Егістік жерлер өнімділігін көтеру және орналастыру жұмыстық жобасы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедра: «География, жерге орналастыру және кадастр»
Егістік жерлер өнімділігін көтеру және орналастыру жұмыстық жобасы
Алматы, 2022

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1. Егістік жерлер
2. 2. Егістік жерлер топырағының құнарлылығын арттырудың
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Егістік жерлер
Егiстiк - жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскелерi, сондай-ақ сүрi жер. Алдын ала егiлетiн дақылдардың егiстiгi орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлi жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ бақтардың егiске пайдаланылатын қатар аралығы егiстiкке жатпайды.
Дүние жүзі бойынша егіндік жер алқабының аумағы 1, 3 млрд га. Бұл құрлықтың 10% құрайды. Аталмыш көрсеткіш тұрақты. 1, 3 млрд га жердің басым бөлігі бидай шаруашылығына тиесілі.

Егістік жерлер - бұл уақытша ауыл шаруашылығы дақылдары астындағы жерлер (бірнеше егіс алқаптары бір рет қана есептеледі), шабуға арналған уақытша шалғындар немесе жайылымдар, базарлар мен бақтардың астындағы жерлер, сондай-ақ уақытша бу астында тұрған жерлер (бес жылдан аз) .
Ауысымдық өңдеу нәтижесінде пайда болған тасталған жерлер бұл санатқа кірмейді. "Егістік жерлерге" арналған деректер өңдеуге жарамды жердің мөлшерін көрсетуге арналмаған.
Егіндік жер, егістік - ауыл шаруашылығында дәнді дақылдарды өсіру үшін қолданылатын егін алқабы. Ол жыл сайын күтіліп, бапталып, суарылып тұрады. Күзде шабылады. Егін жиналады. Егін әр түрлі болуы мүмкін: бидай, арпа, сұлы, көкөністер және т. б.
Егістік жерлер

Агроөнеркәсіп кешені - еліміздің стратегиялық маңызды салаларының бірі. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін жоғарылату басты міндет болып саналады
Ауыл шаруашылығы дамуының әр кезеңінде топырақ өңдеу әдістері техникалық машиналармен және қазіргі заманауи құралдармен жүзеге асырылады. Топырақты өңдеу, қопсыту немесе тығыздау нәтижесінде егістік қабаттың оңтайлы құрылымы жасалады. Өңделген топырақ судың тек егістік қабатында ғана емес, тамыр қабатының жер асты бөлігінде де жақсы өтуіне мүмкіндік береді. Құрғақ жағдайда топырақты өңдеу ылғалды жинап қана қоймайды, сонымен қатар оны жоғалтудан сақтайды.
Топырақты өңдеу, баптау топырақтың ықтимал ластануын азайтады және дақылдардың зиянкестері мен ауруларының алдын алады сонымен қатар ауыспалы егіс пен тыңайтқыштың тиімділігін арттырады.

Егістік жерлер топырағының құнарлылығын арттырудың тұрақты жүйесін жобалау үшін бірнеше принциптерді сақтау қажет.


Ауыл шаруашылығының «алтын қоры» болып есептелетін суармалы жерлер кімнің меншігінде болса да, ел игілігіне қызмет етуге тиіс. Сондықтан заң талаптарына сай жер пайдаланушыларға суармалы жердің құнарлылығы мен өнімділігін арттыруға қатаң талап қоюмен бірге, мемлекет тарапынан қолдау керек.
Бірінші кезекте жердің, гидромелиоративтік инфрақұрылым жүйелерін түгендеуден өткізіп, есебін алып, меншік иелерін анықтап, олардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Қолданыстағы 1, 4 млн гектар суармалы жердің өнімділігін көтеру үшін оның мелиоративтік жағдайын жақсартуға қомақты қаржы бөлінуі қажет. Себебі әр гектар суармалы жер телімі басқа жермен салыстырғанда 2-3 есе артық мелиоративтік жұмыстарды (жерді күрделі және ағымдағы тегістеу, каналдар мен кәріздік жүйелерді тазалау, тік дренаж ұңғымаларын жөндеу, электр желілерін пайдалану, сор шаю т. б. ) атқаруды қажет етеді.

Облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнімі:
Көрсеткіштердің атауы
2015
2016
2017
2018
2019
Өзгеріс қарқыны, %
1. Жалпы Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млрд
1404, 5
1641, 4
1442, 6
2286, 0
1999, 0
142, 3
2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млрд. теңге, оның ішінде:
56, 7
68, 4
68, 5
89, 4
94, 4
166, 5
-өсімдік шаруашылығы
25, 6
35, 2
33, 1
45
42, 8
167, 2
-мал шаруашылығы
30, 9
32, 9
35, 0
44, 0
51, 4
166, 3

Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен жиын барысында айтылды. Жалпы, облыс бойынша өткен жылы азық-түлік өндірісінің көлемі 148, 8 млрд теңгені құраған.
Өткен жылы облыстың 21 кәсіпорны 16, 8 мың тонна ет өндірген. Қазіргі уақытта тағы 3 жоба іске асуда. 2024 жылға қарай өңірде өңделген ет өнімдерінің үлесін 94 мың тоннаға дейін арттыру көзделген.
Ауыл шаруашылығы саласының өңделген өнімдерінің негізгі үлесін майлы дақылдар, ет, сүт, астық және нан-тоқаш алады. Биыл облыстағы майлы дақылдардың егістік алқабы 30 мың гектарға ұлғайтылмақ. Жыл соңына дейін Семейде майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорны іске қосылады. 2022 жылы тағы бір май зауыты өз жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz