Жарақатты анықтау
Презентация қосу
*Омыртқа жарақаттары ұзақ мерзім бойы
науқастың еңбекке жарамсыздығын тудырып,
кейде мүгедектігіне әкелетін ауыр жарақаттар
түріне жатады. Омыртқа асқынған және
асқынбаған жарақаттарын ажыратады,сонымен
қатар омыртқаның соғылуы, дисторсиясы, толық
немесе жартылай шығуы және сынулары жиі
кездеседі. Анатомиялық орналасуына
байланысты омыртқаның денесі, доғашығы,
буыны, біз тәрізді, көлденең өсінділерінің
сынықтары белгілі.
*Омыртқа жарақаттарының тұрақты және
тұрақсыз түрлерін ажыратады. Артқы байлам
комплексі толық зақымдануымен болған
сынықтар тұрақсыз сынықтарға жатса, ал
басқалары тұрақты болып саналады.
*Жарақатты анықтау. Науқастар жарақаттанған
омыртқа аймағындағы ауырсыну сезіміне
шағымданады. Мойын омыртқасы сынғанда
ауырсынуға байланысты науқас мойының қозғай
алмайды. Мойын еттері спастика жағдайында.
Омыртқаның қалқан өсінділерін пальпациялау
кезінде сынық аймағында ауырсыну өршиді.Бел
омыртқалардың сынуында науқастар кейде ішінің
ауырғанына шағымданады, оларда алдыңғы
құрсақ еттерінің ширатылуы байқалады.
*Силин симптомы-шалқасынан жатқан науқас аяғын
көтергенде хирург біз тәрізді өсінділерін
пальпациялайды, осы кезде бұлшықеттердің
ширатылуы салдарынан сынық аймағында
ауырсыну өршиді. Осындай шара омыртқа
денесінің сынуын көлденең өскіндер сынуы мен
омыртқаның соғылуынан ажыратуда қолданылады.
*Алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі
көмек.
*Омыртқа сынығына күдік туғызған науқастарға
алғашқы медициналық көмек көрсетуде келесі
жайларды есте сақтаған дұрыс, біріншіден –
омыртқа бас пен денені қозғауға мүмкіндік
беретін анатомиялық құрылым ғана емес, ол
сонымен қатар тез жарақаттанғыш, жұлын мен
оның талшықтары үшін арнайы сауыт тәрізді
құрылым болып табылады, екіншіден-осындай
науқастардың омыртқасындағы қосымша орын
алған қимылдар, әсіресе бүгу омыртқа мен жұлын
жарақатын одан әрі асқындырады.
*Тасымалдау иммобилизациясын орындау әдісі.
Омыртқа жарақаттары бар барлық науқастарға
иммобилизация жарақат алған жерде арнайы
зембілді, вакуумды зембілді, сондай-ақ қолда бар
тақтайдың көмегімен орындалады.
Зардап шегушіні зембілде шалқасынан жатқызып немесе
етпетінен жатқызып тасымалдау. Омыртқа жарақаты бар
науқасты тасымалдау иммоблизациясы.
*Науқасты зембілде шалқасынан (арқасына)
жатқан күйде, сынық манайына өз киімін
жастықша тәрізді орналастырып, гиперэкстензия
(омыртқа жотасы жазылған қалыпта) қалпында
тасымалдайды. Науқасты отырғызуға тиым
салынады. Егер зембіл жұмсақ болса, науқасты
етпетінен жатқызып, кеудесінің астына және
ішіне жастықша қояды. Егер арнайы зембіл
болмаған жағдайда ондай науқастарды
тасымалдауда қатты тақтайды қолдануға болады.
Алдын ала тақтайдың бетіне матрас, көрпе немесе
науқастың күртешесін төсейді. Омыртқаның
мойын бөлігінің сынығына күдікті науқастарға
арнайы Еланский шендеуіші, қатты бекітетін
басты ұстағыш құрылғыны қолданады. Ол
болмаған жағдайда Щанц жағасын пайдаланады.
Мойын омыртқасы жарақаты бар науқасты тасымалдау
иммоблизациясы.
*Науқаста жарақаттық шоктың белгілері
пайда болса, онда шокқа қарсы көктамыр
ішіне инфузионды-трансфузиялық емді
жұргізе бастайды. Қосымша жүрек
гликозидтерін, гормондарды
десенсибилизациялаушы дәрілерді көктамыр
ішіне енгізеді.
*Алғашқы дәрігерлік көмектің көлемі.
*- көрсеткіштері бойынша көктамыр ішіне шокқа
қарсы инфузионды-трансфузиялық емді бастау,
(натрий хлорид ерітіндісі 0,9 % -500-1000 мл)
және коллоидтық ерітінді(декстран 200-400 мл).
*- қосымша жүрек гликозидтерін (строфантин,
дигоксин), гормондарды
(преднизолон,дексаметазон және т.б) көктамыр
ішіне енгізу.
*- тиімді жансыздандыру (наркотиялық емес
анальгетиктер-кетарол, анальгин, трамол және
т.б наркотикалық анальгетиктер-морфий
гидрохлориді 1%-1,0 мл, промедол 1-2 %-1,0 мл
көктамырға)
*- зәр шығудың бөгелісінде қуықты катетрлеу.
*Жамбас жарақаттары.
*Статистика бойынша жамбас жарақаттары барлық
сынықтардың 4-7% құрайды. Жамбас сынықтары
шок, кемік сүйегі тінінің аймағына көлемді қан
жоғалту туындататын ауыр жарақаттарға жатады.
*Алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі
көмек.
*- жарақаттаушы агенттің әсерін шеттеу;
*- жарадан кеткен қанды тоқтату (егер жарасы
болса)
*- жансыздандыру (наркотикалық емес
анальгетиктер кетарол, анальгин, трамол және т.б;
наркотикалық анальгетиктер –морфий
гидрохлориді 1%-1,0 мл,промедол 1-2 %-1,0 мл
көктамырға)
*Тасымалдау иммобилизациясын тиімді орындау.
*Тасымалдау иммобилизациясын орындау әдісі.
Тасымалдау үшін қатты стандартты зембіл
қолданылады, науқасты зембілге шалқасынан
жатқызып, тізесінің астына жастықша қояды
“аяқтарын бақа жағдайына” орналыстырып
зембілге бекітіп танған дұрыс.
Жамбасының жарақаты бар науқасты тасымалдау
иммоблизациясы
Аяқ қол хирургиялық аурулары туа біткен жүре пайда
болады.Әртүрлі сүйектердің сынуы,буындардың шығуы, ал туа
біткен патология –сан сүйегі буынның туа біткен шығуы ,туа
біткен маймақтық.Қолбасының іріңді қабыну аурулары,
саусақтың жабысып қалуы –синдактилия, көп саусақтық-
полидактилия.
Сынықтар сүйек бүтіндігінің бұзылуы туа жүре пайда болады,
ет пен терінің зақымдануына қарай ашық жабық Сынық болып
ажыратылады.Сынық көбіне жеңіл жарақаттың асқынуы не
сүйек тінінің өзінен өзі аурып өзгеріске түсу салдары.
Шығулар –сүйектердің өз орнынан қозғалуы шығулар іштен
шығып тууы күнделікті өмірде жарақаттанудан болады көбнесе
осы ауруларды хирургиялық жолмен емдейды....
Буынның шығуы - буын байланыстырушы капсулалы зақымданумен және аяқ қолдың қызыметінің
бұзылысымен жүретін буын басының сынып,тұрақты түрде бітісуі.
Жіктелуі:
1.Мерзіміне байланысты
2.Туа біткен шығып кетулер
3.Толық емес шығып кету
4.Толық шығып кету
Клиникалық көрінісі;
Әдетте,аяқ –қолдың сүйектерінің шығуының симптомы болып ақсаңдау және тіреу қабілеті толықтай
жойылады,ауру сезімі зақымдалған буында қозғалыстың шектелуі т.б
Емі;
1.Буынды қозғалтпау керек
2.Зақымдалған буынды шинамен фиксациялау,өздігінен оны қозғап немесе түзетуге тырыспау. Бұл буынның
және оны қоршаған бұлшықеттердің байламдардың жүйкелер мен қан тамырлар зақымдануына әкеледі
3.Зықымданған буынға мұз салынады.бұл ішкі қан кету мен буын ішінде және қоршаған тіндердегі сұйықтықтың
жиналуының төмендеуі есебінен ісіктің болмауына көмектеседі.
Сүйектің сынуы – күш түскенде сүйектің тұтастығының толықтай немесе бөлшектеп бұзылуы.Сынықтар жарақаттан кейін әр
түрлі аурулардың нәтижесінде,сонымен қатар сүйек тіні қасиетінің өзгеруі салдарынан да дамиды.
Жіктелуі;
1.Себебіне байланысты
Травматикалық –сыртқы әсермен шақырылған
Патологиялық- сүйектердегі қандай да бір патологиялық процесстер (мысалы,туберкулез,ісік т.б)
2.Зақымдалудың ауырлығына байланысты;
Толық , Толық емес
3.Асқынуына байланысты;
Асқынған –травматикалық шокпен, ішкі ағзалар зақымдалуымен, қан кетумен, майлы эмболиямен, жаралы инфекциямен,
остеомиелитпен, сепсиспен
Жалпы белгілер; .
Шок кан кету ұзақ қысылу синдромы
Жергілікті белгілер;
Ауру сезімі, деформация аяқ қол қызыметінің бұзылуы және қысқаруы, патологиялық қозғалғыштық сынған сүйек ұштарының
крепитациясы.
Емі;
қан кету болса тоқтату
Оқшауланған жарақатта зақымдалған аймақты иммобилизациялау,шина тағу шина –зықымдалған аймақты қозғалысты тоқтата
алатын кез келген зат бола алады.
Полидактилия-саусақтар санының көбеюімен және аяқ қол ұштарының
қызыметінің бұзылумен сипатталады туа пайда болады
Диагностикасы;
Физикалық , клиникалық тексеру,электрофизиологиялық радиологиялық
генетикалық және биохимиялық тексерулер жүргізу қажет.
Емі;
қосымша саусақтарды хирургиялық жолмен алып тастау
Синдактилия-бұл саусақтардың бір бірімен жабысып бітісуі болып табылады
Себептері; тұқымқуалайтын ауру , ішімдік ішу, ауыр жұқпалы аурулар, кей жағдайда термиялық және химиялық
күйіктерден туындау мүмкін.
Диагностикасы;
УЗДГ
Ангиография
Рентгенография
электротермометрия
Емі;
Бала 2-3 жасқа толғанда саусақтарды операция жасап алып тастау
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz