Қара дененің сәуле шығару заңдары


Slide 1

Орындаушылар. МахамаджановаШахноза Розакулова Мафтуна

Жылулық сәуле шығару

izden. kz

Slide 2

Жоспар:

Жылулық сәуле шығару

Спектрдің түрлері. Спектрлік анализ

Қара дененің сәуле шығару заңдары

izden. kz

Slide 3

Жылулық сәуле шығару

Жылулық сәуле шығару теориясы Кирхгофтың 1859ж. жылулық сәуле шығарудың негізгі заңын ашқан кезден басталады. Ол қара дене концепциясын және оның моделін ұсынды. Осы уақыттан бастап 20ғ. басына дейін қара дененің сәуле шығару проблемасы физикада ең бір өзекті проблема ретінде қарастырылды. Бірақта сәуле шығарудың классикалық теориясы жылулық сәуле шығару заңдарын, атомдар мен молекулалардың спектрлерін қанағаттанарлық дәрежеде түсіндіре алмады. Осы проблемаларды сәуле шығарудың кванттық теориясы аясында шешу мүмкін болды. Сәул шығарудың кванттық теориясының басталуына жол ашқан бірінші жұмысты Планк жариялады (1900) . Ол ең алғаш атомдық жүйелер электромагниттік толқындарды үздіксіз емес, үлестермен, кванттармен шығарады деп ұйғарып тепе-теңдіктегі жылулық шығарылған сәуле спектріндегі энергияның үлестірілуі үшін формуланы қорытып шығарды.

izden. kz

Slide 4

Жылулық сәуле шығару - бұл қыздырылған дененің шығарған жарығы. Күннің жарығы, май шамның жалыны, қыздыру лампасының жарығы, электр доғасы, адам денесінің инфрақызыл сәулесі - мұның бәрі жылулық сәуле шығару мысалдары. Жылулық сәуле шығару әртүрлі жарық көздерінде пайдаланылады. Ол көптеген физикалық жүйелердегі жылулық балансқа едәуір ықпалын тигізеді, мәселен, Жер бетінің орташа температурасын анықтайды. Сәуле шығарудың осы түрінің теориясы физнка үшін маңызды, өйткені, бір жағынан жылулық сәуле шығару әмбебап, оның Та биғаты нақты материалмен де, тіпті атомның кұрылысымен де байланысты емес, ал екінші жағынан, жылулық сәуленің пайда болуына жарық пен заттың іргелі термодинамикасы себепші болады да, осы сәуленің қасиеттері атомдардың жарықты кезкелген мөлшерде емес, тек қатаң белгілі дискреттік үлестермен (кванттармен) шығаруға немесе жұтуға қабілетті екендігіне тікелей нұсқайды.

izden. kz

Slide 5

Жылулық сәуле шығару мысалдары

izden. kz

Slide 6

izden. kz

Slide 7

izden. kz

Slide 8

Спектрдің түрлері

Әр түрлі заттардың сәуле шығаруының спектрлік құрамы түрліше болады. Бірақ бұған қарамастан, тәжірибе көрсеткендей, барлық спектрлерді бір-бірінен тіпті өзгеше үш түрге болуге болады.

izden. kz

Slide 9

Үзіліссіз сперктрлер

Күн сәулесінің немесе доғалық фонарьдың спектрі үзіліссіз болып табылады. Бұл - спектрде барлық толқын ұзындықтары бар деген сөз

Үзілзіліссіз немесе тұтас спектрлерді, тәжірибе көрсеткендей тек қатты немесе сұйық күйдегі денелер, сондай-ақ қатты сығылған газдар береді. Үзіліссіз спектр шығарып далу үшін денені жоғары температураға дейін қыздыру керек. Үзіліссіз спектрді сондай-ақ жоғары температурадағы плазма береді.

izden. kz

Slide 10

Сызықтық спектрлер

Сызықтық спектрлерді газ күйіндегі атомдық (бірақ молекулалық емес) барлық заттар береді. Бұл жағдайда іс жүзінде бірімен бірі өзара әсерлесетін атомдар жарық шығарады. Бұл - спектрлердің ең іргелі, негізгі түрі. Дараланған атомдар қатаң белгілі ұзындықтағы толқын шығарады. Әдетте сызықтық спектрлерді бақылау үшін жалындағы зат буларының жарқылы немесе зерттелетін газ толы түтіктегі газ разрадының жарқылы пайдаланлады.

izden. kz

Slide 11

Жолақ спектрлер

Жолақ спектр өзара аралықтармен бөлінген жеке жолақтардан тұрады. Өте жақсы спектрлік аппараттардың жәрдемімен әрбір жолақтың өте тығыз орналасқан көп сызықтардың жиынтығы екенін байқауға болады. Сызықтық спектрлерді атомдар беретін болса, жолақ спектрлерді бір-бірімен байланыспаған немесе нашар байланысқан молекулалар туғызады.

Қандай да бір заттың сәуле шығаруындағы жиіліктер немесе толқын ұзындықтары жиынтығы сол заттың шығару спектрі деп аталады. Берілген зат жұтатын жиіліктер немесе толқын ұзындықтары жиынтығы сол заттың жұту спектрі деп аталады.

izden. kz

Slide 12

Спектрлік анализ

Заттың спектріне қарап оның химиялық құрамы мен оған енетін атомдар концентрациясын анықтауды спектрлік анализ деп атайды. Сандық спектрлік анализде концентрацияны анықтау үшін спектрлік сызықтар мен жолақтардың орналасуы ғана емес олардың интенсивтілігі де қарастырылдаы. Сандық спектрлік анализ әдісімен күрделі зат құрамындағы берілген элементтің өте аз мөлшерін анықтауға мүмкіндік туады.

izden. kz

Slide 13

Спектрлік тығызыдық

izden. kz

Slide 14

Спектрдің жұту қабілеті

izden. kz

Slide 15

Кейбір температурадағы абсолютті қара дене шығарған сәуленің спектрлік талдауы

izden. kz

Slide 16

Қара дененің сәуле шығару заңдары

Т температураға дейін қыздырылған ішіне қуыс істелген дене бар болсын.

Қуыстың қабырғалары жылулық сәуле шығаратындықтан, қуыс осы сәулемен толтырылған болады. Дене температурасы тұрақты етіп ұсталатын стационарлық жағдайларда қуыстағы жылулық сәуленің сипаттамаларының тұрақты және белгілі мәндері болады, дәлірек айтқанда, қуыс қабырғаларының жарық шығару және жұту процестері өзара бірін-бірі теңестіретіндей мән-дері болады. Басқаша айтқанда, стационарлық жағдайларда қуыс қабырғалары мен оның ішіндегі сәуле арасында жылулық тепе-теңдік орнайды. Осы жағдайда қуыстағы жылулық сәуле тепе-теңдік сәуле деп аталады. Қуысты сыртқы кеңістікпен қосатын кішкене тесік істеп тепе-теңдік жылулық сәулені зерттеуге болады. Осы тесік арқылы тепе-теңдік жылулық сәуле қуыстан сыртқа шығатын болады және оның сипаттамаларын өлшеуге болады.

izden. kz

Slide 17

Кирхгофтың сәуле шығару заңы

1859ж. неміс физигі Г. Кирхгофтың ашқан заңына сәйкес тепе-теңдік күйде сәуле шығарғыштық қабілеттіліктің сәуле жұтқыштық қабілеттілікке қатынасы дене табиғатына тәуелді емес:

Мұнда - барлық денелер үшін бірдей жарық жиілігі мен дене температурасының әмбебап функциясы, қара дененің сәуле шығарғыштық қабілетілігі деп аталады. Осы атаудың мағынасы қара дене анықтамасынан түсінікті, осы анықтамаға сәйкес осындай дене үшін, демек, . Алғашында Кирхгоф осы заңды термодинамика түсініктерін пайдаланып теориялық қорытып шығарды. Кейіннен осы заң тәжірибеде расталды.

izden. kz

Slide 18

Кирхгоф заңын растайтын теориялық ой-пікірлерді қарастырайық. Тепе-теңдік жылулық сәулемен толтырылған қуыс ішінде қандай да бір дене бар деп ұйғарайық. Сірә, жылулық тепе-теңдік күйдегі дененің жұтатын сәуле қуаты оның шығаратын қуатына тең:


Ұқсас жұмыстар
Стефан - Больцман және Винн заңдары 1879 жылы австриялық физик
Сәуле шығарғыштық қабілеті
ЖЫЛУЛЫҚ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ
Шалаөткізгіш материалдарының оптоэлектроникадағы маңызы
Жылу сәулесінің қасиеттері
Сәуле шығару энергиясы
Кванттық физика тарихы және тарихи деректерді физика пәнін оқытуда қолдану әдістемесін оқыту
Жарықтың шағылуы
Кванттық физика. Квант теориясының шығуы
Сәуле шығарудың таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz