Саяси партиялардың қалыптасу тарихы


Slide 1

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, коғамдық қозғалыстар мен ұйымдар

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Slide 2

1

2

3

4

Саяси партиялардың қалыптасу тарихы

Саяси партиялардың негізгі мақсаты

Партиялық жүйелердің түрлері

Қоғамдық саяси қозғалыстар

Slide 3

Саяси партиялардың қалыптасу тарихы

Slide 4

“Алаш” және “Үш Жүз” партиялары

Ресейде партиялар ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Қазақстан да сол кезеңдегі империяның бір бөлігі ретінде осы үдерістерге тартыла бастады. Қазақстан аумағындағы ірі қалаларда жалпыресейлік партиялар мен ұйымдардың (кадеттер, ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы, социалист-революционерлер, меньшевиктер және т. б. ) филиалдары пайда бола бастады.

Қазақ зиялылары арасында ұлт-азаттық түғырдағы алғашқы «Алаш» және «Үш жүз» партиялары құрылды. Олар қазақ мемлекеттілігін қайта құруды және қазақ халқының мәдениетін, оның өмірлік және құқықтық жүйесін қорғауды мақсат етіп қойды. Одан бөлек, ел тұрғындарының бір бөлігі Түркістан аймағында әрекет ететін жергілікті мұсылман партиялары мен ұйымдарына белсенді түрде қолдау білдірді.

Slide 5

Саяси партиялардың негізгі мақсаты

Саяси партиялардың негізгі мақсаты - қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу.

Slide 6

Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі функциялары:

әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау, пысықтау және ;

осы мүдделерді қоғамның барлық деңгейінде және билік институттары шеңберінде білдіру, көрсету;

Slide 7

басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу;

мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі байланыстарды орнату;

халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуға тарту;,

Slide 8

заңнамалық және билік институттарының жұмыстарына қатысу

Slide 9

Партиялық жүйелердің түрлері

Партиялық жүйе қоғамда қызмет атқарып отырған барлық партияларды, сонымен қатар олардың арасындағы өзара қатынасу нысандары мен қоғам өміріндегі рөлдерін қамтиды.

Slide 10

Билікке ықпал ете алатын партиялар саны түрғысынан партиялық жүйелердің келесідей түрлері бар:

бірпартиялық, яғни мүнда бір партия қоғам өмірінің барлық салаларына бірден-бір ықпал ете алады. Нақты айтқанда, партия мен билік функцияларын ажырату тым қиын біртұтас бюрократиялық организмге айналып кетеді. Кейде монопольдық сипаттағы билік партиясын авангардттық партиялар деп те атайды, өйткені олар бүкіл қоғамды өз артынан ертіп жүреді.

екіпартиялық, яғни мүнда билікке бір-бірімен бәсекелес екі партия күреседі. Әдетте, тек осы партиялар ғана президент лауазымына кандидаттар үсынып, депутаттық мандаттарды алады. Бұл жүйе бір тарап кезек-кезегімен жоғары көтеріліп отыратын әткеншекке ұқсайды

көппартиялық, мұнда сайлаушылардың дауыстары үшін бірден көп (кейде ондаған) партиялар бәсекеге түседі. Тұрғындар дауыстары көптеген бөліктерге бөлінетіндіктен, бірде-бір күштің абсолютті басымдыққа ие дауыс жинай алмай қалатын жағдайлар да жиі кездесіп отырады. Мұндай жағдайда әртүрлі коалициялар құрылады, яғни үкімет құрамына бір мезгілде бірнеше партиялардың өкілдері енеді

Slide 11

Қоғамдық саяси қозғалыстар

Қоғамдық қозғалыс - ортақ мақсаттарды іске асыру үшін құрылған азаматтардың бұқаралық бірлестігі болып табылады. Осы орайда, барлығымыз үшін экологиялық, ұлттық, әйелдер, жастар және тағы басқа да қозғалыстар жақсы таныс.

Slide 12

Қозғалыстардың саяси партиялардан негізгі ерекшелігі:

Slide 13

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезеңде республикамыздағы ең ірі саяси ұйым болып табылатын «НұрОтан» халықтық-демократиялық партиясының көшбасшы арқасында қуатты саяси және идеологиялық тұғырнамасы бар. Партия бірқатар мәселердің шешімін тауып, елдің саяси өмірінде басты рөл атқарып отыр. Бұл партия саясат сахнасында ұйымдастырып жүрген жұмыстарының өз ауқымымен беделін көтеруде. Партияны қолдаушылар санының көп болуының басты себебі- оның Қазақстанның демократиялық даму жолындағы мұраттарды, Президент саясатының түпкілікті мақсаттарын жете түсініп, оларға жету жолында қазіргі заман талаптарына сай белсенді іс-қимылдар жасауға бар күш-жігерін аямай жұмсауында болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында партияның 16 филиалы, 220 өкілдігі, 10 мыңға жуық бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді.

Slide 14

Саясатқа қатысатын азаматтарды, партия және қоғамдық қозғалыс мүшелерін үш топқа бөлуге болады:

Slide 15

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялардың түрлері
ПАРТИЯЛАРДЫҢ САЯСИ
Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық - саяси қозғалыстар
Қазақстандық көппартиялық жүйенің қалыптасуы жə не ҚР саяси партиялары
ЕУРОПАЛЫҚ ФЕДЕРАЛИСТІК
Саяси партиялардың қызметтері
Демократиялық партиясы
Сайлау жүйесі
Партиялық жүйелер
Неліктен Фашизім Италя мен Германяда өрбіді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz