Химиялық зертханалық тәжірибелерді ұйымдастыру және зерттеу аппаратурасын дайындау әдістемесі


Slide 1

Химиядан зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын дайындау

Орындаған: Ергешбаева Асем

Қабылдаған: Ильясова Гульжахан

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Slide 2

Химия пәнін оқытуда, оның дамуында химиялық эксперименттің маңызы өте зор. Химиялық эксперимент - химияны оқыту барысында спецификалық әдіс. Сондықтан сарамандық, лабораториялық жұмыстардың негізгі мақсаты жаңа материалды жүйелеу, сарамандық іскерлік пен біліктерін қалыптастыру, әр-түрлі тәсілдерді менгертуді көздейді. Химияның оқыту әдістемесі барысында сарамандық сабақтарға көп көңіл бөлінеді, әсіресе мектептегі химия курсында қарастырылатын эксперименттерді орындау техникасы мен әдістемесіне арналған сабақтардың маңызы өте зор.

Slide 3

Ол үшін мектеп бағдарламасымен танысып, оқулықты берілген тарауды оқып, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, ұсынылған сарамандық, зертханалық жұмыстардың орындау техникасы мен әдістемесін білу керек. Мектеп тәжірибесінде эксперимент жүргізудің бірнеше түрлері қолданылады: көрнекілік, зертханалық, сарамандық, тәжірибелер, және экспериментті есептер шығару. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау студенттерге химиялық экспериментті орындауға, оның техникасын меңгеруге, білімдерін тереңдетуге және өздерін мектепте жұмыс істеуге дайындап тәрбиелеуге көмек көрсететін құрал- нұсқау. Осы әдіспен қатар студенттер сабақ өткізу барысында әр-түрлі деңгейдегі тапсырмаларды, тест тапсырмаларын құрастыруға, оқушылардың білімдерін жүйелеп тексеруге мүмкіндіктері бар.

Slide 4

«Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық жұмысының маңызы зор, өйткені химия ғылымын оқыту барысында сан алуан зертханалық тәжірибелер өткізіледі. Химиялық тәжірибелерді өткізген уақытта еңбек қорғаулы болу үшін басты талап қауіпсіздік техникасын сақтау.

«Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық жұмыс осы мәселелермен, еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларының проблемаларымен және іс - шараларымен айналысады. Осы проблемалардың басты шешімін ең алғашқы рет студенттер «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық жұмысын тәмәмдағанда алады.

Курстық жұмысты қарастырғанда, жоғарыда аталған мәселелермен қатар, ұйымдастырушылық, құқықтық мәселелер де қарастырылады. Өрт және электр қауіпсіздігін қамтиды және еңбек барысында азаматтардың денсаулығын, жұмыс істеу қабілетін сақтау мәселесін шешуге бағытталған іс-шаралардан тұрады.

Slide 5

Зертхана - бақылау мен сынауға арнайы жабдықталған бөлме, онда кейде эксперементалды үлгі жасалынады. Химиялық лаборатория, химиялық зертхана - химиялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізуге арналған, арнайы жабдықталған бөлме. Химиялық лаборатория қолдану мақсатына қарай оқу, ғылыми-зерттеу, зауыттық, бақылау лабораториялары болып бөлінеді. Оқу лабораторияларында оқушылар теоритикалық білімдерін толықтырып, химиялық жабдықтар мен қондырғыларда жұмыс істеуге үйренеді. Ғылыми-зерттеу лабораторияларында ғылыми мәселелерді шешу мақсатында әр түрлі тәжірибелер жүргізіледі. Зауыт лабораторияларында өндіріске қажетті шикізаттар мен одан шығатын өнімдердің сапасы қадағаланады. Бақылау лабораторияларында қондырғылар, технологиялық сұлбалардың жұмыс істеуі, тиімділігі, т. б. тексеріледі.

Slide 6

Қорытынды

Студенттер тәжірибеге кәсіпорынның жазбаша келісімі негізінде жіберіледі, кәсіпорынды таңдау себебін олар тәжірибе бойынша өз есептерінде дәлелдейді. Студент сараптама жасауға болатын және оны шешуде мекеме қызығушылық тудыратын мәселені таңдайды. Мәселені таңдау себебі тәжірибе бойынша есепте негізделеді. Оны сараптауда оқу залында оқу және әдістемелік әдебиетпен жұмыс жасалынады. Теориялық материал қорытынды есепте жазылып беріледі. Теориялық материал негізінде мәселеге анализ жасалып, оның негізі, шешу жолдары көрсетіледі, мәселені шешу жолдары сызба жүзінде де көрсетіледі, сонымен қатар оларды шешудегі ұсынымдар мен әдістер әзірленіп, есепте толық жазылады. Тәжірибенің аяқталған соң жеке қорытынды есеп жасалынады. Тәжірибе жетекшісі есепті тексеріп, оның тиісті бағысын қояды және комиссия алдында қорғауға рұқсат туралы ұсынымын береді.


Ұқсас жұмыстар
Зертханалық зерттеу әдістері: түрлері, клиникалық қолданылуы және науқасты дайындау
Химиялық эксперименттің оқу әдісі ретіндегі әдістемесі мен тиімділігін зерттеу
Физикадағы демонстрациялық және зертханалық тәжірибелердің әдістемесі мен оқыту үдерісі
Биология пәніндегі сарамандық және зертханалық сабақтардың әдістемесі, ұйымдастырылуы және қауіпсіздігі
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары, ұйымдастыру тәртібі және оқушыларды дайындау әдістемесі
Асқазанның зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері
Операциялық бөлмені ұйымдастыру және дайындау
Топырақтың механикалық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу: сынама алу және зертханалық әдістері
Бактериологиялық зерттеу нәтижелерін талдау және зертханалық диагностикалық әдістер
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz