Виктор Васильевич Гурбаның биографиясы



Гурба В. В. - ұйымдастырушы және танымал тау-кен инженері
Дайындаған: тұрар Алихан
Сатпеков Ерасыл

Мазмұны:
Гурба В. В туралы қысқаша деректеме
Еңбек жолы
Жетістігі және наградалары

Виктор Васильевич Гурбаның биографиясы
Гурба Виктор Васильевич (1914-1981) - Социалистік Еңбек Ері (1966), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1971) .
Виктор Гурба 1938 жылы Орал түсті металл институтын бітірді. 1952 жылға дейін шахтаның бастығы, бас инженері, одан кейін Төменгі Тагил кен басқармасында директор болып жұмыс істеді. 1952 жылдан астап Жезқазғанда - мыс қорыту комбинатында бас инженер болып, 1958 жылы - тау-кен комбинатында директор болып еңбек етті. 1960 жылдары В. В. Гурба басқарған комбинат ұжымы кенді 2 есе көп, мысты 1, 7 есе өндіріп, қалайы концентратын 3, 3 есе көп шығарып, жоспардан тыс 6 млн-нан астам рубль пайда түсіреді. 1944 жылы КОКП, 1976-1981 жылдары Қазақ ССР ОК Компартиясының мүшесі болды, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-6 шақырылымында депутат болып сайланды.

Виктор Васильевич Гурба

Виктор Васильевич Гурбаның еңбек жолы
Екатеринбург тау-кен институтын бітірген (1936) .
1952-1958 ж. Жезқазған мыс комбинатының бас инженер, Жезқазған тау-кен басқармасының директоры,
1958-1981 ж. Жезқазған кен-металлургия комбинатының директоры болды. 7-ші бесжылдықта жоғары өндірістік табыстарға жеткен.

Жетістігі және наградалары
ҚазақстанКП ОК-інің мүшесі (1976)
КСРО (1962) және Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңестерінің (1961-1980) депутаты.
КОКП 25-съезіне делегат болып сайланды.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972) .
2 рет Ленин ордені
Социалистік Еңбек Ері (1966)
Медальдар

Виктор Васильевич Гурбаның еңбек жолы
Қ. И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен комбинаты негізін қалаған «Қазақмыс» корпорациясын бүгінде бар әлем біледі. Академик Қ. И. Сәтбаевтың «Үлкен Жезқазған» ісі жүзеге асырылуына керемет идеяларын тастаған Социалистік Еңбек Ері, КОРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, техника ғылымдарының кандидаты Виктор Васильевич Гурба болды. Қ. И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының бірінші директоры болған В. В. Гурба ширек ғасыр осы жоғары орында табысты еңбек етіп, әлемге әйгілі мыс алыбы үлкен күрделі жұмыстардан тыным таппастан өмірмен қоштасты. Виктор Васильевичке одан да жоғары лауазымдар ұсынылса да, ол Жезқазғанды тастаған жоқ. Ол Жезқазған тау-кен металургиялық комбинатының қалыптасуы мен дамуына бар ғұмырын арнады. «Үлкен Жезқазған» оның қолымен қаланып, оның үміті ақталды, біз оны елімізде түсті металлургиядағы барлық жұмыскерлердің үлкен мақтанышы ретінде, ХХ ғасырдың жарық жұлдызы ретінде құрметтейміз.

Виктор Гурба Төменгі Тагилде ІІІ Интернационал атындағы кен басқармасының директор лауазымында болды. 1952 жылы жазда М. И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металл және алтын институтының екінші курс студенттері Оралда өндірістік студенттер тәжірибесінен өтті. 1955 жылдың аяғында кешегі екінші курс студенттері институтты аяқтап, оның ішінде Кәкімбек Салықов Жезқазғанға жолдама алды және жиырма жыл бойы Виктор Гурбамен бірге жұмыс істеді.

Виктор Васильевич түсінігі мол және қарапайым адам болған. Оқығандығы жағынан ешкімге жол бермейтін, ал оқығанын бөлісуде ерекше талантты болды. Шешендік өнерде, кез келген өндірістік аудиторияда немесе барлық «жоғарыдағы дөкейлердің» қатысуымен болатын жоғары және қызу форумда Гурба әрқашан биіктен көрінетін. Ол достарының арасында өлеңін оқыған Пушкин сияқты адамдарды таң қалдыратын. Виктор Гурба өте данышпан, миында автоматты синтездейтін құрылғысы бар адам сияқты аналитикалық ойлау қабілеті бар адам болатын. Өндіруші ретінде ол теңдессіз стратег болды, сонымен қатар, осындай қиын, көп салалы шаруашылықты басқару тактикасын игерді. Кез келген қиын жағдайдан жеңімпаз болып шығатын.
Егер Гурбаның үлкен қайраткер ретінде сыры неде деп сұраса, оны жаңашыл адам, жасампаз және тәрбиелеуші деп нық сеніммен айтуға болады. Ол руданы байыту процестерін дарынды профессорлардан артық білді, тау-кен ісінде нағыз құдай берген сыйға ие болды, егер жас кездерінде металлургияны біршама түсінсе, енді Жезқазған мыс қорыту зауытының металлургиялық өндірісінің түрлі технологияларының құрылысы мен сұлбаларын таңдау кезінде белсенді араласып, толық дайын маман болды. Өте маңызды таласта оның сөзі әрқашан негізгі және соңғы болды.

Виктор Васильевичтің адамдармен қарым-қатынасының қарапайымдылығы жинақылығы соншалық, ол министрмен де, кез келген қол астындағы жұмыскермен де бірдей құрметпен және қарапайымдылықпен әңгімелесетін. Осы адамның айбындылығы оның нақтылығында, ашықтығында және мақсаттылығында болды. Шынымен де, оны өзінің ұжымының мүшелері де жақсы білетін, сонымен қатар олардың мұқтаждықтарын үлкен біртұтас отбасының ісі сияқты айқын түсінетін. Оның ойының тереңдігі мәселенің қиындығына сәйкес келетін, оларды талантты түрде шешетін. Виктор Гурбаның өмірі - тірі аңыз: индустриялы Қазақстанның қарқынды айналымына түскен Оралдың классикалық кеншілері арасынан шыққан тау-кен инженері жаңа-жаңа даму қарқынын алып келе жатқан қазақ даласы өнеркәсібіне көмек көрсететін Ұлы Орыс перзентін бейнеледі. Ол біздің өлкемізге келген уақыттан бастап осы өлкені тастаған жоқ, тек Жезқазғанға қамқорлық жасаумен өмір сүрді, бүкіл елге атақты болды және біздің тамаша мысты қаламыз - Жезқазғанның - Ұлытаудың қасиетті өңірінің атағын шығарды.

Виктор Гурба өндірістің атақты командирі болып қана қоймай, мемлекеттік және қоғам қайраткері болды: КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды, Қазақ ССР, Қарағанды және Жезқазған облыстық кеңестерінің және Жезқазған қалалық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды. Көп жылдар бойы Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі және Жезқазған обком партиясының, Жезқазған қалалық комитеті партиясының мүшесі болды. Жезқазған және оның қалыптасуы, дамуы «Үлкен Жезқазғанды» алғаш ашқан және құрылуына рух беруші - Қ. И. Сәтбаевтың және практикалық орындаушы В. В. Гурбаның есімдерімен тығыз байланысты болды. Қазақстанның индустриялық даму тарихында олардың есімдері ғасырлар бойы орын алады. 1948 жылдан бастап Жезқазған комбинаты құрылысын аяқтау орталықтың және Қазақстанның басқару органдарының жіті назарында болды, бұл бейбітшілік кезең рельстеріне ауысудың басталғанын және «Үлкен Жезқазғанды» құру жұмыстарын қалпына келтіру керектігін білдірді. Мыс-руда алыбының құрылысы барысында өзгерісті кезеңі 1958 жыл болды. Одақтық директивті органдар Жезқазғандағы мыс рудасын өндіруді 2, 2 есе арттыруды, ал еңбек өнімділігін 46%-ға жоғарылатуды шешті.

Соғыстан кейінгі қиын жылдары, КСРО Түсті металлургия министрлігі Қарсақбай мыс комбинатының бас инженері жіберген тау-кен инженері Виктор Гурба келді. Жезқазғанды игерудің жаңа дәуірі басталды. Жас Оралдық инженермен алғаш кездесу, Мәскеуде және Алматыда Жезқазған тау-кен металургия комбинатының болашақ директоры кандидатурасын бірінші болып ұсынған Сәтбаевқа үлкен әсер қалдырды.
Виктор Васильевичтің тағдыры ХХ ғасырдың ақылды адамының бірімен, Жер туралы ғылымның ірі ойшылымен, руда кен орындарының металлогендері туралы ілімін құраушы Қ. И. Сәтбаевпен тоғысты. Ол кіммен істес болатынын түсінді және ғалымның әрқашан сенімді серіктесі болды, ағымдағы істерде әрқашан оның қолдауын сезінді. Сәтбаевтың Гурбамен бірлескен жұмысы анықтаушы ғана емес, сонымен қатар, «Үлкен Жезқазғанның» табысты құрылысында басты фактор болып табылды.

В. В. Гурбаның қайырымды шәкірттері әрқашан еңбекке талпынысымен жауап берді және олардың көбісі өндірістің тамаша командирлері болды. Ол Жезқазған ақсақалдары - Жәңгір Жанасов, Түсіпбек Мулахов, Михаил Филиппов, Әбікен Мамахов, Асқар Шынтөринов, Рустем Даутов, Иван Кнуренко, Шайхислам Аймышев, Ордабай Исаев, Сарқыт Болатбековтерді құрмет тұтты, олармен ылғи ақылдасып отырды. Достарымен қуанышты бірге тойлаудан және қайғысын тең бөлісуден бас тартпады.
Қ. И. Сәтбаевтің ойынша, Жезқазған шахталары В. В. Гурбаның зор өндірістік талантының арқасында өздігімен жүретін кен-шахта құрылғыларының отанына айналды. Осы техниканы және жаңа технологияны озық шетелдік кәсіпорындар үлгісінде алғаш рет қолдана отырып, Жезқазған кеншілері елімізде бірінші болып шынайы кен-шахта революциясын жасады.

Аршықтарда қуатты, өнімділігі жоғары ЭКГ-8 эксковаторы, үлкен жүк көтергіш автомобильдер, үлкен тізбекті салмағы бар электровоздар, өнімділігі жоғары бұрғылау жабдығы, біршама тиімдірек және арзанырақ жарылғыш заттардың жаңа түрлері енгізілді. Ең бастысы - қол перфораторларымен істелетін ауыр еңбектен босады. Бұрғылау құрылғылары, қуатты жүк тиегіштер, жер астында өздігімен жүретін вагондар ашық жұмыстарға рең берді. Златоуст-Беловский аршығы кенді ашық тәсілмен өндіретін ең озық кеніштердің біріне айналды. Гурба есімі жер асты жұмыстарында өздігімен жүретін жабдықты қолданатын қолбасшы ретінде айтылатын. Виктор Гурба Кутузов сияқты өндірістің үлкен стратегі болды, Суворов сияқты жылдам ойлайтын тактик болды, «болашақ гүлденетін гүл қауызын» бәрінен бұрын танып үлгеретін. Үлкен көріпкел ретінде шахта үңгілеу ісін жеке кәсіпорынға шығарды. Қазақстан Компартиясы Қарағанды обкомының пленумына келгенде Қарағанды қонақ үйінде, кешқұрым шай үстінде Виктор Васильевичтің геологтарды руда қорын, металл мөлшерін бағалауда қателерін, жаңа кен орындарын нашар барлағанын айыптағанын бақылау қызықты болды, ал олар өз кезегінде кеншілер жер астында руда қорының 30% жер астында қалдыратыны туралы айтты.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz