Саралау тәсілдері тапсырма



Лекция №9 Тақырыбы: Географияны оқытудағы саралау әдістері
аға оқытушы Таскараева Калбиби Ахметовна

- Оқыту үдерісінде саралау тәсілдерін қолдануды үйрену;
- Сабақты қысқа мерзімді жоспарлауда саралау тәсілдерін тиімділігін айқындау
Дәрістің мақсаты:

Дәріс жоспары:
Географияны саралап оқытудың тиімділігі
Оқыту үдерісін саралаудың мақсаты не?
Саралау тәсілдері

Мысалы:
Біреуіне майлы ет ұнамайды;
Екіншісі картошка жемейді;
Үшіншісі пиязды ұнатпайды;
Төртіншісі куырылған етті жемейді.
СОНДА БҰЛ ТАҒАМ КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?
ҰНАТПАҒАН КІСІЛЕР АШ ОТЫРУЫ МҮМКІН БЕ?

Бір өлшем барлығына сай келмейді

Барлық балаларды оқыту және тәрбиелеу
Мұғалім қандай да бір нәрсені барлық оқушыларға бір мезгілде үйретуге тырысқанда, оқушылардың үштен бірі ақпаратты бұрыннан біледі. Үштен бірі қабылдайды, ал қалған үштен бірі қабылдауға икемсіз болып келеді. Жалпы алғанда оқушылардың үштен екі бөлігі уақытын босқа өткізеді.
Лилиан Кац

Жұмыстау негізінде балаға танымал жақын нәрседен бастағаны абзал. Ж. Аймауытұлы Саралау - жеке оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен нысандарын, құралдар жиынтығын іске асыру арқылы әр оқушының қызығушылығын арттыру мен қабілеттерін дамыту болып табылады.
Саралау дегеніміз
не?

Өркениетті елдермен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруге көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе.
САРАЛАУ НЕГЕ ӨЗЕКТІ ?

Географияны оқытуда саралау әдісінің мақсаты - оқушыға қабілеттері мен бейімділіктерін барынша дамыту үшін, олардың жалпы білім мазмұнын меңгеру үдерісіндегі танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
Оқыту үдерісін саралаудың мақсаты не?

Саралап оқыту әдісі
Саралап оқыту әдісі географияны оқу үдерісінің оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді, яғни, әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін қамтиды. Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі, танымдық тұрғыдан қызығушылық туғызуы, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.
Білім беру мазмұнын жаңартуда «География» пәнінің білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады. Сондықтан, географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты саралап оқыту әдісін де қолданудың маңызы зор.

Саралау дегеніміз -

Саралау дегеніміз

Оқуды қалай саралауға болады?
Білу керек:
Саралаудың оқытудың қандай критерийіне, қабілеттеріне, білімдеріне, дағдыларына қарай жүргізілетінін нақтылау;
Оқушыларды сіз таңдаған критерий бойынша саралауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды, тесттерді әзірлеу немесе қолдану;
Оқушыларды алдын-ала жүргізілген диагностика нәтижелерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды, жаттығуларды пайдалану;
Берілген тапсырманың деңгейін айқындап отыру;
Үдерісті реттеп, жүйелеп, ауыстырып отыру

САРАЛАУ МҰҒАЛІМ ТАРАПЫНАН ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Мазмұн
• Мазмұн - дағдыларды, идеяларды үйрету үшін мұғалімдер қолданатын әдістерден тұрады
Не оқыту және ақпарат алуға мүмкіндікті қалай беру керек
Үдеріс - оқушылардың мазмұнды жақсырақ, толығырақ түсінуі үшін орындайтын жаттығулары мен тәжірибесі
Оқушылар ақпаратты қалай түсінеді және білімді, түсінікті, дағдыны қалай қалыптастырады
Нәтиже - оқушылардың материалды түсінгендерін көрсететін тесттері, жобалары және басқа да материалдар

Үдеріс арқылы саралау
Жоғары деңгейдегі ойлау тапсырмаларын қолдану
Шағын топтарға нұсқаулық
зият дамыту (танып білуіне бағытталған тапсырмалар )
Ойын шоғырландыру
Бірлескен жұмыс
Үдерісті саралау төмендегілерді қамтиды:
Қиындық деңгейі түрлі нұсқаларды ұсыну немесе оқушылардың әр түрлі қызығушылықтарына негізделу
Белгілі бір тапсырма үшін мұғалім және сыныптастары тарапынан берілетін қолдаудың түрлі деңгейі
Оқушыларға мәнмәтінді түсінгендерін көрсетуде өздеріне ыңғайлы жолдарын қолдануға мүмкіндік беру
Оқушылардың қалай оқитындығына байланысты оқу үдерісін түрлендіру

Нәтижені саралаудың қарапайым мысалдары:
Алған білімдерін көрсету үшін оқушыларға бірнеше нұсқаларды ұсыну (мысалы, қуыршақтар шоуын жасау, хат жазу, немесе қабырға жазбаларын таңбалармен жасауды дамыту) .
Оқушылардың түрлі дағды деңгейіне сәйкес келетін және дамытатын рубрикаларды пайдалану.
Оқушыларға өз нәтижелеріне жету үшін жеке немесе шағын топтарда жұмыс істеуге рұқсат беру.
Оқушыларды өздерінің нәтижесін көрсететін тапсырмаларды жасауға, сонымен қатар талап етілетін элеменнтері бар тапсырмаларды жасауға ынталандыру.

Саралау тәсілдері
тапсырма;
дереккөздер;
қарқын;
қорытынды;
диалог және қолдау көрсету;
бағалау;
жіктеу.

Жеке қасиеттері мен мүмкіндіктері
Визуалдар
Аудиалдар
Дигиталдар
Кинестетиктер
Есту
Жазба
Коллаж
Постер
Вен диаграммасы
Сурет
Карта
Бейне материал
Кітапқа шолу
Сауалнама
рөлдік ойын
Әңгіме картасы Хабарландыру
Таспа
Баяндама
дебат
лекция
интервю
Әңгіме
Дөңгелек үстел
талқылау (жеке, топтық, жұптық)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz