Саяси шиеленістер




Презентация қосу
Саяси шиеленістер.

Орындаған:Ақылжанқызы Г
Қабылдаған:Мухамеджанова Ж

2021
Саяси шиеленіс
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын
ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын,
өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің
қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі,
ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік
жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді.
Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының,
құндылықтарының бірі саналатын.
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр
түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда
айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-
тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар,
сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында
айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе,
шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы
жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-
қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін,
елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.
Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік
шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін
күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.
60 жылдары немістің әлеуметтанушысы
Ральф Дарендорф «қоғамның дау-дамайлық үлгісін» алға тартты.
Ол «Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық
шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар
арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның
нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм
біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады,
сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді
делінген.
Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг «шиеленістің жалпы
теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні
адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын,
тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды,
құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады.
Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың
назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын
конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке,
төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық
қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу
жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол
саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.
Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы,
б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары
дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және
теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек
фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы
қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли
қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың
пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың
қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген —
марксизм. Маркс пен Энгельс «Коммунистік
партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций
мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші
мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи
антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз
күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын
революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші
таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын» деген.
Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы
және қозғаушы күші деп есептеді.
Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең
бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады.
Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке
қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға
бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: «Бұл қайшылық
әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің
коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі
бекер сөз» дейді.
Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың,
талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі
жатады.
Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік,
этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп
санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және
өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп,
мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің
кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер,
Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер
және т. с. с.
Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші)
себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам
мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес
келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында
басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі,
олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с
Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар
арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында
ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
Саяси шиеленіс
Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар
мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар
мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с.
арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады,
жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын
субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар,
діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға
байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық,
экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени;
қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық,
жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және
антагонистік емес, негізгі және негізгі емес,
шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық
және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр.
Саяси шиеленіс
Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді.
Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір
салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән
берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі
төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады.
Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы
адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі
кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы
қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның
заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда
оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал
мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары
ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі
жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі
жақты да көптеген адамдар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді.
Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі
түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы,
Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері
сияқты.
Саяси шиеленіс
Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты
байқаса да байқамаған сыңай білдіреді.
Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті
өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті
шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы
келетін. Біріншісі, қоғамның «таза» даму
қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан
аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы
құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз
жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып
құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де
қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік
туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке
тыққанмен бірдей.
Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде
шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.

1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.
Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара
кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі
жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ
келісімге келуге тырысады.
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір
жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ
жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі —
келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі,
дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы
айқындалады, келісімнің шарттары
анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін
оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін
және т.б. зерттеп білген жөн.
2017жылдың Қыркүйек айынның
25-і күні әлем жұртшылығының
назарын өзіне аудартқан Ирак
Күрдістанының тәуелсіздік алуға
байланысты өткізген
референдумымен басталды.
Аталмыш референдумға Күрдістан
халқының 72 пайызы қатысты.
Бірақ Ирак Күрдістанының
референдум өткізуіне Иран, Түркия,
АҚШ, Ұлыбритания сынды
мемлекеттер өздерінің қарсы
екендіктерін білдірді. Тіпті Түркия
Ирак Күрдістанымен арадағы
шекарасын жауып тастады да, ел
президенті Режеп Тайып Ердоған:
«Егерде Ирак Күрдістаны
тәуелсіздігін жариялайтын болса,
онда күрд халқы аш қалатын
болады» - деп мәлімдеді.
Саяси жанжалдың негізгі функциялары

Жағымды жағы: тұрақтылықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
қоғам арасындағы жаңаруға алып барады. бағалы нәрсенің құнын
арзандатпауды үйретеді. жаңа жүйенің қалыптасуын жеделдетеді. оған
қатысушылардың танымын дамытады. Жағымсыз жағы: қоғамның
тұрақтылығына нұқсан келтіреді. адам өлімі мен материялдық шығынға
алып баруы ықтимал. биліктің іс әрекетін өзгертеді. Саяси жанжалдың
негізгі функциялары
Саяси жанжал дамуының негізгі сатылары:
Саяси жанжалдар - айтыс, бәсеке,
оппозициялық бағытты айқындау, саяси
мүдделердің маңыздылығы, негізгі
мақсаттарды анықтау, жанжалда әрекет
етудің жолдарын іздеу, одаққа бірігетіндерді
іздеу саяси жанжалдың орын алуына алып
барады. Жанжалдардың дамуы – коалиция
құру, саяси қарсыластардың атына
Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы сын
келтіру, күшін көрсету, қарулы қақтығыс
Жанжалды қолдануға рұқсат - екі жақтың
келісімге келуі, қортынды рұқсат, екі
жақтың достасуының мүмкін еместігі,
мәселенің күрмеуі шешілмеген күйінде
қалуы және жанжалға жол бермеу. Саяси
жанжал дамуының негізгі сатылары:
Саяси жанжалдардың типтері
мүдделер қақтығысы -- көбіне экономикасы
дамыған, тұрақты өсіп келе жатқан
мемлекеттерде бар. Оларда көбіне салық пен
әлеуметтік қамсыздандырудың көлеміне
байланысты туындайды. бағалы қақтығыстар –
бұл дамушы елдерге тән құбылыс. Оларда
көбіне «бостандық», «теңдік», «әділеттік»,
«төзімділік», «автономия» және тағы басқа
нәрселер үшін келіспеушіліктер орын алып,
содан дау туындайды. Ал даудың арты
жанжалға алып барады. Саяси жанжалдардың
типтері
Саяси жанжалдардың типтері
Теңдік үшін туындайтын қақтығыстар – бұл көбіне дініне, нәсіліне немесе тіліне
байланысту зәбір көрген қоғамда орын алуы ықтимал. Мысалы: Оңтүстік Африка
республикасындағы негрлерге байланысты нәсілдік кемістушілік, бұрынғы Кеңес
Одағындағыдай ұлттық мәселе, Бельгиядағыдай тілдік және Солтүстік
Ирландиядағыдай дін саласындағы кемістушілікке байланысты қақтығыс
туындайды. горизонталды қақтығыстар – бұл жеке адамдардың, белгілі бір
топтардың немесе салалардың арасындағы қақтығыс. вертикалды қақтығыстар –
саяси биліктегі субьектілер арасындағы қақтығыс.
Саяси жанжалға рұқсат ететін талаптар

Жанжалды зерттеп, оның шығу
себебін анықтау. жанжалға
байланысты сараптама жасау.
рұқсат етудің жолдарын іздеу.
жанжалды болдырмаудың алдын
алу. Саяси жанжалға рұқсат
ететін талаптар
Жанжал мына жағдайда аяқталады деп санауға болады:
әлеуметтік саладағы басты мәселенің шешілуі. бұрын
жанжалды ұйымдастырғандар арасында өзара достық пен
әріптестік байланыстар орнаса. екі жақтың келісіміне орай
алға қойған мақсаттары жүзеге асса. Жанжалдың аяқталуы
Саяси дағдарыс
– саяси жүйенің бұл түрінде дағдарыстың
қарқыны күшейіп, мәселе шешілместей күйге
жетеді. Саяси дағдарыстардың типтері: теңдік
мәселесі бойынша туындайтын дағдарыс –
бұл белгілі бір әлеуметтік топтардың
жалпыұлттық одақ құруға қарсылығы кезінде
болады. легитимді дағдарыс – қоғамдағы
келісімнің бұзылуы себебінен
конституциялық кеңес пен үкімет
жұмысының тоқырауға ұшырауы.
Саяси дау-жанжал және саяси дағдарыс: Саяси дағдарыс типтері
ену дағдарысы – мемлекеттік басқарудың әлсіздігі кезінде белгілі
бір аумақтың яғни әлеуметтік топтардың, аймақтардың
директиваларын өткізуі. үлестіру дағдарысы – басқарушы элита
өкілдері халықтың тұрмыстық деңгейін қалыпты мөлшерге
көтере алмаған кезде туындайды. қатысу дағдарысы – аумақтық
мызғымастық, ұлттық татулық және саяси жүйенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында биліктегі элита
жасанды жолмен арыз, шағым айтушылардың топтарына
қосылады
Қорытынды.
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану
ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси
қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең
дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай
дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды.
Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында
бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан
тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының,
құндылықтарының бірі саналатын.
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі,
қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы
туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың
өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-
аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ,
сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында
айырмашылықтар пайда болады.
Тақырып бойынша тест сұрақтары.

Шиеленістің негізгі Саяси шиеленіс
басталуын көрсет. дегеніміз не?
A. Адамның өзін биік A. Билікке талас.
санауы. B. Арандатушылық
B. Мұқтаждық. арқылы жасалатын
C. Билік басына дүние.
барғысы келуі. C. Адамдардың теңсіздігі
D. Өзіндік абырой үшін. D. Халыққа қарсы
шыққан билік
E. Арандатушыларды
жақтау үшін. E. Ортақ мәмілеге
келмеу.
Тақырып бойынша тест сұрақтары.

Саяси шиеленіске Қытай фәлсафашылары
қашаннан бастап
көңіл бөліне дүниедегі нәрселердің
бастады. бәрінің қалай бөлді.
A. IX-X ғ A. Оңтүстік және
Солтүстік.
B. VIII-XI ғ
B. Батыс,Шығыс
C. VI-VII ғ C. Ескі және жаңа
D. XII-XV ғ D. Қоғамдық және
E. I-II ғ мәдени
E. Оң және Сол
Тақырып бойынша тест сұрақтары.

Коммунистік
партияның манифесі
нде саяси
шиеленістерді қалай
бөлді?
A. Ерікті мен құл.
B. Арандатушы немесе
билік
C. Адам қоғам
D. Оң және сол
E. Батыс және шығыс
Тест жауаптары.

1. B
2. C
3. C
4. А
5. A
На
за
рл
ар
ың
ыз
ға
ра
х ме
т !

Ұқсас жұмыстар
Саяси қақтығыстарды шешудің жолдары
Мемлекеттік билік қызметі саласындағы құқықтық конфликт
Саясаттану ғылымының әлеуметтік - гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Саясат мүмкін өнер ретінде
Этносаяси жанжалдар
Саясаттанудың парадигмалары
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Басқарудағы іскерлік қарым қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАДИГМАЛАРЫ
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы
Пәндер