Интрузивті тау жыныстары


Slide 1

Магмалық тау жыныстары

Slide 2

Мазмұны:

Магмалық тау жыныстары

Интрузивті тау жыныстары

Интрузивті тау жыныстары сипаттамалары

Эффузивті тау жыныстары

Интрузивті және эффузивті тау жыныстарының айырмашылығы

Slide 3

Магмалық тау жыныстары

Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары - магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау жыныстары тез қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді, кейде ірілеу кристалдары да кездеседі.

Slide 4

Интрузивті тау жыныстарының бітімі шомбал, бағдарлы, жолақты келеді. Құрылымы толық кристалды, қатаю жылдамдығына қарай ұсақтан ірі түйірге дейін. Магманың қатаю жағдайы өзгеріп отырса, онда құрылымы порфирлі болады. Кристалдану ретіне байланысты алдымен түзілген минералдар дұрыс пішінді, ал соңында кристалданғандар бұрыс пішінді болады.

Slide 5

Интрузивті тау жыныстары

Интрузивті тау жыныстары - магмалардың Жер қыртысында суып, кристалдануынан түзілген тау жыныстары. Қалыптасу тереңдігіне қарай интрузивті тау жыныстары абиссаль (терең), мезоабиссаль (орташа) жане гипабиссаль (саяз тереңдікте) болады.

Slide 6

Интрузивті тау жыныстарының негізгі минералдары: плагиоклаз, калишпат, кварц, нефелин, оливин, пироксен, амфибол, биотит. Акцессор минерал ретінде апатит, сфен, циркон, шпинель, магнетит, т. б. кездеседі. Құрамындағы SіO2 мөлшері бойынша Интрузивті тау жыныстары ультранегізді (44%-дан аз), негізді (44 - 53%), орта (53 - 44%) және кышқыл (64%-дан көп) болып бөлінеді.

шпинель

Циркон

магнеттит

Slide 7

Магнетит, магнитті теміртас (грек. magnetіs - магнит) - оксидтер класының минералы. Химиялық формуласы FeO•Fe2O3, FeO - 31%, Fe2O3 - 69%, Fe - 72, 4%. Сонымен қатар MgO, Cr2O3, Al2O3, MnО, ZnO, тағы басқа қоспалары жиі кездеседі. Кубтық сингонияда кристалданады. Жеке кристалдары октаэдр, ромбододекаэдр кейіпті, ал минералдық агрегаттары ұсақ түйірлі масса, сеппе түрінде кездеседі. Түсі қара, металша жылтырайды, қаттылығы 4, 9 - 5, 2, тығыздығы 4800 - 5300 кг/м3. Электр тогын жақсы өткізеді, магниттілігі күшті. Балқу t 1591 - 1597ӘС. Тотыға келе гематитке ауысады. Изоморфты қоспаларына байланысты магномагнетит, манганмагнетит, ванадомагнетит, хроммагнетит, алюмомагнетит, тағы басқа түрлерге жіктеледі. Ильменит, тағы басқа титан құрамды минералдармен тығыз кристалданған түрлері титаномагнетит деп аталады. Магнетит магмалық, метаморфтық, жапсарлық-метосоматикалық жыныстарда, гидротермалдық процестерге ұшыраған жыныстарда түзіледі. Құрамында 60% таза темір бар түрлерінен шойын және болат балқытылады. Техникада көбінесе жасанды Магнетит қолданылады. Кен орындары Қазақстанда Қостанай темір кенді алабында, Атасу кенді ауданында, тағы басқа жерлерде кездеседі.

Slide 8

Оның гематиттен айырмашылығы - тотықсыздану жағдайларымда пайда болады және түрлі кендер мен тау жыныстарының түрлі-түрлі генетикалық типтерінде кездеседі. 1. Магнетит табиғатта балқыған магмадан бөлінеді. Магнетит жердін терең қабатынан магмамен бірге көтеріліп, соның ішінде сеппелер түрінде, ал басқа жағдайларда - қалың қабат тәрізді массалар - шлирлер түрінде пайда болады.

Slide 9

Шпинель - минералдардың, екі және үш валентті металдардың күрделі тотықтарының тобы. [3] Шпинельдер, шпинелидтер - тотықтар және гидрототықтар класына жататын минералдар тобы. Жалпы химикалық формуласы: АВ2О4; мұндағы А - Mg, Zn, Mn2+, Fe2+, Co, Nі; В - Al, Mn3+, Fe3+, Tі4+, V3+, Cr3+. Басым келетін В катиондарына қарай Шпинельдер алюмо-Шпинельдер, ферри- Шпинельдер, хром- Шпинельдер, титан-Шпинельдер, ванади- Шпинельдер болып бөлінеді. Шпинельдер кубтық, тетрагондық сингонияларда кристалданып, көбінесе октаэдр типтес кристалдар түзеді. Шпинельдер дегі оттек атомдары октаэдр қырларына параллель жазықтықтарда тығыз текшеленеді. Оттек атомдарының аса тығыз қаланған қуыстарында екі немесе үш валентті элементтердің атомдары октаэдрлік қуыстардың жартысын, тетраэдрлік қуыстардың 1/8-ін толтырады. Бұл элементтердің тетраэдрлік және октаэдрлік қуыстарда таралуына қарай Шпинельдер қалыпты, оралымды, аралас болып бөлінеді.

Slide 10

Олардың ішінде кең тарағандары гранит, гранодиорит, диорит, габбро, сиенит, перидотит, дунит, пироксенит. Көпшілігі құрылыс материалы, ескерткіш жасау, қаптау, әшекейлеу үшін пайдаланылады. Интрузивті тау жыныстары массивтерінде түрлі металдар мен бейметалдардың кендері кездеседі.

габбро

перидотит

дунит

Slide 11

Интрузивті тау жыныстары сипаттамалары

Плагиоклаздар (грек. plagіos - қиғаш, klasіs - сындыру) - қаңқалы құрылымды силикаттардың дала шпаттарына жататын минералдар тобы. Плагиоклаздар табиғатта өте көп тараған, көптеген тау жыныстарын түзеді. Хим. құрамына қарай дала шпаттары натрий-кальцийлі (Плагиоклаздар) және калийлі (ортоклаз, микроклин) деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Slide 12

Оливин (лат. olіva - зәйтүн), перидот, хризолит - силикаттар класының оқшауланған тетраэдрлі типіне жататын минерал. Химиялық формуласы (Mg, Fe) 2[SіO4] . Оливин ромбылық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары жапырақ не призма, ал минералдық агрегаттары түйірлі масса түрінде болады. Түсі сарғылт жасыл, кейде түссіз. Шыныша жылтырайды, қаттылығы 6, 5 - 7, тығыздығы 3, 2 - 4, 4 г/см3. Жаратылысы магмалық. Оливин негізді, ультранегізді жыныстарды (дунит, перидотит, оливинді габбро, диабаз, базальт, т. б. ) құрайтын, табиғатта кең тараған минерал. Кендері Солтүстік және Орта Оралда, т. б. жерлерде кездеседі. Оливин химиялық өнеркәсіпте, құрылыста отқа төзімді материал ретінде қолданылады

Slide 13

Биотит - силикаттар класының слюдалар тобына жататын минерал. Химиялық формуласы: K(Mg, Fe) 3AlSі3O10(OH, F) 2. Француз ғалымы Бионың құрметіне аталған. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Кристалдары парақ, жапырақ, қабыршақ, қырлы таяқша, пирамидаға ұқсас болады. Түсі қара, қоңыр, қызғылт қоңыр, қабыршақтарының қалыңы күңгірт, жұқасы мөлдір келеді. Қаттылығы 2, 5 - 3, меншікті салмағы 2, 7 -3, 3 г/см 3. Биотит өте жиі тараған минералдардың бірі. Көптеген магмалық, шөгінді, метаморфтық тау жыныстарын құраушы минералдардың бірі, пегматиттерде ауданы 7 м2-ге дейін жететін ірі парақтар түрінде кездеседі. Электр техникасы бұйымдары өндірісінде қолданылады. [

Slide 14

Нефелин, элеолит (грек. nephele - бұлт) - силикаттар класының фельдшпатиттер тобындағы сілтілі тау жыныстары мен олардың пегматиттерін құраушы басты минерал. Химиялық формуласы Na(AlSіO4) . Түсі ақ, сарғыш, қызғылт реңді, кристалл күйінде түссіз. Жылтырлығы күңгірттенген май тәрізді, жымдастығы байқалмайды, қаттылығы Моос шкаласы бойынша 5, 5 - 6, тығыздығы 2, 5 - 2, 65 г/см3. Гексагондық сингонияда кристалданады, түйірлі тұтас масса құрайды, жеке кристалдары призма тәрізді. Нефелин алюминий, сода өндіруде, жасыл шыны, силикагель, ультрамарин алуда, тағы басқа қолданылады. Кендері солтүстік және батыс Қазақстанда (Борсықсай) кездеседі.

Slide 15

Липарит - қышқыл құрамды кайнотипті эффузиялық магмалық тау жынысы. Түсі - қызғылт, сарғыш, сұр, ақ. Бітімі - ағынды, кейде шомбал, кеуекті, құрылымы порфирлі, кейде афирлі. Фенокристер кварц, калишпат, қышқыл плагиоклаз, кейде биотит болып кездеседі, Арқауы фельзиттік, сферолитгік, микропойкилиттік болып, кварц пен далашпаттардан, кейде түгел шыныдан тұрады. Липарит тасқындар, күмбездер, сығьшмалар, нектер құрайды. Синонимі: риолит.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Магмалық тау жыныстары классификациясы
Жамбыл облысының өсімдік жамылғысы ормандары
Магмалық тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстар
Петрография тау жыныстары туралы ғылым
Тау жыныстарының генетикалық жіктелуі
Табиғи тас материалдары мен олардан жасалған бұйымдармен және қолдану барысымен танысу
Минералдардын жіктелуі
Метаморфтық тау жыныстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz