Энгель қисығы: табыс пен баға өзгерістерінің тұтынуға әсері


Slide 1

Тақырыбы: “Энгель Қисығы. ”

Орындаған: Игембаева Е.

Тобы: УА-20-1к

Тексерген: Ертай Х.

Қарағанды, 2021

Slide 2

Энгель Қисығы

ХІХ ғасырда неміс экономисті Э. Энгель табыс деңгейі өзгеруінің тұтыну құрылымын зерттей отыра, бір заңдылықты тапты, ол кейін энгельдің тұтыну заңы деп аталды.

Е1- қалыпты тауарлар үшін қисық

Е2- Сәнді, сапалы тауарлар үшін қисық

Е3-сапасыз тауарлар үшін қисық

Slide 3

-Энгель қисығы тұтынушының табыс деңгейінің өзгеруіне байланысты тауарлардың әр түрлі топтарын тұтыну тәуелділігін талдауға мүмкіндік береді

Slide 4

Табыс өскен сайын тұтынушы тепе-теңдігі жылжып тұрады: 11 - 12, 12 - 13, 13 (тең) - 14 (ке) және т. Б. Тұтынушының тепе-теңдік нүктелерін қосып, біз «табыс - тұтыну» қисық сызығын, тұрмыс жағдайының қисық сызығын саламыз. Ол табыстың әр түрлі деңгейлерінде сұранысқа ие болатын тауар жиынтықтары. Егер Х және Y тауарларының сапасы дұрыс, жақсы болса, «табыс - тұтыну» қисық сызығында оң еңкіштік пайда болады, сапасыз тауарлар үшін еңкіштік теріс.

Slide 5

Энгель заңы: халықтың тамақ өнімдеріне шығындар үлесі бойынша жоғары дәрежедегі дәлдікпен халықтың әл-ауқатының деңгейі жөнінде айтуға болады: ол неғұрлым жоғары, соғұрлым халық кедей. Табысы жоғары болған сайын адамның сұраныстары да жоғарылайды.

Кеңестік экономист С. Г. Струмилин пенза бюджеттерінің материалдарында тамақтану шығындарының пайызы әл-ауқат деңгейімен емес, отбасының мөлшері мен оның мүшелерінің жасымен тығыз байланысты екенін анықтады.

Slide 6

Суретте энгель заңы жақсы көрсетілген: ең алдымен азық-түлік (тамақ) өнімдерімен қанығу орын алады, сонан соң өнеркәсіп тауарларымен (стандартқа сай сапасы бар), ең соңында - жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетулер.

Slide 7

Енді тұтынушы табысының өзгеруі емес, тауар бағасының өзгеруіндегі ахуалды қарайық. Тауар бағасының өзгеруі нақты табыстың өзгеруін білдіреді. Х тауары бағасының РХ2 деңгейден РХ1 деңгейге дейін төмендеуі бюджеттік сызықты сағат тіліне қарсы бұрып, оны Х2 күйінен Х1 күйге жылжытады. Бұл сатып алушының Х тауардың көптеген санын сатып алуына мүмкіндігі бар екендігін білдіреді, соған сәйкес оның талғаусыздық қисық сызығы мен тепе-теңдігі жылжиды. Тепе-теңдік нүктелерін қосып «баға - тұтыну» қисық сызығын аламыз, оның негізінде жеке сұраныстың қисық сызығын сызып салуға болады. Сұраныс функциясы пайдалылық пен бюджеттік шектеуден шығарылады

Slide 8

«Табыс-тұтыну» қисығы энгель қисығын құру үшін негіз болады. Энгель қисығы игіліктерге деген сұраныс көлемінің тұтынушы табысына тәуелділігін көрсетеді. Энгель қисығының түрі табыстан байланысты сатып алу икемділігіне тәуелді болады.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Сұраныстың салыстырмалы статикасы: табыс-тұтыну және баға-тұтыну қисықтары, табыс пен ауыстыру әсерлері және тұтыну артықшылығы
Микроэкономика: табыс-тұтыну және баға-тұтыну қисықтары
Жиынтық ұсыныс (AS) қисығы: Кейнстік, аралық және классикалық бөлімдер мен бағадан тыс факторлардың әсері
Сұраныс пен ұсыныс: нарықтық тепе-теңдік және баға теориясының негіздері
Сұраныс пен ұсыныс теорияларының негіздері: нарық механизмі, баға, бәсеке және икемділік
Сұраныс пен ұсыныс теориясы: қисықтар, факторлар және теңдік баға
Салық жүйесінің баға белгілеуге әсері: өзіндік құн және ҚҚС талдауы
Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі және салықтың нарықтық әсері
Әндрю Карнеги: кәсіпкерлік табыс пен филантропия
Үй шаруашылықтарының қаржысы: мәні, функциялары және табыс пен шығыстың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz