Петрография тау жыныстары туралы ғылым
Презентация қосу
Тау жынысы ұғымы
Мазмұны:
1. Тау жынысы туралы
2. Олардың жеке түрлеріне сипаттама
3. Метаморфизм түрлері
4. Петрография- тау жыныстары ғылымы
Тау жынысы туралы
Тау жыныстары — жер қабығында бірнеше тектен қосылған
минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалық
заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы. Тау жыныстары шығу
тегіне қарай мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:
магмалық тау жыныстары
шөгінді тау жыныстары
метаморфтық тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары — магма
немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның
суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған
тау жыныстары. Олар негізгі екі түрге бөлінеді: эффузивтік
(жанартаулық, төгілмелі), жанартау атқылауы кезінде магманың лава
түрінде шығып жер бетінде қатайған және интрузивтік (тереңдік),
басқа тау жыныстары арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау
жыныстары тез қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып
келеді, кейде ірілеу кристалдары да кездеседі. Интрузивтік тау
жыныстары жер қойнауының тереңдіктерінде баяу қату салдарынан
қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады.
Шөгінді тау жыныстары[1] — құрлықта немесе су бассейндерінде
шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың
бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады
және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары
кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас
және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен
өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық
және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек
шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.
гипс
ізбестас таскөмір
Метаморфтық тау жыныстары
Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho – өзгеру),
метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде
бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске
ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын
метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп
атайды.
Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу жағдайына
қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық және
метасоматоздық болады. Катаклаздық Метаморфтық тау
жыныстары тектоникалық қозғалыстарға байланысты туатын
қысымның әсерінен қалыптасады. Уатылу дәрежесіне қарай
олардың тектоникалық брекчиялар, катаклазиттер, милониттер
сынды түрлері пайда болады. Жапсар-термалық Метаморфтық
тау жыныстары интрузиялардың сыртында жылудың әсерінен
қалыптасады.
Онда силикатты тау жыныстары мүйіз тастарға, карбонаттылар
мәрмәрлерге, кремнийлілер кварциттерге айналады. Олардың
минералдық құрамы бастапқы тау жыныстарының құрамы мен
температурасына байланысты әр түрлі болып келеді.
Аймақтық метаморфизмде жылудың, қысымның, ерітінділердің
әсерінен тақтатастар, гнейстер, гранулиттер, амфиболиттер,
мәрмәрлер, кварциттер, мигматиттер, эклогиттер қалыптасады.
Оларға тақтатастық, сирек шомбал бітім, әркелкі түйірлі құрылым,
кордиерит, андалузит, силлиманит, кианит, ставролит, омфацит,
альмандин, пироп сияқты типоморфтық минералдар тән.
амфиболит гранулит гнейс
Магмалық және шөгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе
немесе жаңадан көтерілген магмалық ыстық лебіне ұшыраса, олар
қысым күшінің және ыстық лептің әсерінен әр турлі өзгерістерге
ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар
олардың минералдық және химиялық құрамы да өзгереді. Осындай
өзгерістен пайда болған жыныстарды метаморфтық жыныстар деп
атайды. Мысалы, ізбестас метаморфтық әсерден кристалданып,
тығыздалып мраморға айналады. Демек, мрамор — метаморфтық
жыныс. Сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды тақтатасқ а
айналады. Граниттер мен құмтастар метаморфизм әсерінен
жаншылып, кристалданып тақталанады, оны гнейс деп атайды. Габбро
өзгергенде онан амфиболит атты жыныс шығады. Қазақстан жеріндегі
де кембрийлік белдемдерінің кешендері эпидот – амфиболиттік, жасыл
тастық фациялардың түзілу темп-раларына сәйкес орта, жоғарғы
қысым жағдайларында пайда болғаны анықталған. Бұл кешендер
белдеулік (Үлкен Қаратау, өлытау) және тең өлшемді Мақбел (Мақпал),
Шу, Көкшетау көтерілімдері] болып бөлінеді.
Метаморфизм түрлері
Әрбір тау жынысы белгілі бір жағдайда пайда болатынын көрдік. Сол
жағдайлары езгеретін болса, ол жыныс та соған қарай бейімделіп
өзгермек. Сонда тау жыныстарының сырт бейнесі де, минералдық
құрамы да және ішкі құрылысы да езгереді. Тау жыныстарын
өзгертуші әрекеттердің негізгі түрлері мыналар: 1) жоғары
температура, 2) жоғары кысым, 3) магмадан бөлінген заттардың
әсері, 4) су ерітінділерінің әсері. ұлардың алғашқы үшеуі магманың
әсері болып табылады және олар бір-біріне байланысты келеді.
Сонымен қатар жоғарғы қысым магмасыз жерде де, тау жынысы
қалың қабаттар астына түскенде де немесе тау қ ұрылу әсеріне
ұшырағанда да болады.
Осы айтылған әсерлердің басымдығына және түріне қарай
метаморфизм мынадай түрлерге бөлінеді: 1) термалық (пиро)
метаморфизм — яғни қызу әсерінен болатын метаморфизм. Бұл
магманың ыстық лебінен болатын өзгеріс; 2) контактылық
метаморфизм — магманыд айнала жапсарында, соған жанасу әсерінен
болатын метаморфизм. Мұнда термалық та, қысым да, магмалық
заттар әсері де бірдей болады; 3) динамометаморфизм — тау жынысы
тереңге түскенде немесе тау құрылу қозғалыстарына ұшырағанда
болатын қысымдық метаморфизм; 4) гидратометаморфизм — су
ерітінділерінід әсерінен болатын метаморфизм. Метаморфизм
басталған орнынан әрі қарай қашықтаған сайын жыныстың өзгерісі
әлсірей береді, ақыръінда ол езгермеген бастапқы жыныстарға
жалғасады.
Метаморфтық жыныстардың басында қандай жыныстан шыққанын осы
арқылы білуге болады. Метаморфтық жыныстар басында шегінді
жыныстан шықса, оның алдына «пара» деген жұрнақ қосады, мысалы
парагнейс. Ал егерде бастапқы жыныс магмалық болса, оған «орто» деген
жұрнақ жалғанып, ортогнейс болар еді. Кысым күшінен жаншылып
өзгерген кезде жыныстың структурасы да, текстурасы да өзгереді.
Сонымен, қысым кезінде пайда болған минералдар, кристалдар сол
қысымның бағытына қарай созылып, соған бейімделіп өседі. Осының
арқасында метаморфтық жыныстардың структурасын зерттеуге, олардың
жаратылысын тануға және сол жсрде болған қозғалысты айыруға
болады. Метаморфизм әрекеті әр түрлі дәрежеде кездеседі. Оның ен
әлсізіп эпизона дейді. Мұнда альбит, хлорит, серпентин, тальк, серицит,
актинолит, эпидот, кварц минералдары кездеседі. Екінші орташа
метаморфизмды мезозона деп атайды. Мұнда орта плагиоклаздар,
анарлар, амфиболдар, слюдалар (биотит, мусковит), кианит, ставролит
сияқты минералдар кездеееді. Үшінші — ең күшті метаморфизмды
катазона деп атайды. Мұнда негізді плагиоклаздар, пироксендер,
анарлар, кордиерит, силлиманит, шпинель сияқты минералдар болады.
Петрография тау жыныстары
туралы ғылым
Петрография — Тау жыныстарын олардың минералогиялық және
химиялық құрамы, текстурасы, структурасы және жатыс
жағдайларының тұрғысынан зерттейтін ғылым. Тау жыныстарын
олардың пайда болу тұрғысынан петрология ғылымы зерттейді.[1]
Шөгінді тау жыныстарын зерттеумен өз алдына ерекше ғылым —
литология айналысады.
Петрографиялық зерттеулер негізгі үш бағытта жүргізіледі:
магмалық тау жыныстар Петрографиясы;
шөгінді тау жыныстар Петрографиясы,;
метаморфтық тау жыныстар Петрографиясы.
Олардан басқа Петрографияның жасанды материалдарды (қож, фарфор,
цемент, шыны, керамика, тасқұйма, т.б.) зерттейтін саласы техникалық
Петрография. Петрография ғылымының негізі — минералдар, ал
Петрографияның негізінде кен геологиясы, петрология, литология,
инжинериялық геология, геология-геофизика іздеу, барлау, картаға түсіру,
аймақтық геология, мұнай-газ геологиясы, геотектоника, петрофизика, т.б.
геология салалары бөлініп шықты.
Литологиядан басқа, петрографияның тағы мынадай тармақтарын атауға
болады:
Эксперименталды петрография;
Техникалық петрография;
Петрохимия.
Эксперименталды петрография тау жыныстарын зертханада жасанды
түрде түзу арқылы зерттейді. Кейбір жағдайларда даулы мәселелерді
тек эксперимент өткізу арқылы ғана шешуге болады. Мысалы,
плагиоклаздар құрамы бойынша бұрын ойланғандай, альбит пен
анортиттің қосындысы емес (қосындылары болса, олигоклаз, андезин,
лабрадор сияқты минералдар болар еді), осы екі бөліктің қатты күйдегі
үздіксіз ерітіндісі екендігі осы эксперимент арқылы дәлелденді.
Техникалық петрография металлургиялық, керамикалық, т.б.
өндірістерде жасалатын жасанды тастардың қасиеттерін зерттеп,
оның жаңа түрлерін жобалаумен айналысады.
Петрохимия саласының негізін қалаған — Магмалық тау
жыныстарының химиялық құрамының негізгі заңдылықтарын және
солардың метаморфизм барысында өзгеруін зерттейді. Петрохимияның
негізін қалаған — академик А. Н. Заварицкий.
Александр Николаевич Заварицкий
Петрография тарихы
Петрография жеке сала болып 19 ғасырдың 30-жылдары қалыптаса
бастады. Оның қарқынды дамуы 1849 жылы Г.К. Сорбидің (1826 — 1908)
Петрографиялық микроскопты тау жыныстарының минералдық
құрамын зерттеуге қолдануымен тығыз байланысты. Осы әдіс
көмегімен неміс, француз, ресей ғалымдары минералдар жүйесін
жасады; тау жыныстарын құраушы минералдардың оптик. қасиеттерін
зерттеудің жаңа тәсілдерін шығарды. 20 ғасырдың басында орыс
ғалымдары тау жыныстарының жасын анықтаудың әр түрлі әдістерін
тауып, геохронология шкала жасады.
Қазақстанда Петрографиялық зерттеулер 20 ғасырдың 20-жылдары
басталды. Оның дамуына Ә.Нұрлыбаев, Н.Сергиев, Қ.Әбдірахманов,
А.Телғозиев, О.Бейсеев, т.б. ғалымдар үлес қосты.[2]
Сұрақтар:
1. Тау жыныстары шығу тегіне қарай неше турге бөлінеді ?
2. Петрохимия негізін қалаған кім ?
3. Metamorpho сөзі қандай мағына білдіреді ?
4. Тау жыныстарын өзгертуші әрекеттердің негізгі түрлері
қандай ?
5. Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу
жағдайына қарай неше түрге бөлінеді ?
6. Геохронологиялық шкаланың жасалу уақыты ?
7. Петрология ғылымы нені зерттейді ?
Жауаптар:
1. Магмалық, шөгінді, метаморфтық тау жыныстары.
2. А. Н. Заварицкий.
3. Өзгеру.
4. Жоғары температура, жоғары кысым, магмадан бөлінген
заттардың әсері, су ерітінділерінің әсері.
5. Катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық және
метасоматоздық.
6. 20 ғасырдың басы.
7. Тау жыныстарының пайда болуын.
Қолданылған әдебиеттер
1. СЕЙІТОВ Н.С. ГЕОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ АЛМАТЫ, 20002. СЕИТОВ Н.С.
ТЕКТОНИКА ПЛИТ: ВОЗМОЖНЫЕ ИСТОКИ И ОСОБЕННОСТИ
ПРОЯВЛЕНИЯ. АЛМАТЫ: ҒЫЛЫМ , 1992.
3. ТҰЯҚБАЕВ Н., АРЫСТАНОВ К., ӘБІШОВ Б. ЖАЛПЫ ГЕОЛОГИЯ
КУРСЫ. АЛМАТЫ: БІЛІМ, 1993.
4. СЕЙІТОВ Н.С., АБДУЛИН А.А. ГЕОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ СӨЗДІГІ.
АЛМАТЫ: ҚАЗАҚСТАН, 1996.
5. ЕРШОВ В.В., НОВИКОВ А.А., ПОПОВА Г.Б. ОСНОВЫ ГЕОЛОГИ.
МОСКВА,1986
6. ЖАРКОВ В.Н. ВНУТРЕННЕЕ СТРОЕНИЕ ЗЕМЛИ И ПЛАНЕТ.
МОСКВА,1986
7. ИВАНОВА М.Ф. ОБЩАЯ ГЕОЛОГИЯ С ОСНОВАМИ ИСТОРИЧЕСКОЙ
ГЕОЛОГИ. М, ВЫСШАЯ ШКОЛА, 1980
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz