Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру
Презентация қосу
Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып
келген әлеуметтік реформалар мен оның
нәтижелері
Орындаған: Оспан Мадияр
Тексерген Раджапов Анарбай
Дәріс жоспары
1 Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару.
Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың
негізі.
2 Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен
міндеттері.Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы.
3 Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы
және оның маңызы. ЖОО-ның инновациялық қызметке
көшуі. Назарбаев университеті«Серпін – 2050»
бағдарламасы.
•Әлеуметтік реформалар мен оны жаңарту шаралары. 1991 жылдың
соңынан тәуелсіз даму жолына түскен Қазақстан әлеуметтік қатынастар
саласында ірі көлемдегі өзгерістерге бет бұрды. Әлеуметтік өзгерістер мен
реформалар жүргізу арқылы халықты әлеуметтік қорғаудың сапалы деңгейін
қамтамасыз ету мақсатында нарықтық қатынастарды ендіру болжанды.
Алайда, еліміз бұрынғы жүйенің қателіктері мен кейбір құндылықтары жаңа
орын алған өзгерістерге, реформалау үдерістеріне тежеу қойды. Сондықтан
нарыққа көшудің алғашқы кезеңінде (1991-1993 жж) қазақстандықтардың
басым көпшілігінде өмір сүру деңгейінің кенеттен төмендеуі байқалды,
мұның өзі елімізде әлеуметтік шиеленістің ұлғаюына әкелді.
Аталған тұста Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат келесі
бағыттар бойынша жүргізілді: халықтың аз қамтылған санатын қорғау;
халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға бағытталған мемлекеттік
экономикалық саясат жүргізу; жұмыссыз мәртебесін иеленген азаматтарды
қорғау Халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қорғау табысты келесі
бағыттар бойынша ең төмен тұтыну бюджеті деңгейіне дейін ұлғайту:
кәсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау;
жұмыспен қамтылмаған халықты әлеуметтік қорғау; зейнетақымен
қамтамасыз ету; аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету; бағаларды
тұрақтандыру; табыстар мен жинақ ақшаны индексациялау; жұмыс
істеушінің ең төмен жалақысын ең төмен тұтынушылық бюджет деңгейіне
дейін көтеру болды.
•Нарыққа көшу және экономикалық және әлеуметтік салаларды
күшейе түскен дағдарыс жағдайында зейнеткерлер, мүгедектер, көп
балалы және толық емес отбасылар, жұмыссыздар сияқты халықтың
неғұрлым әлжуаз топтары аса ауыр жағдайда қалып қойды. Бұл жағдай
бірқатар фактілермен анықталады. Мысалы, халықтың осы санатына
төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері осы кезеңде мемлекеттік
бюджеттен алынатын ақшалай-өтемақы төлемдерімен анықталды. Ал
1990 жылдардың басында табыстың ең төмен деңгейі Қазақ ССР-
інің «Ең төмен тұтынушылық бюджет туралы» және «Ең төмен жалақы
және еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер
туралы» Заңдармен (1991ж.) анықталды, осыған сәйкес ең төмен
жалақы ең төмен тұтынушылық бюджетке, яғни отбасының әрбір
мүшесі үшін заттар мен азық-түліктің ең төмен қажетті
мөлшерінің «ғылыми әзірленген нормасына» негізделуі тиіс. Алайда,
осы нормалар қағаз жүзінде ғана қалып қойып, Қазақстан
тұрғындарының басым көпшілігі үшін бағаның тоқтаусыз өсуі мен
жалақының артуы арасындағы айырмашылық қана шындыққа
айналды, мұның өзі республикадағы кедей халық саны арттырып,
жағымсыз үрдісті негіздеп берді. Соның нәтижесінде 1991-1998
жылдар аралығында кедейлер санатына жататын адамдар контингенті
ұлғайып, 1996 жылы 34,6 %-ды, 1997 жылы - 43,0 %-ды, ал 1998 жылы
43,4 %-ды құрады.
•
Республика аумағындағы жұмыссыздықтың бұлайша ұлғаюы халықтың
табиғи өсімінің төмендеуі мен жұмыс күшінің ұсыныс көлемінің
азаюына ықпал етті. Бұл процесс тіпті 1993-1995 жылдары
республикадағы көші-қон үдерістерінің күшеюіне әкеліп соқты.
Республика аумағынан шығып кеткен адамдардың жартысынан
астамы жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы білімі бар
азаматтар болды. Жұмысшылар, гуманитарлық бейіндегі мамандар
мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер неғұрлым маңызды топ
құрады. Бұл негізінен адамдардың жұмыссыз ретінде тіркелуіне
кедергі жасайтын психологиялық фактормен, сондай-ақ ірі
мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің төмен қарқынымен
жүргізілуімен түсіндірілді. Жұмыссыздардың ерекше жоғары пайызы
әйелдер арсында орын алды және ол тұрақты өсу үрдісін иеленіп
отырды (1994 жылы 45,4 мың адам,1995 жылы 83,8 мың адам).
Қоғамдағы жаңа пайда бола бастаған шағын жеке бизнестің әлеуетті
нашар дамығандықтан, жұмыспен қамту орталықтарында қайта
даярлауға ұмтылу табысты бола қойған жоқ, ал жекеменшік несиелеу
мен өндіріс немесе кеңсе етіп жабдық мен алаңдарды жалға алу
нарығының мүлдем жоқ болуы әйелдердің шағын бизнесте өрлеуіне
кедергі жасады. Бұл үрдіс тек 2001 жылдан бастап қана қалыпқа түсіп,
әйелдер арасындағы жұмыссыздық біртіндеп азая түсті
•Жүргізілген реформаларға сəйкес жоғары білім беру саласында —
басқарудың демократиялық мəніне; жоғары оқу орындарының өкілеттілігі
кеңейтілді; үштілділік қағидасы; жоғары білім берудің мемлекеттік емес
секторлары заңдастырылды; білім беру гранттары мен кредит түріндегі
кредиттеу жүйесін енгізу үшін заңдылық негіздері құрылды; жоо мен ғылыми-
зерттеу институттарының құрылымдар жүйесіне иілімді жəне ұтқырлықты
көтеру үшін қайта құрулар жүргізілді; жоғары білім берудің əлеуметтік
тиімділік жағдайларының негізінің бірі ретінде жоо автономиялығын
мойындау болып табылды Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы мен
қазіргі жағдайларының талдауын көрсету үшін соңғы жылдардың негізгі
статистикалық мəліметтерін келтіреміз.
•ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мəліметінше, 2014/2015 жж. басында
республикамызда 126 жоғары оқу орны болды, оның 49 мемлекеттік болып
табылады. Жоо студенттерінің саны 2014– 2015 оқу жылында 477,4 мың
адамды құрады.
•Мемлекеттік грант есебінен 129 335 адам, бұл студенттердің жалпы санының
27,1 %, мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 12 536 адам (2,6 %), ақылы
негізде 335 516 адам (70,3 %) білім алады. Мемлекеттік тілде оқитын
студенттер 60,4 %, орыс тілінде — 37,0 % жəне ағылшын тілінде — 2,5 %
құрайды. Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) саны — 40,3 мың адам.
Олардың 888 — PhD докторы, 102 — мамандығы бойынша докторлар, 3870 —
ғылым докторлары, 14958 ғылым кандидаттары. ПОҚ дəрежелілігі 49,2 %
құрайды Бүгінде мемлекеттік тапсырысты құрауда еліміздің əлеуметтік-
экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын ескерген. Бұл,
біріншіден, белсенді индустриялық-инновациялық экономиканың даму
фазасына ену, яғни жоғары білім беру мен ғылым саласының қазіргі
экономикалық жағдайларға икемделуімен сипатталады, бұл нормативтік-
құқықтық базаға сəйкес реттелетін білім беру мен ғылым дамуын
ұйымдастыру, мамандар, инфрақұрылымдық жəне қаржымен қамтамасыз
етуде маңызды өзгерістерге əкеледі. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырыс
құрылымында мамандарды дайындауға көп орын берілмеген, агроөндірістік
кешендердің дамуына көңіл аударылған.
•Президенттің «Интеллектуалды ұлт – 2020» бағдарламасы және оның маңызы. Қазіргі
білім беру моделі
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет
басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына
арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа
формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге
айналдыру.Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.
•Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау
қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой,алған білімді қорыта
білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол
үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек.
•Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс.
Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу
орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет
ашу.
•Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне
ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы
тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени
құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. /1/
•«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық
модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті
әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы
жаңа деңгейі.
•Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға
болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау
қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай
отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.
•Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты
қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5
қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші
жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің
игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі.
Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу
орындарында білім алуға мүмкіндік алды.
•Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар
даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы арқылы білім алған жастар
экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да салалардың жауапты
бөліктерінде еңбек етіп жүр/2/.
•Ұлттық модернизацияның нақты жүзеге асырылуы мен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру міндеттері Президенттің 2004 жылғы «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге
қабiлеттi экономика үшiн, Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн» атты Қазақстан халқына
жолдауында, 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауында және 2006 жылғы «Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында
қойылды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz