiк теңсiздiк деңгейiнiң төмендеуi;

 қоғам құрылысында әлеуметтiк плюрализмнiң болуы;

 тұрғындардың сауаттылығы, жалпы бiлiмдiлiгi.

3 Саяси мәдени алғышарттар:

саяси қатысу белсендiлiгi;

азаматтық жауапкершілік, азаматтық мәдениет жоғарылығы;

 билiк құрылымдары мен институттарының демократиялық саяси мәдениетi.

Slide 16

Демократияландыру процесінің үш кезеңі - үш толқыны:

Бірінші кезеңі, АҚШ-та XIX ғасырда демократияның қағидалар мен рәсімдер даярланып, І-ші дүниежүзілік соғыстың аяғына дейін Еуропа елдеріне тараған. І-ші демократияландыру толқынына Германияда нацизм, Италияда фашизм, КСРО-да тоталитаризм үстемдік құруы кедергі жасап, бұл процесс тоқырап қалды.

Екінші кезең, ІІ-ші дүниежүзілік соғыста фашизм жеңіліс тауып, Германияда, Италияда, Жапонияда демократия қайтадан орнап, оның қағидалары мен рәміздері кеңінен тарала бастады. Дегенмен де, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында кейбір мемлекеттердің авторитарлық үрдіске қайта оралуына байланысты демократияландыру процесі қайта тоқырауға ұшырады.


Ұқсас жұмыстар
СӨЖ САЯСИ РЕЖИМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
МЕМЛЕКЕТ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
Саясаттанудың категориялары мен түсініктері
Саяси институттар
Саясаттанудың қызметі
Саясаттану ғылымының әлеуметтік - гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Саяси режимдер. Қоғамды демократия ландыру және саяси жаңару
Саясаттану парадигмалары
Саяси ғылымдардың құрылымдары мен парадигмалары
Саясаттану туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz