Талғамсыздық қисығы



Тақырыбы: “Талғамсыздық қисығы”
Орындаған: Игембаева. Е
Тобы: Уа-20-1k
Тексерген: аға оқытушы Ертай. Х

Талғамсыздық қисықтары - тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялар жиынтықтығын көрсететін қисық.
Ал екі экономикалық игіліктің кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары - талғамсыздық қисықтарының картасыдеп аталады. Талғамсыздық қисықтарының картасы тұтынушының ұнамдылықтарын көрсетеді және оның әртүрлі игіліктердің кез-келген екі комбинациясына қатынасын анықтауға мүмкіндік береді

Талғамсыздық қисықтарының мынадай қасиеттері бар:
1. Тауарлар кеңістігіндегі кез-келген нүкте арқылы талғамсыздық қисығын жүргізуге болады.
2. Талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды, егер олар бір бірімен қиылысатын болса, онда сол нүктеде қиылысқан екі қисық бірдей пайдалылықты көрсетеді, сондықтанда бұл біздің анықтамамызға қайшы болып келеді.
3. Талғамсыздық қисықтарында орналасқан тауар жиынтықтары неғұрлым координат басынан жоғары орналасса, онда ол соғұрлым көп ұнамдылық әкеледі.
4. Талғамсыздық қисықтары теріс бағытты болып келеді. Бұл қисықтарының бойымен жылжи отырып біз бір игіліктің мөлшерінен оны екіншісіне ауыстыра отырып бас тартамыз, олардың жалпы пайдалылықтары өзгермейді.
5. Талғамсыздық қисықтары дөңес болып келеді.

Тұтынушының шешіміне экономикалық және субъективтік факторлар әсер етеді. Субъективтік факторларға тұтынушының
қалауы,
талғамы,
ұнамдылықтары жатады.
Қалаған тауарды сатып алу тұтынушының бюджетіне байланысты, ал ол табыс пен тауар бағалары, яғни экономикалық факторларға жатады Тұтыну қылығы кардиналистік және ординалистік теория тұрғысынан түсіндіріледі. Кардиналистік (сандық) көзқарас (У. Джевонс, К. Менгер, Л. Вальрас) әртүрлі игіліктердің пайдалылығын шартты бірліктер -ютильдермен өлшеуді қарастырады. Әр тұтынушы тұтынатын кез келген игілігінің сандық бағасын бере алады. Тауардың құны еңбек шығынымен емес, оған қажеттілікпен анықтайды. Субъективті пайдалылық игіліктің сиректік деңгейімен және оған қажеттіліктің қанағаттану деңгейіне байланысты, Сандық теория негізінде неміс экономисі Герман Госсенның заңдары жатыр В. Паретто, И. Фишер ұсынған баламалы ординалистік (реттік) теория бойынша тұтынушының тауарлар мен қызметтерді сандық бағалау емес, саралау қабілеті болу керек, яғни тек мүмкін болатын барлық тауарлар жиынтығын олардың артықшылығы бойынша ретке келтіру қабілеті болса жеткілікті.

Тұтыну қылығы- түрлі тауарлар мен қызметтерге тұтынушы сұранысын қалыптастыру процессі. Тұтынушы талғамын зерттеу 3 кезеңнен тұрады.
1. тұтынушы қалауын анықтау, яғни көптеген тауарлардың ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөніндегі мәліметтер келтіріледі.
2. Бюджет шектеулілігі және оның тұтынушылар талғамына тигізетін әсері.
3. Тұтынушының таңдауы, яғни жоғарыдағы жағдайларды ескеріп тұтынушының теңдестік жағдайын анықтау

Экономикалық пайдалылық жалпы және шекті болып ажыратылады.
Жалпы пайдалылық(ТU) - бұл тауарлар мен қызметтердің белгілі бір жиынтық бірлігін тұтынудан алынатын қанағаттану.
Шекті пайдалылық (МU) деп берілген тауарлар мен қызметтердің қосымша бірлігін сатып алудың нәтижесінде, жалпы пайдалылықтың көбеюіне тең болатын пайдалылықтың өсімін айтады. Пайдалылықты көрнекілік үшін «ютиль» бірлігі арқылы өлшейді. «Шекті пайдалылық» терминін 1 рет австрия ғалымы Ф. Визер 1883 ж. ендірген.

1 Бір тауардың 2-ші тауарға қарағанда пайдалырақ екендігін анықтаудың нақты өлшем бірлігі жоқ. Пайдалылық - белгілі бір игілікті тұтынуда одан оның ерекше бір қасиеттерін сезіну мен ләззат алу мүмкіндігі. қажеттілікті қанағаттандыру қабілеті, бұл субъективті түсінік Ал маржиналистік тұжырымдамада, пайдалылық - бұл тұтынушының игілік туралы қалыптасқан ой-пікірі немесе сол қажет игілікті саралауы және бағалауы.
Экономистер игіліктің пайдалылығын (мысалы, судың немесе алмаздың пайдалылығын) емес, сол игіліктің белгілі бір мөлшерінің пайдалылығын қарастырады. Сондықтан тұтынушы игіліктің өзін қажетсінбейді, ол сол игіліктің белгілі бір көлемін тұтынуды қажет етеді, яғни тұтынушының қажеттілігі қажеттіліктердің қанағаттанушылық заңы арқылы қанағаттандырылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz