Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ
Презентация қосу
Алматы энергетика және байланыс
университеті
ХХ-ХХІ ғғ. Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық
жастардың құндылықтық жүйесіне әсері
Орындаған: Достаев Дархан
Қабылдаған: Өмірбекова Жадра
Субмәдениет дегеніміз-қоғамнан
оқшауланған өзіндік өмір сүру
дағдысы
бар, өмір сүріп жатқан қоғамдағы
мәдениеттен
өзгелеу, тіпті кейде оған
наразы жастардың белгілі
бір тобы
жасаған мәдениет.
Бұндай топтар
өздерінің сөйлеу
әдебімен, киім киісімен
және басқа да
белгілерімен
ерекшеленеді.
«Субмәдениет» терминін 1950
жылы
американдық социолог Дэвид
Райзман
ғылымға енгізген екен.
Субмәдениеттің
негізгі тірегі-жастар.
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен , жаңа лептің бастау
алған кезеңі болды . Ол тек техникалык жетістіктер , ғылыми ашылуларға
ғана байланысты емес . Сонымен қатар рухани , мәдени жаңашылдықтың да
белең алған уақыты . Сондай заман нәтижелерінің бірі фанатизмнің
психологиялық ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына , жынысына қарамай
, бір идея толқынына біріктіруі , яғни « субмәдениет » ұғымының қалыптасуы
. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді . Субмәдениет өкілдерін , қала
көшелеріне шықсаңыз , міндетті түрде көресіз және бірден танисыз . Өйткені
олардың киім киістері де , өздерін ұстауы да , сөйлеулері де өзгеше . Осы
субмәдениет біздің қоғамдағы жастар алып барады . Субмәдениет
жастардың өзіндік қоғам құрып , бегілі бір топ ішіндегі бейформалды , яғни ,
қоғамнан бөлек бірлестігі , осы бірлестік мәдениеті . Ошағы Батыстан бастау
алатын субмәдениет ұғымы қазір бар әлемде кең таралған . Оған , әсіресе ,
жасөспірімдер көп қызығады .
Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір
стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән.
Қоғамдағы біркелкіліктің болмағандығына байланысты
мәдени мұ- ралар элементтерінің де соншалықты
санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары
музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік
субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық
субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар,
скейтбордшылар), діни топтар (секталар) және жаңа
технологияның дамуына байланысты (хакерлер,
геймерлер) субмәдениет бірлестіктері айрықша даму
үстінде. Готика, эмо, скинхэд, анимэ табынушылары
секілді спецификалық суб- мәдениеттің түрлері бізде бар
болғанымен басқа да шетелдермен салыстырғанда өте
сирек кездеседі. Ресми емес бірлестіктер негізінен
оқушылар, студенттер арасында психологиялық
қалыптасу кезеңі мен әсіресе ата-ана тарапынан
болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын
алады.
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр
түрлi сән
үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей
жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған.
Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп
несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл
мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салт-
дәстүрден мақұрым, ұлттық
музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды» деген
терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі:
эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т.б.
болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық
оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар, эмошылар қайғылы өлең оқығанды қнатады.
Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады . Еліміздің де қала көшелерінен
жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою қараға бояп алған
қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар»
АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет»
ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір
салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының
немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің
салдарынан пайда болған. Мұндай бейресми топтан
тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін «ерекше
адамдармыз» деп қоғамнан оқшаулағанды қалайды.
Олардың өмірдегі ұстанымдары, киім үлгілері,
түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала
тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады.
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950
жылдардан бастау алады. Алғашында жастар
арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би
түрлерінің,
«стиль» деген ұғымның пайда болуынан
басталды.
Батысқа еліктеушіліктің алғашқы қадамдары – Батыс музыкасына:
джаз, рокен-ролл жанрларына деген қызығушылықтардан көрініс
тапты. Екінші толқын, 60-80 жылдар аралығы. Бұл кезең, жастардың
батысқа руһани қызығушылығының пайда болуы, классикалық үлгідегі
музыкаға еліктеу, фанат болу, «интернационалдық» түсінігіне деген
қызығушылықтың артуынан басталды. Бұл кезең Батыстың рухани
құндылықтарға әсер ету кезеңі болды. Есірткі, алкогольді ішімдік,
марихуаннаға деген қызығушылық белең алды. Ал 1970-1986
жылдары кеңестік қоғам нағыз еліктеу кезеңіне бет бұрды.
«Металлистер», «хиппилер», «эмошылар» және т.б. қоғамдық топтар
пайда болды. Дүниежүзілік субмәдениетке жататын ерекше топтардың
қысқаша тарихына тоқталсақ.
ХХ ғ. 30-жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ –
байкерлер болды. Олар мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін
«Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды.
Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап,
кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рақаттанады. Денелерінде
татумен жазылған түрлі бейнелер болады.
ХХ ғ. 60-жылдары Сан-Францискода құрылған хиппи
субмәдениеті – жастар арасында пайда болған
субмәдениеттердің ең алғашқысы. Оның мақсаты
қоғамда болып жатқан күнделікті құбылыстарға,
қалыпты жағдайларға қырсы шығу. Хиппи
субмәдениетінің негізгі идеологиясы «Иса
пайғамбардың әрекеттерін» философиялық зерттеу
болды. Бұл мәдениетті ұстанатын топ өкілдері
үнемі
шулы жиындарды ұнатады, көңілді отырыстарда еркін
көңіл көтеруді қалайтын топ. Ер мен әйел
арасындағы қарым-қатынастарға да жеңіл қарайды
[1].
Хиппи субмәдениетіне тән хиппи растмандары яғни
Растафари (раста) деген топтар да бар. Олар Иегова
сектасының бағытын бұрмалаушылар. Олар ХХ
ғасырдың 60-жылдары Ямайкада пайда болған «регги»
музыкасының табынушылары. Сүйікті түстері қызыл,
сары, жасыл [2].
Қорытынды
Қорыта келгенде , тарихи жастардың өсіп дамуы әр кезеңде ерекшеленіп өзгеріп отырған . Әр
уақытта және әр елде маңызды рөл , орын алғандықтан күрделі проблемаларды шешу мақсатында
жан - жақты қарастырып зерттеген . Әр заманында жастарға сын көзбен түсініспеушілікпен
қараған . Осы себепті әр елдің қылмыстық не денсаулыққа залал келтіретін аурулады таратушы
жастар оның арасында субмәдениетке жататын қарсы мәдениеттер түрлі әрекеттер себебінен
қиындықтар туғызған . Сол топтардың нақты мақсаты болмаса да адамдарға және қоғамға
қасіреттер әкелгені белгілі Жалпы, дәл қазiр жастар саясаты жөнге қойылмаған. Жастар
ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ. Өмiршең емес. Бүгiн ашылып, ертең жабылып жатады.
Ұлттық, елдiк, мемлекеттiк мәселелердi емес, жеке бастың мүддесiн көздеудi мақсат еткендей.
Тiптi
жастардың өмiрiне, болашағына керi әсерiн тигiзетiн, мысықтабандап келген субмәдениеттiң
республикамызда дамуына шектеу қоятындай арнайы заң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, тиiмдi-
тиiмсiзiн сараптап қадағалайтын мемлекеттiк орган тағы жоқ..
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz