Берлинде өткен ІІІ халықаралық коммунист - әйелдер конференциясына делегат болып қатысып, Германия коммунистік партиясының негізін салушы
Презентация қосу
Алма Оразбаева (1898-1948жж)
Орындаған: Қанибек Асылзат
Қабылдаған: Әбілов Алдажар
Оразбаева Алма Дінмұхамбетқызы (1898-1948) – халық
мұғалімі, мемлекет және қоғам қайраткері
Шығыс әйелдерінен шыққан
алғашқы жалынды
революционер, большевик,
мемлекет қайраткері, талантты
журналист,
Алма Дінмұхамбетқызы Оразбаева 1898 жылы 28 желтоқсанда
Бөкей ордасында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Ордадағы 1 кластық орыс-қазақ мектебінде сауат ашқан. 1909-
1911 ж.ылдары Симбирскідегі чуваш мектебіңде оқыған.
Әкесінің қайтыс болуына, қаражат тапшылығына байланысты
оқуын аяқтай алмай, елге оралып, Жәңгір ханның немересі
Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова ашқан Ордадағы 2
кластық қыздар мектебінде оқиды.
1916 жылы осындағы жоғарғы бастауыш ерлер мектебі
жанындағы 3 жылдық курсты бітіріп, бастауыш класс мұғалімі
мамандығын алып шығады. Ұстаздық жолын Жаңақазан (Новая
Казанка) ауылында ауыл мұғалімінен бастайды.
Алма Оразбаева 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін социалистік
жолда қызмет істеуге біржола беріліп, өзінің большевиктік іс қабілетін
ерекше көрсете білді.
1917 ж. мамыр айында С.Меңдешевтің бастауымен Ордада өткен,
бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап еткен мұғалімдер съезінің
жұмысына белсене қатысады. Ордада Кеңес өкіметі орнаған күннен
бастап әйел теңдігі, жесір дауы мәселелеріне тікелей араласьш, өзінің
жалынды сөздерімен, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған
уытты мақалаларымен қазақ әйелдерінің көзін ашуға тырысады.
Алма Оразбаеваның басшылығымен 1920 жылы 25 желтоқсанда
республикада қалың малды жою туралы Декрет қабылданып, 4 қаңтар
күнін қазақ әйелдерінің тәуелсіздік күні деп жариялау туралы шешім
қабылданған. Көптеген қазақ әйелдері Алма Оразбаеваның
қолдауымен білім алып, елге еңбек еткені де тарихтан мәлім.
А.Оразбаеваның бастамасымен сауатсыздықты жою және ағартушылық мақсатында
«Қызыл отаулар» құрылды. Алма Оразбаева комсомол құрбылары Нағима
Арықова, Мәдина Бегалиева, Сара Есовалармен бірге ауыл-ауылдарда «Қызыл
отаулар» құрып, халықты сауат ашуға тартып, жергілікті жерде сабақ өткізіп,
жиналыстар жүргізіп, әйелдерге өз құқықтарын түсіндіріп, жас қыздарды қалың
малға сатылып кетуін болдырмау мақсатында күрес жүргізді.
Сонымен бірге «Қызыл отауға» әйелдер өз еріктерімен келмеген соң,
оларды қызықтыру үшін іс тігетін мәшинелер қойғызып, кейін әйелдер
отауларға киім-кешектерін тіккізіп немесе жөндетіп алу үшін келетін
жағдай жасады.
«Қызыл отау» штабында үш адам жұмыс істеді. Біреуі сауат ашу
мәселесімен айналысты, екіншісі медицина қызметкері, үшінші адам –
құқық саласын жақсы білетін адам болды.
А.Оразбаеваның ұйымдастырушылық қабілеті қазақтың 1-үлгілі атты
әскер полкін құру кезінде ерекше байқалды. 6 эскадроннан жасақталған,
қазақтардан құрылған атты әскерлер қатарында Алма саяси комиссар
қызметін атқарды. Ол жас жігіттердің сауатын ашып, орыс тілінен сабақ
берді және әскерилердің арасында қоғамдық-саяси жұмыстар жүргізді.
Осылай Алма «эскадроншы», «саяси жетекші», «қызыл үгітші» деген
атақ алды. Осы тұңғыш қазақтың әскери полкынан тұңғыш қазақ
генералдары Шәкір Жексенбаев пен Рамазан Құрманғалиев шыққан
А.Оразбаева Чапаев дивизиясына жәрдем беру мақсатында Жайықтың
жағалауындағы Ойық, Қаратөбе Қарабай уездеріне жорыққа барып,
кеңес үкіметін қайта қалпына келтіру үшін еңбек сіңірді.
Полк комиссары Бейсен Жанекешевпен бірге Қазақстандағы қызыл
әскер клубын құруда да Алма көп еңбек сіңірді. Бұл клуб 1919 жылы 22
маусымда Ордада құрылды.
Алма Оразбаева Орынборда шыққан алғашқы қазақ комсомол
газеті «Өркеннің», «Әйелдер теңдігі», «Жас қазақ», «Жас
большевик», «Жас қайрат» журналдарының редакция мүшесі
болып, осы басылымдарда жас жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу,
әйелдер мәселесі туралы «Қазақ әйелдері даңғыл жол үстінде»,
«Қазақ әйелдерінің қалыңмалдан құтылған күні», «Әйелдер
бостандығы», т.б. мақалалар жазды. Осыдан соң-ақ
А.Оразбаеваның даңқы Қазақстаннан тыс жерлерге тарап, бүкіл
Алтай, Орта Азия, Башқұртстан, Татарстан елдеріне жетті.
1919 ж. 17 маусымда Қазақ әскери істер жөніндегі
комиссариатының бұйрығымен комиссариаттың саяси-ағарту
бөлімінің үгітшісі болып тағайындалып, көп ұзамай Мәскеудегі
Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университеті жанындағы
үгітшілер мен насихатшылар курсына оқуға жіберіледі. 1919
жылы 14 қазанда қазақ қыздарының ең алғашқысы болып Алма
Оразбаева Мәскеуде РК(б)П қатарына қабылданады.
1919-1928 жылдары РК(б)П Орынбор губкомы қазақ
секциясының жауапты хатшысы, Бөкей губерниялық партия
комитеті әйелдер бөлімінің меңгерушісі,Қазақстан өлкелік саяси-
ағарту бас басқармасының бөлім меңгерушісі болып істейді.
1924 жылы Алма Оразбаева
Берлинде өткен ІІІ халықаралық
коммунист-әйелдер
конференциясына делегат болып
қатысып, Германия коммунистік
партиясының негізін салушы
Клара Цеткинмен танысады.
Мәскеуде саяси білімін көтеріп
қайтқан Алма Қазақстан өлкелік
Оқу комиссариатының саяси-
ағарту басқармасына жетекшілік
етті.
1924 жылы Надежда
Крупскаяның ұсынысымен
кеңес әйелдерінің алғашқы
журналының (қазіргі
«Қазақстан әйелдері») негізін
жасады. Бұл журнал 1925 жылы
«Теңдік», 1926 жылы «Әйел
теңдігі» деген атпен шықты,
алғашқы редакторы Сара Есова
болған. Алма Оразбаева осы
журналдың тұрақты авторы
болды.
1925 жылы Алма Оразбаева Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті
Президиум төрағасы қызметін атқарған.1926 жылы А.Оразбаева
Қызылордада қазақ әйелдерінің алғашқы кілем тоқу артелін
ашады.1928 жылы БК(б)П ОК А.Оразбаеваны Қазақстаннан
шақырып алып, Саратов губерниясына жұмысқа жібереді. Ол
мұнда Нижне- Волжск өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі
және әйелдер бөлімінің меңгерушісі әрі өлкелік колхоз одағы
төрағасының орынбасары міндетін қоса атқарады. Сол
жылдары Коминтерннің 5 конгресіне делегат болып қатысты.
Алма Оразбаева әнші, биші, өнерпаз болған, әдемі даусымен ән
салып, халықты талай рет тәнті қылған. А.В.Затаевич одан
халқымыздың 10 әнін («Жайық», «Қосай», «Танысу жыры»,
«Төрт пішен», «Зейнешім», «Саржан», «Ғиндаш», «Айнамкөз»,
«Япырай» және «Қоштасу», әнінің екі түрлі нұсқасы) жазып алып,
«Қазақ халқының 1000әні» жинағына кіргізген.
А.Оразбаеваның даусы мен
орындаушылық шеберлігін
А.Затаевич:«Алма Оразбаева —
жас халық мұғалімі, қазақ әйелін
күндіктен құтқару жолында
күресуші көрнекті қайраткер.
Тамылжыған нәзік (сопрано)
дауысы бар және әнді нақышына
келтіріп мейлінше әсем айтатын
музыкаға аса қабілетті
жан.Оразбаева менің жұмысыма
барынша ықылас білдірген және
маған өте құнды деректер берген
бөкейлік бірінші қазақ қызы болды»,
деп жоғары бағалаған.
Алма Дінмұхамбетқызы Оразбаеваның тағдыры қиын болған. А.Оразбаева
1929 жылы Коминтерннің 5 конгресінің тапсырмасымен Ішкі Монғолияда
(қазіргі Қытай) іс-сапармен болған кезде тап дұшпандарының қолына түседі.
Ұрып соғудан ауруға шалдыққан оны лазаретте жатқан жерінен кеңес
барлаушылары бір амалын тауып Қазақстанға жеткізіп салады. Үйіне
оралғанда күйеуі, өлкелік ОГПУ (кейін НКВД) басқармасы бастығы, ұлты
орыс Иван Дмитриевич Каширин Алманың жақын туыс сіңлісіне үйленіп
алғанын естіп, Алма қатты күйзеліске ұшырайды, содан Алманың денсаулығы
қалпына келе қоймайды. Оның жүйкесі сыр беріп, психиатриалық емханада
емделгенмен айығып кете алмайды.1931 жылы денсаулығына байланысты
зейнетке шығады. Күйеуі И.Каширинге халық жауы деп айып тағылып,
тұтқындалып 1937 жылы ату жазасына кесіледі. Оның әйелі де, репрессияға
ұшырап, 10 жылға түрмеге жабылады.
Алманың И.Д.Каширин екеуінің Алмарев атты ұлдары болған («Алма-
революционер» деген сөздерден қысқартылған).Әкесінен де,
шешесінен де, өгей шешесінен де айырылған жалғыз ұлы Алмарев
Мәскеуде балалар үйінде тәрбиеленіп, инженер болып, азамат
қатарында жүрсе де әкесі мен анасының тағдырынан, ауруға
шалдыққанынан хабарсыз қала береді.Алма Оразбаева саяси санасы
қалыптасып, қабілет-дарыны кемеліне келген шақта айықпас дерттен
1948 жылы 50 жасында Жамбыл облысы Луговая станциясында қайтыс
болған деген деректер бар.
Батыс Қазақстан облысының Казталов аудан орталығында
А.Оразбаева атындағы мектеп, мектеп мұражайы, Арыс, Шардара,
Сатпаев қалаларында Алма Оразбаева атындағы көшелер бар.
Алма Оразбаеваның өмірі ,
қызметі тағдыры туралы
С.Даумовтың «Тауқыметті
тағдыр» атты 2001 жылы
Алматыда , «Өлке»
баспасынан кітабы жарық
көрген
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz