Фрикциондық жұмыссыздық


Slide 1

Жұмыссыздық: мәні, себептері мен нысандары. Оукен заңы

Орындаған: 3-топ

Жолдасхан Асель

Куралова Назерке

Төрехан Назым

Куралбайқызы Гүлнұр

Қабылдаған: Сералиева Алия

Алматы 2021

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Педагогика және психология институты

Slide 2

Жұмыссыздық

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми - техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін. Жұмыссыздық - құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.

Slide 3

Экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мынадай типтерге бөлінеді:

Фрикциондық жұмыссыздық

Құрылымдық жұмыссыздық

Маусымдық жұмыссыздық

Циклдық жұмыссыздық

Технологиялық жұмыссыздық

Slide 4

Фрикциондық жұмыссыздық

Адамдардың бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденуімен ауысуы

Құрылымдық жұмыссыздық

Өндірістік қуаттың жетіспеуінің нәтижесінде болады

Маусымдық жұмыссыздық

Жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңінде жұмыс жасауы

Циклдық жұмыссыздық

Өндірістің құлдырауынан туындайды

Технологиялық жұмыссыздық

Адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі

Slide 5

Өндіріс саласындағы өзгерістердің әсері

Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады.

Slide 6

Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады.

Жұмыссыздық - барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы - ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады.

Slide 7

Жұмыс күші

Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері. Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін жұмыссыздардың жұмыс күші мөлшеріне пайыздық қатынасын есептеп шығару керек.

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздардың саны ÷ Жұмыс күшінің мөлшері.

Slide 8

Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті: • Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны өтелмейді.

Жұмыссыздықтың салдары

Slide 9

01

Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді. Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.

• Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы. Сөйтіп қоғам өзі құрған тұзаққа өзі түседі.

Slide 10

• Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.

• Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.

Slide 11

Өзінің азаматтарына еңбек етуге деген құқығын қамтамасыз ететін Мемлекеттік Конституцияның болуы. Бұл заң көптеген мемлекеттерде өз дәрежесінде сақталған. Мәселен, Португалия, Жапония, Испания және т. б. Португалия Конститутциясының 58-бабында: «Барлық азамат еңбек етуге құқылы. Мемлекет еңбек ету құқығында әлеуметтік-экономикалық жоспарды дамытуға кепілдік беруі керек».

Люксимбург Конституциясының 4 - бабында: «Заң еңбек етуге деген құқыққа кепілдеме береді және әр азаматқа осы заңның орындалуын қамтамасыз етеді».

Slide 12

Жұмыссыздықпен күрес жолдары

тапсырма биржалары мен жұмыспен қамту қызметтерінің басқа да түрлерін құру

жаңа жұмыс орындарын ашу

оқыту және жұмыссыздарды оқыту үшін мүмкіндіктер жасау

қылмысқа қарсы күрес

мінез-құлық тұрақтандыру саясаты

мемлекет үшін қосымша жұмыс орындарын құру

мұндай журналистер, экономистер, дизайнерлер, құрылысшылар және басқа сарапшылар кейбір профильдер, табу үшін арнайы орындарын құру

Slide 13

Оукен заңы

Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық

зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж. ж. ) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формаларықажыг
Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері
Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Өндіріс шығындарының өсуі
Экономикалық ауытқудың себептері
Экономикалық циклдар, инфляция, жұмыссыздық
Еңбекпен шұғылданбаған жұмыссыздар
ӨНДІРІСТІ ЖҰМЫС КҮШІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Атаулы және нақты табыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz