Ауру сезімі




Презентация қосу
Жарақат

Жарақат дегеніміз терінің, шырышты қабаттардың негізінің
бұзылуымен жүретін, кез келген механикалық фактордың
әсерінен ағзаның зақымдануы.

Жарақаттың болуы тереңде орналасқан тін мен ағзалардың
(ми,бауыр,асқазан,бүйрек,ішектер т.б.) зақымдануына
әкеледі.

Жарақатты басқа зақымданулардан, тіннің бүтіндігінің
бұзылуы ажыратады.
Ауру сезімі.

Негізгі шағымдардың бірі. Жарақат аймағындағы терідегі
жүйке ұштарының зақымдануы нәтижесінде, ісікпен
басылуы кезінде пайда болатын белгі.Белгілі бір аймақ
зақымданғанда ауру сезімі орныққан, ал жүйке бағанының
зақымдануында ауру сезімі жайылған типте болады.

Жарақат кезіндегі ауру сезімі синдромының айқындығы
келесі факторларға байланысты:

-Жарақатың орналасу орны.

-Ірі жүйке бағандарының зақымдануына.

-Жарақаттаған қару түріне, жарақаттау жылдамдығына
байланысты.

-Ағзаның жүйке-психикалық жағдайына.
Қан кетулер.

Қан кету-жарақаттың негізгі белгісі.Тері, шырышты қабат
және тіннің кез келген зақымдануында кездесетін, қан
тамырдың бүтіндігінің бұзылуымен бірлеседі.

Қан кетудің қарқыны келесі факторлармен анықталады:

-Ірі артерия және веналық тамырлардың зақымдану
санымен.

-Жарақаттың орнығу аймағымен.

-Жарақаттайтын қару сипатымен.

-Жүйелік және жергілікті қан айналым қарқынымен.

-Қан ұю жүйесінің деңгейімен.
Жарақаттың аузы.

Жарақат аузының жабылуы терінің эластикалық
талшықтарының жиырылуына байланысты болады.
Жарақаттың терілік шекараларының ажырауы
жарақат өсінің Лангер сызығына қатысты дұрыс
орналаспауы. Жарақат кезіндегі тілімнің салыну
бағыты косметикалық және пластикалық хирургияда
негізгі орын алады. Іріңдіктерді ашу кезінде тілімді
Лангер сызығына перпендикуляр жүргізеді.
Шығу тегіне байланысты жарақаттар.

Оперативтік жарақаттар — жоспарлы түрде, емдік
немесе диагностикалық мақсатта,ерекше
асептикалық жағдайда,тіннің минимальды
зақымдануымен,жансыздандыру
арқылы,анатомикалық құрлымдық бұзылымдарды
тігіспен біріктіріп тігу нәтиежесінде пайда болған
жарақаттың түрі.

Кездейсоқ жарақатар- кездейсоқ жағдайда,кез
келген себептерден пайда болатын жарақаттың түрі.
Кесілген жарақат (vulnus incisum).

Кесілген жарақаттар өткір қарумен жарақаттаған
кезде пайда болады (пышақ,алмас,әйнек).Мұндай
жарақаттың түрінде айналасындағы тіндер тұтастығы
бұзылмайды. Мардымсыз механикалық күштің
әсерінен өткір қарудың жолы тереңдеуі
мүмкін.Кесілген жарақат кезінде ауру сезімі
шамалы,қан кету көп мөлшерде емес,жарақат
аузының бітуі жарақат өсіне, Лангеров сызығына
байланысты.

Кесілген жарақат қан тамырлардың,жүйке
ұштарының,негізгі ағзалардың көп мөлшерде
зақымдануына байланысты.
Ұрылған жарақат (vulnus punctum).

Ұрылған жарақаттар тар және өткірлеу қарумен
жарақаттану кезінде пайда болады (жіңішке
пышақ,айыр,ине). Анатомиялық ерекшелігі зақымдану
аумағына қатысты тереңдігінің үлкен болуында.Ұрылған
жарақат кезінде ауру сезімі айқын емес,жарақаттың аузы
анық емес,сыртқа қан кетулер болмайды.Бірақ,тері және
шырышты қабат астында гематомалар пайда болуы мүмкін.
Басқа жарақаттардан ерекшелігі, сыртқы зақымдану кей
кезде тереңдегі ірі тамырлардың,жүйке ұштарының,ішкі
ағзалардың бүтіндігінің бұзылуымен
бірлеседі.Диагностикалануы қиын. Аса ауыр зардап
әкелмеуіне қарамастан, ішкі ағзаларда ауыр деңгейдегі
зақымданулар пайда болады.
Жарақаттың біріншілік тыртықтанумен
бітуіне әсер ететін жағдайлар.

*Зақымданған ошақта инфекцияның болмауы;
*Жарақаттың шекараланың тығыз бірігуі;
*Жарақатта бөгде дененің, қан
құйылулардың,некроздық тіннің болмауы;
*Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық
деңгейде болуы.
Жараның іріңдеуі және емі.
Іріңдеу дамығанда жарада ауру сезімі күшейеді,шеттерінің ісінуі
байқалады, тіндердің түсі өзгереді. Қан ұйындылары, фибрин
жіпшелері сіңіп,жараның тіні лас-сұр түсті болады. Жарадан серозды –
гемморагиялық,серозды – іріңді экссудат бөлінеді,көп мөлшерде.
Қоршаған тіндер ұстаған кезде тығыз, қызарған. Аймақтық лимфа
түйіндері жиі ұлғаяды. Лимфангит дамиды.
Қабыну басылған сайын қоршаған тіннің қызаруы мен ісінуі
басылады, некротикалық тіндер өздігінен бөлінеді, жара тазарады,
жараның қабырғасы грануляциялық тінмен жабылады. Яғни, үрдіс
репарациялық кезеңге өтеді.
Емі.Антибактериальды, дезинтоксикациялық, қабынуға қарсы,
симптоматикалық терапия жүргізіледі. біріншілікті фазада іріңді –
некротикалық тіндерді алып тастайды. Некролиз мақсатымен
протеолитикалық ферменттерді қосады. жұқпамен күресу мақсатында
жараны антисептикалық ерітіндімен жуады.
Жарақат кезіндегі біріншілік көмек.

*Өмірге қауіп төндіретін жағдайларды ерте
анықтап, алдын алу.
*Жарақаттың кейінгі кезеңдерінде
инфицирленуді болдырмау.
Оперативтік емнің түрлері.

*Таза операциялар – антибиотикотерапияны қажет етпейді;
*Шамалы инфицирленген операциялар – антибиотиктер
операция кезінде және операциядан кейінгі 8-24 сағат
ішінде қолданылады;
*Инфицирленудің жоғары дәрежесінде жасалатын
операциялар - антибиотиктер операция кезінде және
операциядан кейінгі 24 -48 сағат ішінде қолданылады;
*Инфицирленудің өте жоғары дәрежесінде жасалатын
операциялар – антибиотиктер операция кезінде және 3 – 5
тәулік ішінде қолданылады.
Операциядан кейін жүргізілетін шаралар.

*Ауру сезімін басу;
*Екіншілік инфекцияның алдын алу
шаралары;
*Жарадағы жазылу процессін
жылдамдату;
*Науқастың жалпы жағдайын
қалпына келтіру.
Асқынудың алдын алу.

*Спиртке, эфирге, 5%бриллиант көгіне батырылған
дәкемен таңу.
*Күніне 3-4 рет таңуды жаңарту.
*Жараны әр таңғыш салған сайын жуып,тазалау.
*Жараға бөгде дене түсуінің алдын алу.
*Инфекция болған жағдайда 1-лік, 2-лік өңдеу жасау.
*Вакинациялау.
*Асептика және антисептика қағидаларын қатаң
сақтау.
*Жұмсақ тіннің зақымдануында, сүйектің сынуында
транспорттық иммобилизация жүргізу.

Ұқсас жұмыстар
Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы Жоғарғы көмей нерв нейропатиясы Тіласты нерві нейропатиясы
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Ауру сезімдік
Ауыру сезімінің патофизиологиясы
Жедел дизентерияның гастроэнтероколиттік варианты
Тістерді егеуде болатын асқынулардың пайда болу факторлары
Өкпе туберкулезі
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ КЛИНИКАСЫ
Ішкі аурулар негіздері
Балалар ауруы
Пәндер