Қайта жаңғырту


Slide 1

ЕС

Slide 2

Амирбекова Мархабат Амирбековна

Теориялық және практикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі

Marhabat_a85@mail. ru

+ 7747 1828382

ТЬЮТОР

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТТАРЫ

Slide 3

Адамның бұрын қабылдаған нәрcелері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады.

Қазақ ұлттық қыздар

педагогикалық университеті

Slide 4 Slide 5

Ассоциациялар 3 ке бөлінеді: 1. Іргелес ассоциациялар 2. Ұқсастық ассоциациялары 3. Қарама-қарсылық ассоциациялары П. П. Блонский Л. С. Выготский А. Н. Леонтьев

Slide 6

Ес процестері

Есте қалдыру - алынған ақпараттың адам санасында бекуі, есте қалдыру адам тәжірибесін жаңа білімдермен және мінез-құлық формаларымен байытудың қажетті шарты.

Есте сақтау - алған білімдерді біршама ұзақ уақыт бойы есте ұстау.

Қайта жаңғырту. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту деп аталады. Яғни, қайта жаңғырту - психиканың бұрын бекіген мазмұнын белсендіру. Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту - мақсатсыз.

Тану - бұрын қабылдаған объектімен қайта кездескенде бейнені қайта жаңғырту процесі.

Ұмыту

Slide 7

Тану әр адамда әртүрлі болады, біреу тез таниды, біреулер мүлдем танымайды.

Ұмыту - бұрын есте қалғанды қайта еске түсіре алмау.

Ұмыту - бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз- қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту қабылданған материалдың нашарлығына да байланысты.

Slide 8

Ес түрлері

1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелік-көрнекілік және сөздік-мағыналық;

2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына байланысты: ерікті, еріксіз.

3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді, сондай ақ оперативтік ес.

Slide 9 Slide 10

Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз- ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру.

Эмоциялық ес бойынша адам бастан кешкендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады.

Бейнелі-көрнекілік ес- заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм естері болып та бөлінеді.

Эйдетикалық ес мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады.

Slide 11

Сөздік-мағыналық ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты.

Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарын сөзбе сөз жаттап алу механикалық түрде есте қалдыру деп аталады.

Slide 12

Есте сақтаудың ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді ес, ұзақ мерзімді ес, оперативті немесе жедел ес.

Қысқа мерзімді ес - бір рет және өте қысқа қабылдаудан кейін ақпаратты қысқа уақыт аралығына есте қалдыру және сақтау.

Ұзақ мерзімді ес - жиі қайталанатын және бірнеше рет есте сақталған ақпаратты ұзақ уақыт бойы есте қалдыру процесі.

Оперативті ес - материалды тапсырманы орындау үшін қажетті уақыт аралығында есте қалдыру. Ол нақты бір іс-әрекет процесінде көрінеді, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ес элементтерінен тұрады.

Slide 13

Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты.

Амнезия - ес процесінің жоғалуы

Реминисценция - бұрын қабылдаған, бірақ ұмытып қалған ақпараттың жедел еске түсуі

Slide 14

Естің өнімділігі мен тиімділігі: Көлем - адамның ақпаратты есте қалдыру, сақтау және қайта жаңғыртуының сандық көрсеткіштері мен мүмкіндіктерін көрсетеді. Тездігі - адамның есте қалдыру, сақтау және қайта жаңғыртуы процесінде оны өңдеу мен қолданудың белгілі бір жылдамдығына жете алу қабілеті. Дәлдігі - адамның ақпаратты сапалы есте қалдыру, сақтау және қайта жаңғырту процесі және оның негізгі мазмұнын нәтижелі бейнелей алуы. Ұзақтығы - адамның қажетті ақпаратты өз санасында ұзақ уақыт сақтай алу қабілеті. Даярлығы - адам мен оның санасының барлық есте қалған ақпаратты үнемі белсенді қолдануға бейімділігін көрсететін естің маңызды ерекшелігі.

Slide 15

Ес өнімділігіне ықпал ететін себептер

СУБЬЕКТИВТІ

ОБЬЕКТИВТІ

Есте сақтау типі

Бұрынғы өткен тәжірибе

Бағдар

Қызығу

Ағзаның күйі


Ұқсас жұмыстар
Есте Қайта қалдыру жаңғырту
ЕСТІҢ НЕГІЗГІ ПРОЦЕСТЕРІ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ
Еc. Ес туралы түсінік
Адамның есі мнемикалық процесс пен әрекет жүйесі ретінде
Мақсатқа қарай
Естiң механизмдерi мен негiзгi процестерi
Мағыналы есте қалдыру
Қайта құрудың әлеуметтік - экономикалық тиімділігі
ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ
Онтогенез кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz