Магмалық тау жыныстары классификациясы
Презентация қосу
Магмалық тау
жыныстары
классификациясы
Мазмұны:
1. Магмалық тау жыныстары
2. Интрузивтік тау жыныстары
3. Экструзивті тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары жер қабатында магманың суып қатаюынан немесе
вулкандық атпалардан жер бетіне төгілгені лаваның суып қатаюынан пайда
болады. Магмалық тау жыныстары әр түрлі белгілеріне — шығу тегінің
жағдайларына, химиялық кұрамына, минералдық құрамына т.б. қарай жіктеледі.
Шығу және қатаю жағдайларына қарай олар тереңдік немесе интрузивтік және
төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді.
Егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте бірте-бірте
суынады да, оның жақсы кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан
тереңдік магмалық жыныстарда кристалды түйірлі құрылыстар пайда болады.
Егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз
шыны немесе порфир құрылыс түзіледі, олардан төгілмелі жыныстардың
вулкандық түрлері пайда болады
Магмалық тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары — магма немесе
жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және
кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі
екі түрге бөлінеді: эффузивтік (жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы
кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік
(тереңдік), басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік
тау жыныстары тез қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді,
кейде ірілеу кристалдары да кездеседі.
Интрузивтік тау жыныстары жер қойнауының тереңдіктерінде баяу қату
салдарынан қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады.
Магмалық тау жыныстарыдың өте маңызды бөлшектері силикаттар мен кварц.
Олардың басты құрамдас бөлігі кремний оксиді (Sі2O) мөлшеріне қарай Магмалық
тау жыныстары 5 топқа бөлінеді:
ультранегізді (Sі2O<40%)
негізді (40 — 50%)
орташа негізді (56 — 60%)
қышқылды (65 — 70%)
ультрақышқылды жыныстар (>75%).
Силикат
Кварц
Құрамында силикаты жоқ Магмалық тау жыныстары (мыс., карбонатиттер)
өте сирек. Құрамындағы сілтілік металдар мөлшеріне қарай Магмалық тау
жыныстары қалыпты және сілтілі (граниттер, нефелинді сиениттер,
фонолиттер) топтарға бөлінеді. Магмалық тау жыныстары құрылыс
(артиктік туфтар, лабрадориттер, т.б.), абразивті (пемза), жылу
оқшаулағыш (пемза, перлит) материалдар ретінде қолданылады.
пемза перлит
Атылу сипатына (лаваның ағыл-тегіл ағуына не жарылыспен атқылануына)
байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті тау жыныстары және
пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Сондай-ақ,
жанартаулық тау жыныстарының аралық типі — туфолавалар және
игнимбриттер ажыратылады. жанартаулық тау жыныстар қалыптасу жағдайына
қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді
болып ажыратылады. Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер
бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның
тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді
төбелер болып қалыптасады.
Туфты брекчий құм
Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып күмбез пішінді болып
қатаюынан қалыптасады. Бұл екі топтың жыныстарының петрографиялық
сипаттамасы бірдей, айтарлықтай айырмашылығы болмағандықтан, оларды
бірге эффузивті жыныстар деп қарастырады. Олар құрамындағы SіO2-нің
мөлшері бойынша
ультранегізді,
негізді
орта
қышқыл жыныстар болып бөлінеді.
Ал құрылымы бойынша былай бөлінеді:
порфирлі;
микролитті;
жартылай шынылы;
нақышы жолақты;
ақпалы, тығыз;
қуысты болады.
Эффузивті жыныстардың сыртқы кейпі қатты өзгерген көне түрлері палеотипті,
ал кейпі сақталған жасырақтары кайнотипті жыныстар деп аталады. Кайнотипті
жыныстардың көп тараған түрлері: базальттар, андезиттер, трахиттер; химия
құрамының сәйкестігі жағынан палеотипті сыңарларына: диабаздар, базальтты
және андезитті порфириттер, трахитті және липаритті порфирлер жатады.
Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және
шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді.
андезит трахит
базальт
Диабаз (француз. dіabase)
– долериттің өзгерген түрі.
Порфирит — құрылымы порфирлі калишпатсыз
магмалық тау жыныстарының жалпы атауы.
“Порфирит” термині интрузиялық тау
жыныстарының порфирлі құрылымды екенін
көрсетуге қолданылады.
Порфир (грек тілінде porphyreos - қызыл) – ұсақ түйірлі арқауында
фенокристары (минералдардың ірі түйірлері) бар қышқыл тау
жыныстарының жалпы атауы. Порфирлер сілтілі дала шпаттарының,
қышқыл, плагиоклаздың, кварцтың, биотиттің, қоңыр амфиболдың,
пироксеннің, т.б. минералдардың түйірлерінен тұрады.
Эффузивті кесекті жыныстарға лавамен цементтелген лава кесектерінен
тұратын кластолавалар мен гидрохимия материалдармен цементтелген лава
кесектерінен тұратын лавокластолиттер жатады. Эксплозивті кесекті жыныстар
түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері — пирокластардан тұрады. Шөгінді
жанартау кесекті жыныстарда пирокластық материал 50 — 90%, ал шөгінді
материал 10 — 50% құрайды. Олар туффиттер деп аталады. жанартаулық тау
жыныстар Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған. Олармен
темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа
да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен
қолданылады
Кластолава
Лавокластолит
Төгілмелі магмалық тау жыныстары өз алдына кайнотип және палеотип болып
екі түрге бөлінеді. Грек тілінде кайнос — жаңа, палеос — алғашқы немесе ескі
деген сөз. Палеотип төгілмелі магмалық жыныстардың химиялық жолмен күшті
бұзылып өзгерген, ескірген түрі, ал кайнотип төгілмелі жыныстардың
өзгермеген түрі. Магмалық тау жыныстары ішіндегі кремний тотығының
мөлшеріне қарай 5 топқа бөлінеді.
Ультрақышқыл жыныстар, Si02 > 75%, яғни құрамында бос кварц өте көп.
Қышқыл жыныстар, Si02 —75—65%, яғни құрамында бос кварц кеп.
Орташа жыныстар, Si02—65—52% яғни құрамында бос кварц аз. Мұнда сілтілі
жыныс, яғни кварц орнында сілтілі минералдар бар.
Негізді жыныстар, Si02 —52—45%, яғни құрамында бос кварц жоқ.
Өте негізді жыныстар, Si02 —45%, яғни құрамында кваритіпті жоқ.
Ультрақышқыл және қышқыл магмалық жыныстарға кіретіндер: аляскит, гранит,
гранодиорит, дацит және олардың төгілмелі түрлері (аналогтары). Орташа
магмалық жыныстарға кіретіндер: диорит және олардың төгілмелі түрлері
сілтілер — сиенит, нефелинді сиенит. Негізді магмалық жыныстарға кіретіндер:
габбро және лабрадорит, базальт. Өте негізді магмалық жыныстарға кіретіндер:
перидотит, дунит, пироксенит. Сонымен қатар тау жыныстарында сілтілі
металдар тотықтары көп болса, ал кремний мен алюминий тотықтары аз болса,
оны сілтілі жыныстар деп те атайды. Нефелинді сиенит осыған жатады
сиенит лабрадорит пироксенит
Сұрақтар :
1. Жанартаулық тау жыныстарының қандай қалыптасу жағдайлары бар ?
2. Грекше кайнос қандай мағына білдіреді ?
3. Кремний оксиді мөлшеріне қарай магмалық тау жыныстары неше түрге бөлінеді
?
4. Ультранегізді магмалық тау жыныстары неше пайыз кремний оксидінен
тұрады ?
5. Ультрақышқыл және қышқыл магмалық жыныстарға жататын жыныстар ?
6. Қазақстанның барлық аймақтарныда кездесетін жанартаулық тау жынысы
қалай аталады ?
7. Жанартаулық-кесекті жыныстар қандай түрлерге бөлінеді ?
Жауаптары:
1. Эффузивті , интрузивті.
2. Жаңа мағынасын.
3. 5 түрге.
4. 40 %-дан төмен.
5. Аляскит, гранит, гранодиорит, дацит және олардың төгілмелі түрлері
(аналогтары).
6. Туффит.
7. Эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып
бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей
редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол.
наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия
наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии).
Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
↑ Қазақ энциклопедиясы 9 том
↑ Қазақ Энциклопедиясы
↑ Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы
Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде
оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Елисеев Н.А., Метаморфизм, М., 1963; Бекботаев А.Т., Петрография және
петрология, А., 1992
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz