Темперамент: психофизиология мен мінез арасындағы тепе-теңдік


Slide 1

Орындаған: Сайфуллаева А.

Қабылдаған:Сокова О.

Топ: КОК-205

Темперамент.

Slide 2

1. Темперамент түсінігі 2. Темперамент туралы теориялар 3. Темперамент түрлері, олардың сипаттамасы 4. Темпераментке байланысты адам қасиетінің

Жоспар

Slide 3

Темперамент (латын тілінен аударғанда temperamentum - тиісті бөліктердің қатынасы) - белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы, белгілі бір жағдайда адамның іс-қимылын түсіндіретін психика ерекшеліктері.

Темпераменттің келесідей екі сипаты белгілі: Белсенділік, бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуі. Ол адамның қозғалыс темпінде, шапшаңдығында және интенсивтілігінде көрінеді; Эмоциялық, ол сезімталдылық, импульсивтілік және әсерлілігінде көрінеді.

Темперамент түсінігі

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Б. М. Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоциялы қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы'‘.

Slide 7

Темперамент туралы теориялар

Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ (б. з. д. 460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса - флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.

Slide 8 Slide 9

Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi: 1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса; 2) Iс-әрекет темпераменттерi - барлық темпераменттер жатады.

Немiс психологы В. Вундт темпераменттi екi топқа бөлген: 1) Эмоциясы күштi темпераменттер. 2) Эмоциясы әлсiз темпераменттер. Немiс анатомы Гейне темпераменттiң түрлiше болып келуi жүйке жүйесiнiң тонусына байланысты деген. Орыс педагогы Лесгафт темпераменттер қан тамырларының жуандығы мен кеңдiгiне байланысты дедi.

Slide 10

Римнiң атақты дәрiгерi К. Гален

темпераменттiң физиологиялық ерекшелiктермен қоса, психологиялық, тiптен адамның адамгершiлiк қасиеттерiне қатысты сапалармен байланысты деп түсiндiрдi.

В. Д. Небылицин темпераменттiң үш негiзгi компоненттерiн бөлiп қарастырды.

Олар: индивидтiң оның белсендiлiгi; моторикасы; эмоциялығы.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Химиялық тепе-теңдік: анықтамасы, тепе-теңдік константасы және Ле-Шателье-Браун принципі
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері: заңдар, нарықтық тепе-теңдік, икемділік және тұтынушылық мінез-құлық
Термодинамикаға кіріспе: жүйе, процесс және тепе-теңдік
Темперамент, мінез және қабілет: психологиялық түсінігі мен типологиясы
Химиялық тепе-теңдік: температураның, қысымның және концентрацияның әсері
Адам құлағының құрылысы мен есту және тепе-теңдік функциялары
Темперамент, мінез және қабілет: тұлға құрылымының теориялары мен сипаттамалары
Сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы және нарықтық тепе-теңдік
Темперамент және мінез: теориялар, типология және қалыптасу мәселелері
Дене қозғалысы мен табиғаттағы күштер: тепе-теңдік, үйкеліс және тартылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz