Жастық шақ кезеңінің психологиясы
Презентация қосу
Жастық шақ кезеңінің
психологиясы
Жастық шақ-бұл жасөспірім мен ересек
кезеңдерінің арасындағы адам өмірінің кезеңі,
балалық шақтың соңғы кезеңі және ересектіктің
алғашқы кезеңі. Жастық шақ қыздарда 16-дан 20
жасқа дейін, ұлдарда-17-ден 21 жасқа дейін
созылады.
Жастық шақтың ерекшелігі
Жастық шақ - өзіндік
тәуелсіздікке көшудің
психологиялық жасы, өзін-
өзі анықтау кезеңі,
психикалық, идеологиялық
және азаматтық жетілу
кезеңі, дүниетанымның,
моральдық сана мен өзін-
өзі танудың қалыптасуы
ретінде қарастырылады.
Жастық шақтағы танымдық
саланың дамуы.
Интеллект және формальды-операциялық ойлауы
дамыған.
Осы кезеңде тұлға таңдалған мамандыққа
байланысты арнайы қабілеттерді дамыта
бастайды.
Жақсылық пен жамандықты, жалпы адамзаттық
құндылықтарды ажыратуы үйренеді.
Оқу саласы.
Мамандық таңдауға бағдарлану, өзін-өзі анықтау
және оқуға түсу үшін қажетті пәндерге баса назар
аудару.
Оқу орынына түсуге дайындыққа, мектепті бітіру
және оқу орнына түсу емтихандарына дайындыққа
байланысты жүктеменің өсуі.
Немесе оқуға түскен жастардың жаңа әлеуметтік
ортаға бейімделуі мен ата-анасынан бөлініп, ендігі
өз бетімен шешім қабылдауы
Қарым-қатынас.
Осы жас кезеңіндегі тұлғалар қарама-қарсы
жыныспен жақсы қарым-қатынас құруға
ұмтылады.
Махаббат сезімін сезінуге дайын болуы.
Қоғамға араласуда тап болатын келеңсіздіктердің
алдын алу үшін ішкі қорғаныс механизмдерін
меңгеруі.
Өзін – өзі танудың дамуы
Өзін-өзі танудың дамуы кезінде жастарды көп
алаңдататын сұрақтар туындайды:
Мен кіммін? Кім боламын? Қандай адам болғым
келеді және қандай тұлға болуым керек? т.б.
Ерте жастықтық шақтың негізі -тұлғаның өзінің ішкі
әлемін ашуы.
Жастық шақта уақыт ағымының
жылдамдығы жеделдетіледі, тез
өтіп жатқандай көрінеді.
Э.Эриксон жастық шақта
тұлғада уақытты тоқтата тұру
тілегі туындайтындығы туралы
айтты. Оның пікірінше, бұл
уақытты әліде саналы түрде
қабылдамаған кездегі баланың
жағдайына оралғысы келу.
Жастық шақтың психологиялық
қиындықтары:
өзін-өзі анықтау және өзіндік сана-сезімінің
қалыптасуындағы қиындықтар;
тұлғалық жетілу мәселесі;өмірлік жоспарлардың
қалыптаспауы;
қажеттіліктердің қалыптаспауы;
оқу және кәсіби қызығушылықтардың сәйкес
келмеуі;
әлеуметтік қолдау күту, қоғамға араласуға ұмтылған
кезде әлеуметтік белсенділіктің төмендігі;
жаңа ортаға әлеуметтік-психологиялық бейімделудің
қиындығы.
Қорытынды: Жастық шақ-бұл әлі де ересектік атану
дейтін жас емес. Жастық шақта жігіттің немесе қыздың
жеке басының дамуына қауіп төнуі мүмкін. Қарым-
қатынаста жағымсыздық, өзінің және өзгелердің тұлғасын
қабылдамаудың болуы көрініс береді. Ерте жастан
құрылған некелер өте нәзік және әдетте тез бұзылады.
Ересек өмірге жастардың ұмтылысы мен дайындығын :
Мен кіммін? Мен не қалаймын? Менің қолымнан не
келеді? деген сияқты сұрақтарына жауап іздеунен көруге
болады.
Жастық шақ-дамудың жаңа кезеңіне өту шекарасын
белгілейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz