Сыбайлас жемқорлықтың белгілері


Slide 1

Тақырып: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар

Биебаева А. Ә., з. ғ. к., доцент

Slide 2

Жоспар:

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар

Сыбайлас жемқорлық түсінігі

Сұрақтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

Сыбайлас жемқорлықтың арнайы

субъектілері

Slide 3

Нормативтік материал:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңы

«Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысы

Slide 4

Сыбайлас жемқорлық түсінігі

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануы.

Slide 5

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық құжаттар

Бағдарлама

Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысымен бекітілген (күшін жойған)

Стратегия

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген

Slide 6

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия

Квазимемлекеттік

және жекеше сектордағы

сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл

Мемлекеттік қызмет

саласындағы сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мәдениеттің деңгейін

қалыптастыру

Соттар мен құқық қорғау

органдарында сыбайлас

жемқорлықтың алдын алу

Қоғамдық бақылау

институтын енгізу

Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл мәселелері

бойынша халықаралық

ынтымақтастықты дамыту

Slide 7

Бүгінгі күнгі негізгі басымдық:

Сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреспей, оның алғышарттарын жою

Slide 8

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

Заң

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы

Заң

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы

Қаулы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген

.

Slide 9

Сыбайлас жемқорлық түсінігі

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Slide 10

Сыбайлас жемқорлықтың белгілері:

Slide 11

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл -

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі

Slide 12

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Агенттік төрағасы -

Қожамжаров Қайрат Пернешович

Slide 13

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі

мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетеді

елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді

әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейді

Slide 14 Slide 15

Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі The Corruption Perceptions Index

2011 жыл - 120-орын

2012 жыл -

133-орын

Қазақстанның әлемнің 168-180 елінің арасындағы орны:

2014 жыл -

126-орын

2015 жыл -

123-орын

Notes: Content Layouts

Slide 16

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тұйықталған тізімі ҚР ҚК 3-баб. 29) -тармағында бекітілген

Slide 17

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ МҮДДЕЛЕРІНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР

361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану

364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау

366-бап. Пара алу

367-бап. Пара беру

368-бап. Парақорлыққа делдал болу

369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау

370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк

Slide 18

Сыбайлас жемқорлық

қылмыстардың арнайы субъектілері:

- Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам

- Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам

Лауазымды адам

Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам

Slide 19

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты

Slide 20

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам

1) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам

2) Қазақстан Республикасының заңынд белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат

3) Жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші

4) Мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, басқару функцияларын орындайтын адам

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері

Slide 21

Лауазымды адам - тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлi функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам

Slide 22

Лауазымды адамдардың санаттары

1

Билік өкілі - мемлекеттiк қызметте жүрген, қызмет бабымен өзіне тәуелді емес адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен билік ету өкілеттіктері берілген адам, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның, әскери полиция органының қызметкері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын әскери қызметші

2

Ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар - қызмет бабымен бағынысты адамдардың орындауы үшін міндетті бұйрықтарды және өкімдерді шығаруға, сондай-ақ бағыныстыларға қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген құқық

3

Әкімшілік-шаруашылық функциялар - ұйымның балансындағы мүлікті басқаруға және оған билік етуге Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген құқық

4

Аталған функцияларды арнайы өкiлеттiк бойынша атқаратын адамдар

Slide 23

Арнайы субъект

Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам - мемлекет функцияларын және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Парламент депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам (ҚР ҚК 3-баб. 16-тарм. )

Slide 24

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы)

Элемент

Белгі

Мазмұны

Объект

Негізгі

Мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметі

Объективтік жағы

Іс-әрекет

Қызметтiк өкiлеттiктерді қызмет мүдделерiне қайшы пайдалану

Зардап

Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіру

Субъект

Арнайы

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам

Субъективтік жағы

Кінә

Тікелей қасақаналық

Мақсат

өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу;

басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру

Slide 25

Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану (ҚР ҚК 362-баб. 4-бөл. 3-тарм)

Элемент

Белгі

Мазмұны

Объект

Негізгі

Мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметі

Объективтік жағы

Іс-әрекет

Өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерінің шегінен анық шығатын әрекеттер жасау

Зардап

Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіру

Субъект

Арнайы

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам

Субъективтік жағы

Кінә

Тікелей қасақаналық

Мақсат

өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу;

басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру

Slide 26

Пара алу (ҚР ҚК 361-бабы)

Элемент

Белгі

Мазмұны

Объект

Негізгі

Мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметі

Заты

Пара, яғни ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiктік сипаттағы пайда

Объективтік жағы

Іс-әрекет

Пара алу

Субъект

Арнайы

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам не лауазымды адам, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамы

Субъективтік жағы

Кінә

Тікелей қасақаналық

Slide 27

Қылмыс заты

Мүлiктік сипаттағы пайда:


Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТ
Жемқорлық терминінің түсінігі және пайда болуы
Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу шаралары
Саяси себептер
Қазақстанның Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі рейтингінің жақсаруына ықпал ету
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы
Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz