Жаңартылған білім мазмұны негізінде педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы бағдарламасы


Slide 1

«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының жаңартылған білім мазмұнымен мектептің ұжымына таныстырылым

Дайындаған: тарих, құқық пен экономика негіздері пәндерінің мұғалімі Байтанова Акмарал Молдабековна

Slide 2

Сингапур

Жапония

Қытай

Корея

Малайзия

Slide 3

«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы

Бағдарламаның құрамына келесілер кіреді:

1. Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі және білікті тренерлерінің қолдауымен 200-сағаттық «Бетпе-бет» аудиториялық жұмыс;

2. «Бетпе-бет» оқыту кезеңінің материалдарына қосымша оқуға арналған материалдар;

3. «Бетпе-бет» кезеңінің негізінде құрылымдалып рәсімделген және толық қолдау көрсетілетін «Мектептегі тәжірибе» кезеңі;

4. Синхронды және синхронды емес диалог түрінде онлайн қолдау.

Slide 4

Педагогикалық шеберлік орталығында әзірленген бағдарламалардың негіз қалаушы алғышарттары

Мектеп мұғалімдері өзінің немесе жалпы мектептің оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістерін біліп қоймай, сонымен қатар сол өзгерістердің себептері туралы да білу керектігі болып табылады.

Slide 5

Бағдарламаны игерген мұғалімдердің негізгі функциялары

1. Қуатты педагогикалық құралдарды өз тәжірибесіне ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізу болып табылады.

2. Мектептегі әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында коучинг өткізіп, әріптестерін тәлімгерлікке алады.

3. Әріптестерінің озық тәжірибелермен бөлісу арқылы мектебін жетілдіру мақсатында педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жоспарын әзірлейді.

Slide 6

Бағдарламаны игерген мұғалімнің түйінді функциясы

Бағдарлама бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалім тізбектелген сабақтар топтамасында Бағдарламаның идеяларын іске асырып, өз жұмысын талдай және бағамдай отырып, кәсіби тұрғыдан рефлексия жасау арқылы өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертеді.

Бағдарлама бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалім мектептегі әріптестерінің кәсіби шеберлігін арттырып, тәжірибесін жетілдіруге көмектесу мақсатында коучинг өткізіп, бір әріптесіне тәлімгер болады.

Өз мектебінің мұғалімдерінен құрылған қоғамдастықтың жұмыс жоспарын іске асырады, оның жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, мектепті жетілдіру үдерісіне қолдау көрсетеді, сонымен қатар бұл жұмыстың ықпалын, оның қаншалықты нәтижелі болғанын анықтайды.

Slide 7

7 модуль

1. Қалай оқу керектігін үйрену.

2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

3. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу.

4. Дарынды және талантты балаларды оқыту.

5. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

6. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Slide 8

Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?

«ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»

«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».

Бағдарлама мазмұны екінші мәселені шешуге бағытталған.

Slide 9

Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Мінсіз оқушының сипаты.

Slide 10

Әлем жылдам өзгеруде

Slide 11

Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі

Оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Slide 12

Бағдарламаның мақсаты

Педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажттіліктерін қанағаттандыру;

Қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету.

Slide 13

Бағдарламаның міндеттері

Бағдарламаның теориялық негіздері бойынша тұжырымдамалық білім мен түсінік қалыптастыру.

Бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнына сәйкес мұғалімнің тәжірибелік дағдылары мен біліктілігін жетілдіру.

Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және жүзеге асыру.

Мектеп деңгейінде коучинг пен тәлімгерлікті іске асыру.

Педагогикалық қоғамдастық аясында әріптестеріне кәсіби қолдау көрсету:

Рефлексиялық ойлау.

Өз мектебінде мұғалімдердің педагогикалық қоғамдастығын құру.

Slide 14

Бағдарлама бойынша оқудан күтілетін нәтижелер

Мұғалімде тұжырымдамалық түсінік пен тәжірибелік дағдылар негізі қалыптасады.

Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлайды және жүзеге асырады.

Коучинг және тәлімгерлік жүргізу дағдыларын игереді.

Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында жұмысты іске асырып, қолдау көрсетуге дайын болады.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған білім беру мазмұны: бағалау жүйесінің қағидалары мен ұйымдастыру тәртібі
Жаңартылған білім мазмұны аясында ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгілік қағидалары
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында сабақ жоспарлау, бағалау және саралау
Жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныпта Дүниетану сабағын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Мұғалім көшбасшылығы мен мектептегі ұжымдық көшбасшылық: анықтама, қасиеттер және қолдану
Lesson Study әдістемесі: мұғалім көшбасшылығы мен кәсіби қоғамдастық арқылы оқытуды жетілдіру
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы мен оқыту әдістемесі
Жаңартылған білім мазмұны: спиральдік оқу, Блум таксономиясы, оқу жоспарлары және қазақ тілін оқытудың функционалдық-коммуникативтік тәсілі
Жаңартылған әдеби білім мазмұны аясындағы фольклорлық шағын жанрлардың поэтикасы
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында 5-сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды бағалау әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz