Функционалды прагматика Жасырын прагматика
Презентация қосу
ПРАГМАЛИНГВИСТИКА
НЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДЫҚ
АППАРАТТАРЫ
• Прагматика – грек тілінен аударғанда «іс,
қызмет» дегенді білдіреді. Ал пәнің аты тілдің
қызметі деген ұғымды береді. Ван Дейк
прагматиканы «контекстегі тіл» деп
қарастырады.
• Лингвистикалық прагматика – “тілді өз ішінде және өзі үшін” емес,
адамның оны әрекет барысында қолданатын құралы ретінде
қарастыратын пән. Бүгінгі таңда прагматика барлық лингвистикалық,
көптеген логика-философиялық, социологиялық, психологиялық,
этнографиялық бағыттар қосылған пәнаралық сипатқа ие болып
келеді (Маслова, 2014: 29).
• Тілдегі, сөйлеудегі прагматика - тілді қолданушыға қатысын
зерттейтін, лингвистикалық формалар арасындағы қатынасты жəне
осы формаларды қолданушыларға қатынасын, мағынаның сөйлеу
ситуациясына қатынасын зерттейтін, сондай-ақ, контекстегі тілді
зерттейтін ғылымның бір саласы. З.К.Темиргазина лингвистикалық
прагматика – коммуниканттардың қатысым актісінде тілді қолдану
шарттарын зерттейтін ғылым екенін айтады
Функционалды
прагмалингвистика
Прагматика
Жасырын
прагмалингвистика
Прагматика
Функционалды прагматика Жасырын прагматика
Нысаны: сөйлеу әрекеті Нысаны: сөйлеу әдебі (речевое
поведение)
Қарастырады: Қарастырады:
1) Сөйлеу Бірлік: сөйлеу Сөйлеу Сөйлеу әдебінің
әрекетінің актісі әдебінің бірлігі: мазмұны:
түрлері; 2) түрлері; ойдың реңктері
коммуникатив астыртын (нюанс); форма:
ті ықпал етудің сөйлеу тәсілдері
стратегиялар; сөйлеу (сигналдары)
стратегиялары;
• Сөйлеу – әрекет, әрекетті тудыратын – стратегия,
стратегияны жүзеге асыратын – тактика, тактиканың
көрінісі – тілдік құралдар жиынтығы. Осы арқылы
берілген - сөйлеушінің мақсаты.
• Осы тұста керісінше әрекет немесе сипаттама да
көрініс береді: сөйлеушінің мақсаты - әрекеті
тудырады – әрекет тілдік құралдар арқылы іске асады
– тілдік құралдар сөйлеу мақсатына сай түрлі
интонацияда айтылады және қайталауларға да
құрылады. Қайталау, ерекше құрылымдар түзу деген
мәселе – стильдік қолданыс болып табылады.
СӨЙЛЕУ МЕН ТҮСІНІСУ ӘРЕКЕТІ БАРЫСЫНДА
«НОРМА» ДЕГЕН ҰҒЫМ ҚАЛЫПТАСАДЫ. «НОРМА»
ЕКІ ТҮРЛІ МӘНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ:
Сөйлеумен
байланысты Тілдің грамматикалық
сөздердің, заңдылықтарына
грамматикалық қатысты оқулықтарда
тұлғалардың дұрыс берілген ережелер.
қолданылуы;
• . Тілдік норма тілдің әр деңгейіндегі тіл бірліктеріне
қатысты заңдылықтарды, тіркесімдерді (мысалы
үндестік заңы) анықтайды. Әр тіл деңгейі арасындағы
бірліктердің байланысының да қалыптасқан тілдік
нормалары бар. Осы орайда тілдік норма мен әдеби
норма екеуі бір деп қарайтын көзқарас бар (С.Исаев,
Н.Уәли).
• Сөйлеу нормасы - нақты бір уақыт кесіндісінде
сөйлеушілер үшін ортақ тіл бірліктері мен олардың
байланысындағы, қолданысындағы заңдылықтармен
байланысты.
• Жалпы әдеби тіл мәденилігі бар да, тілдік
тұлғаның мәденилігі бар. Тілді жасайтын да, оны
әдебилендіретін де, әрине, сол тілдің субъектісі
(халық, ұлт, жеке тұлға). Сөз дұрыс, дәл, бедерлі
болу үшін, яғни сөздің коммуникативтік сапасы
жоғары болу үшін тілдік тұлға сол құралдардың
ішінен қарым-қатынастың мақсаты, міндеті,
діттеміне анағұрлым сай тілдік құралдарды,
амал-тәсілдерді талғап қолданады.
Мысалы, Күн ыстық екен деген айтылымда
сөйлеуші белгілі бір иллокуциялық мағынаны
білдіруі ықтимал:
- «шөлдегендікті»
- «саяжайға бару керектігін»
- «өзенге, көлге шомылу, суға түсуді»
- «қалаға баруды кейінге қалдыру» т.б.
• . Сен де барамысың деген айтылымда де-нің мағынасы
айрықша: «Саған не жоқ» деген семантиканың, Сен,
немене, тыныш отырмайсың ба дегендегі «немене,
не нәрсе» деген сөзбе-сөз мағынасында
ұғынылмайды. «Қомсыну», «олқысыну», «жеку»
тәрізді мағынаны білдіреді. Бұлар – сөз
семантикасының тасада тұрған аксиологиялық
компоненті. Әйтеуір, шындыққа көзін жеткіздім-ау,
«Шындыққа көзін жеткізу көп күшке түскені», «қиынға
соққаны» - тасада тұрған семантикалық компонент.
• Адресат – хабарды қабылдаушы, оқырман
немесе тыңдарман, прагматиканың, сөз
мәдениетінің, психолингвистиканың, әлеуметтік
лингвистиканың, психологияның, когнитивтік
лингвистиканың, мәдениет-танудың орталық
категориясы, іргелі ұғым.
• Адресант – сөз субъектісі, сөйлеуші,
прагматиканың орталық категориясы,
коммуникативтік процесті ұйымдастырушы.
Мәтін түзуші рөлі әсіресе субъективтілік,
бағалауыштық категорияларын қарастыруда аса
маңызды болып табылады.
Ал коммуникативтік квази-портрет дегеніміз –
мәтінді болашақ қабылдаушы жөнінде автордың
субъективті түсінігі.
Ю.М.Лотманның айтуынша, мәтінде, мәтіннің
өзінде ой жүзіндегі (идеалды) аудиторияның
образы қоса жүреді. Әр мәтіннің өз аудиториясы
болады. Тілдік және мәдени кодтар жиынтығын
меңгере отырып, біз белгілі бір мәтінді талдау
негізінде мәтіннің қандай аудиторияның типіне
бағытталғанын айқындай аламыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz