Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті



“Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті”
Орындаған: Игембаева Е.
Тексерген: Ертай Х.
Тобы: Уа-20-1к

Бағалық дискриминация
Бағалық дискриминация дегеніміз - монополист-фирманың сапалары бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын монополиялық тәжірибе.

Бағалық дискриминация келесі жағдайларға байланысты
Мұндағы «дискриминация» біреудің құқығын шектеу емес, бөлу деген мағынаны білдіреді. Нарықты екіге бөледі: арзан нарық - төмен бағамен көп өнім сатады, қымбат нарық - жоғары бағамен аз өнім сатады. Бұл жағдай моноплисттің пайдасын молайтуға мүмкіндік тудырады
Тауардын және қызметтін сапасына.
Тұтыну көлеміне (көтерме сауда, женілдіктер) .
Тұтынушы табысына.
Сатып алу кезеңіне (түнде және күндіз, демалыс және жәй күндер, уақыт мерзімі) .
Бағалық дискриминация әрдайым немесе уақытша болуы мүмкін. Алайда, кез келген жағдайда монополист өзінің тауарының сұраныс икемділігін ескеріп отырады. Бағалық дискриминация көбінесе сұранысы икемсіз тауарларға қолданылады.

МОНОПОЛИСТІК БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА
Фирма пайданы максималдауды басшылыққа алатын болса, онда ол шығарылым көлемін өндірістің шекті шығындары оның шекті табысына тең болған кезде оңтайландыруы қажет.
Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма өнімінің бағасы қысқа мерзімде оның орташа өзгермелі шығындарын және ұзақ мерзімді кезең үшін ұзақ мерзімді орташа шығындарды жауып отырғанша дейін шығарылым көлемін жүзеге асыра береді.

МОНОПОЛИСТІК БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА
Монополистік бәсеке жағдайында фирманың және саланың ұзақ мерзімдік тепе-теңдігі тауарды өндірістің ұзақ мерзімді орташа шығындарға тең болғандағы бағамен сатқанда орындалады, бұл салалық тосқауылдардың төмен болуына орай бәсекенің орын алуына себепші болып табылады.
Сондықтанда, фирма ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында бола отырып экономикалық пайда алу мүмкіндігінен айрылады.
Монополистік бәсеке жағдайындағы фирмалар өз өніміне деген сұраныс қисықтарының көлбеулігімен санасады десек, онда олардың ұзақ мерзімдік тепе-теңдікке жетуі нарықтық бағалардың шекті шығындардан және өндірістің ұзақ мерзімді минималды орташа шығындарынан жоғары болуы кезінде қамтамасыз етіледі, ал бұл өз кезегінде артық өндіріс қуатының болуын сипаттайды.

Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар:
ғылыми-техникалық тіресу
өнеркәсіптік- өндірістік тіресу
сауда сатық тіресу
Ғылыми-техникалық тіресу - бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:
жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;
ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану;
патенттерді сатып алып пайдалану.

Ғылыми-техникалық сайыста әдетте екі үлгі қолданылады
1. Бәсекелестік үлгі мынадай жағдаймен есептесуді талап етеді:
Бәсекелес фирмадар белгілі өндірістік техниканың ең тиімдісін қолданатынына негізделеді;
ҒТП әкелетін пайда ұзақ мерзімді болмауы мүмкін. Себебі бәсекелес фирмалар техникалық жаңалықтың қандайын болмасын игеріп алуы ықтимал. Жаңалықтарды енгізіп пайданы барлық бәсекелес фирмалар ала алады, бірақ техникалық зерттеу шығындарын жасайтын тек осы зерттеуді жүргізіп дайындаушы ғана болады.
2. Монополистік үлгі.
Бұнда жаңалықтар еңгізудің арқасында таза монополист тұрақты түрде елеулі көлемде пайда алу мүмкіндігіне ие болады.
Оның ҒТП үшін мол қаржы ресурстары болады және олар жаңадан жасалған техникалар мен өнімді жасыра алатын мүмкіндігі болады.

Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі
Өндірістік мүмкіндіктің күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі.
Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздегі әрекеттенеді - өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады.
Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ, бәсекелестік кезінде шығьндар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиеленісе түседі.

Бұнда екі жағдай қолданылады - ауқым нәтижесі және "х-тиімсіздік" түсінігі.
1. Ауқым нәтижесі.
Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін.
Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.
2. "X - тиімсіздік"
Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсалуын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп.
Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін "X - тиімсіздігі" түсінігі енгізілген.
Бұл мына жағдайда орын алады - өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда.
Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.

Сауда-саттық сайысы.
Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді.
Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді:
біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz