ҚЫТАЙ ИМПЕРАТОРЫНЫҢ САРАЙЫ


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

“Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы” пәні бойынша

мультимедиялық презентация

(профильдік пән)

Сабақ түрі: дәріс

Қарағанды 2021

1

Slide 2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Тақырып 1. XҮIІ ғ. ІІ жарт. - ХХ бас. Цин империясы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

Сабақ түрі: дәріс

Қарағанды 2021

2

Slide 3

ЖОСПАР:

1. Цин империясының құрылуы және оның дамуы.

2. Қытайдағы апиын соғыстары және олардың салдары.

3. Тайпиндер көтерілісі (1856-1864 жж. )

4. ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қытай

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Батурина Л. Л., Сердхан А. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы: лекциялар курсы: Оқу құралы / Жауап. ред. А. Қ. Қапышев. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. -349 б.

3

Slide 4

ЦИН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

1644 жылы Қытайда жүрген шаруалар соғысының нәтижесінде Мин империясы құлады. Солтүстіктен маньчжурлар Қытайды басып алып, Цин империясының негізін қалады.

4

Slide 5

Цин империясы кезінде жерді екі категорияға бөлу сақталды:

мемлекеттік жерлер және жеке меншік жерлер.

Мемлекеттік жерге император сарайы мен маньчжур ақсүйектерінің меншіктегі жерлері кірді. Олардың қатарына «жеті ту» әскерінің қолбасшыларының жерлері, әскери қоныс жерлері, діни ғибадатханалар тұрған жерлер, мектептерге тиісті жерлер кірді. Сонымен бірге орманды жерлер, таулар, жайылымдық алқаптар да мемлекеттік меншік болып табылды.

5

Slide 6

ҚЫТАЙ ИМПЕРАТОРЫНЫҢ САРАЙЫ

6

Цин империясының императорлар сарайының бірі. Жабық қала.

Slide 7

Цин империясы кезіндегі экономиканың дамуы

Цин билігі тұсында тауар өндірісі өсті, ішкі рынок кеңейді, қолөнер дамыды, мануфактураның өсуі байқалды.

Нанкин, Ханчжоу, Сучжоу және басқа да ірі қалалар да императорлық мануфактуралар жұмыс істеп, жібек, атлас, парча тәрізді маталар өндірді.

Цзянси, Фуцзянь, Чжэцзян провинцияларында ірі мануфактуралдардың фарфор өндіру көлемі ұлғайды.

7

Тяньцзиньдегі фарфор үйі ҚХР құрылғаннан кейін банкге айналдырды

Slide 8

ФАРФОР ЫДЫСТАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ

8

Slide 9

ҚЫТАЙДАҒЫ АПИЫН СОҒЫСТАРЫ

Ағылшындық Ост-Инд компаниясы ағылшын үкіметінен апиын саудасы үшін монополиялық құқық алып, Қытайға да апиын әкеліп, сауда жасай бастады. Сауда күміс ақшамен төленді. 1800-1833 жж. аралығында Қытайға әкелінетін апиынның көлемі 20 есе өсті.

Қытайдың бірқатар көреген үстем тап өкілдері апиын саудасына қарсылық білдірді. Ағылшын көпестері қалыптасқан жағдайға наразылық білдіріп, өздерінің үкіметіне жолдаған петициясында апиын саудасын толық ремилендіру және шетел саудасы үшін жергілікті порттарды ашуды талап етіп, Қытайға қатысты шара қолдануды ұсынды.

1839-1842 жж. І апиын соғысы жүрді.

9

Slide 10

І АПИЫН СОҒЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

1. 29 тамыз 1842 ж. Нанкинде «Достық, бейбітшілік, сауда және шығынды өтеу» туралы келісімге қол қойылды;

Қытай ағылшын саудасы үшін бес портты ашты (Сямынь (Аэмынь немесе Амой), Фучжоу, Нинбо, Шанхай, Гуачжоу) ;

Қытай императоры Сянган (Гонконг) аралын Ұлыбритания патшайымына берді;

Ағылшын тауарларына кедендік жеңілдіктер берілді;

1843 ж. Англия Қытайды қосымша шартқа қол қойғызды (Қытайдағы ағылшын азаматтарына экстерриториялық құқық берді) ;

1844 ж. тең құқықсыз америка-қытай келісіміне қол қойылды, бұл келісім Нанкин келісімінің шетелдіктерге ұсынылған артықшылықтарын кеңейте түсті;

Тең құқсыз келісімдер Франциямен, Бельгиямен, Швециямен және Норвегиямен жасалды;

Қытай жартылай отар елге айнала бастады.

10

Slide 11

11

Slide 12

ОТАРЛАУ САЯСАТЫНА ҚАРСЫ ХАЛЫҚ КҮРЕСІ

1843 жылы Қытайдың оңтүстігінде Хун Сю-цюань бастаған топ шаруаларды күреске шақырды. Ол үшін Хун Сю-цюань кейбір тұстарын христиан миссионерлерінен алған ілімін жариялады. Халықты күреске шақырып, үш діни гимн-манифест құрастырды:

«Әлемді құтқарудың шындық жолы туралы Гимн»;

«Әлемді оятудың шындық жолы туралы ілім»;

«Әлемді танудың шындық жолы туралы ілім».

Хун Сю-цюань ілімінің басты идеясы теңдік болып саналды. Көне әдеби ескерткіштерден алынған қытай қауымын үлгі ретінде көрсетті.

Хун Сю-цюань «ауқаттылар мен кедейлер қиыншылық кезеңде өзара бір-біріне көмек көрсететін; түнде есігі жабылмайтын; жолда жоғалған затты ешкім алмайтын; еркектер мен әйелдер бір-бірін ұятқа қалдырмайтын» жоғары моральдық негіздегі «Ұлы тыныштық әлемін» құруды армандады. Бұл идеялар Хун Сю-цюаньның құрған «Құдайға табыну қоғамының» үгіт-нәсихаты негізіне алынды.

Сол кездегі жағдай бұл идеяның жетістікке жетуіне қолайлы әсер етті. Шаруалардың стихиялық қозғалысы кеңейді.

12

Slide 13

ТАЙПИНДЕР КӨТЕРІЛІСІ

13

Slide 14

Біртіндеп тайпиндердің түрлі топтары арасында келіспеушіліктер пайда бола бастады. Тайпиндер арасында Цин билігімен күресу үшін келген помещиктер мен көпестер аз емес еді. Олардың феодалдық қатынастарды жоюға ешқандай ниеті болмады.

1856 жылы Тайпиндердің басшылары арасындағы келіспеушіліктен өзара талас-тартыстар басталды. Армияда бөлініп - жарылу орын алды.

Көтерілісшілер арасындағы алауыздықты пайдаланып, циндіктер шабуылға көшті. Екінші апиын соғысы (1856-1860) өртін тұтандырған Англия мен Францияның қолдауына сүйене отырып, цин әскерлері тайпиндердің негізгі күшін талқандап, Нанкинді басып алды. Жеңімпаздар ұйымдастырған қорқынышты, қанды қырғын кезінде 100 мыңнан астам қала қорғаушылары қаза тапты. Хун Сю-цюань өзін өзі өлтірді. Сөйтіп, 1864 жылы Тайпин мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

14

Slide 15

ІІ АПИЫН СОҒЫСЫНЫҢ (1856-1860) ҚЫТАЙ ҮШІН САЛДАРЫ

1. Цин үкіметінің Батыстың капиталистік державаларына тәуелділігі күшейді. 1864-1894 жж. аралығында капиталистік елдердің Қытаймен жасаған саудасы үш есеге өсті;

2. Шетелдіктер Қытайда кеме жасау компанияларын құрып, теміржол тораптарын салудың алғашқы қадамдарын жасады, шетел банктері өздерінің қызметтерін бастады;

3. 1865 жылы ағылшындық Гонконг-Шанхай банкі құрылуы экономикалық қанаудың маңызды құралына айналады;

4. 1880-жж. бастап Қытайда теміржол салу қызу жүрілді. Шетелдік фирмалар мен қытай капиталистерінің меншігіндегі өнеркәсіп орындарының саны өсті. Жағалауларда ірі жаңа өнеркәсіп орталықтары бой көтерді. Олардың ішінде ең ірісі Шанхай болды. Солтүстікте Тяньцзинь өсті. Ағылшындардың басып алған Сянган (Гонконг) үлкен экономикалық маңызға ие болды;

5. ХІХ ғ. 70-80 жж. АҚШ және Еуропаның капиталистік державалары Қытайды «ашуының» жемісін көре бастады. 90-жылдары олар Қытайда тікелей территориялық жаулап алуға кірісті. Осы кезеңде Қытайға қарсы экспансия жүргізген отарлаушы жыртқыштар қатарына Азияның жаңа капиталистік елі, әрі Қытайға жақын орналасқан Жапония қосылды.

15

Slide 16

ОТАРШЫЛДАРДЫҢ БАСЫП АЛҒАН ТЕРРИТОРИЯЛАРЫ

16

Slide 17

«100 күн» реформасы және оның салдары

Кан Ю-вэй (1858-1927)

Кан Ю-вэй ерте қытай философиясын, тарихы мен әдебиетін зерттеген ірі ғалым. Ол Батыстың капиталистік елдері мен Жапонияның тарихы және саяси теорияларына қызығушылық танытты, сондай-ақ конфуцилік ілімді Батыстың буржуазиялық идеяларымен ұштастыруға тырысты. Өзінің еңбектерінде Кан Ю-вэй патриотизм рухына шақырды. Ол Қытайды шетелдіктердің езгісінен құтқаратын реформалардың бағдарламасын ұсынды.

Кан Ю-вэй монархиялық биліктің жақтаушысы ретінде реформаларды император жүзеге асыру керек деп есептеді.

1898 ж. басында Гуансюй Кан Ю-вэйдің бағдарламасымен танысып, оның жоспарларын мақұлдады. 11 маусымда «Мемлекеттің жоспары туралы» императордың жарлығы шығып, реформа саясатын жариялады. Реформалардың жобаларын Кан Ю-вэй, Лян Ци-чао, Тань Сы-тун т. б. саяси билікке жақын жүрген, мүмкіндігі бар қайраткерлер дайындады.

1898 жылы 1 маусым - 21 қыркүйек аралығында Қытай тарихына «Реформаның жүз күні» деген атпен енген 103 күннің ішінде реформашылар Гуансюйдің қолдауымен өз жоспарларын іске асыруға тырысты.

17

Кан Ю-вэй (1858-1927)

Slide 18

«100 күн» реформасы және оның салдары

Юань Шикай (1859-1916)

реформашылардың саясаты Цыси маңына топтасқан реакционерлердің тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, көптеген чиновниктер реформалар туралы император жарлықтарын орындауға қарсы болды;

реформашылар өздерінің жағына басында Юань Шикай тұрған «жаңа армияның» офицерлерін тартып, олардың көмегі арқылы Цыси тобының билікті басып алу қаупін болдырмауға тырысты;

Ол реформашылардың әлсіздігін сезгендіктен олардың жоспарларын орындамай 21 қыркүйекте Цыси сарай төңкерісін іске асырды;


Ұқсас жұмыстар
Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді
Суй әулеті
Ұлы Жібек жолының тарихи мен дамуы
Қазақтардың Жоңғариямен сауда байланысы
СОҒЫС СТРАТЕГИЯСЫ ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ
Пекин және Қытай туралы қызықты деректер
Үндістандағы феодалдық құрылыс
Жібек жолымен араб
XVIII ғасырдағы сауданың дамуы
Индонезия туризмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz