Қазгидромет Гидрология департаментінің құрылымы және гидрологиялық мониторинг пен болжам қызметтері


Slide 1

Қазгидромет басшылығының құрылымы. Гидрология департаменті

Slide 2

«Қазгидромет» РМК - Қазақстан Республикасы аумағында табиғаттың қауіпті және дүлей құбылыстары туралы дауылды ескертулермен кез келген ұйымдарға ресми ақпараттық қызмет көрсетуге құқығы бар жалғыз заңды жауапты орган. Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 1922 жылдың қаңтар айында құрылған.

Slide 3 Slide 4

ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысымен «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) мәртебесі берілді. Бүгінде бұл Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорны.

«Қазгидромет» РМК-да Қазақстан Республикасының әр облысында 15 филиал бар, жалпы штат саны 3 мыңнан астам адам.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Гидрология департаменті

Slide 11 Slide 12

Гидрологиялық қызмет «Қазгидромет»

Гидрологиялық қызмет «Қазгидромет» РМК негізгі өндірістік бөлімшелерінің бірі болып табылады, оның міндеттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, халқын және экономика салаларын елдің су объектілері туралы режимдік, жедел және болжамдық гидрологиялық ақпаратпен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету болып табылады.

Slide 13 Slide 14

Гидрологиялық мониторинг басқармасы гидрологиялық мониторинг жүргізу мәселелері бойынша облыстық филиалдардың әдістемелік басшылығымен және «Қазгидромет» РМК мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес гидрологиялық желі жұмысының жоспарларын сапалы орындауды қамтамасыз ету бойынша мәселелерді жедел шешумен айналысады.

Гидрологиялық болжамдар басқармасы ҚР су объектілерінің нақты жай-күйіне жедел бағалау жүргізеді, гидрологиялық режимінің әр түрлі элементтерін әзірлейді және болжайды.

Slide 15 Slide 16

Гидрологиялық мониторинг 352 гидрологиялық бекеттерде жүргізіледі:

1. 306 өзен бекеттері;

2. 36 көл бекеттері;

3. 10 теңіз станциялары мен бекеттер.

Күнделікті 2 мезгілде су деңгейіне, су температурасына, ауа температурасына бақылаулар жүргізіледі. Он күн сайын су шығындарын өлшеу жүргізіледі (су тасқыны/су басу кезеңінде жиілетіледі) .

Күзгі, қысқы, көктемгі уақытта мұз жағдайына бақылау жүргізіледі, қыс уақытында мұз қалыңдығы мен мұз бетіндегі қардың биіктігіне бақылау жүргізіледі.

Гидрологиялық қызметке басшылық жасауды директор басқаратын Гидрология департаменті жүзеге асырады.

Гидрология департаментінің құрамына:

- Гидрологиялық мониторинг басқармасы;

- Гидрологиялық болжамдар басқармасы.

- Мемлекеттік су кадастры және гидрологиялық зерттеулер басқармасы кіреді.

Slide 17 Slide 18

Мемлекеттік су кадастры және гидрологиялық зерттеулер басқармасы жер үсті сулары бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Деректерді жинауды, тексеруді, өңдеуді, қорытындылауды және сенімділігін талдауды, ақпаратты жинақтауды, сақтауды және таратуды, өзендер, көлдер, су қоймалары мен теңіздер бассейндері бойынша жер үсті сулары мониторингінің деректер банкін жүргізуді жүзеге асырады. Гидрологиялық талдаулар мен есептеулерді орындайды, тұтынушылар үшін сұраныс бойынша гидрологиялық ақпаратпен өтінім дайындауды, ынтымақтастық бағдарламаларына сәйкес ЭГТРМ СРК үшін және МГИ үшін трансшекаралық бекеттер бойынша алмасу үшін гидрологиялық деректерді дайындауды жүзеге асырады.

Slide 19 Slide 20

МСКжГЗБ анықтамалық-ақпараттық басылымдарды дайындау және шығарылымға дайындау жұмыстарын жүргізеді:

1) «Құрлықтың жер үсті суларының режимі туралы жыл сайынғы деректер» (орташа тәуліктік мониторинг деректері) .

2) «Құрлықтың жер үсті суларының режимі туралы көп жылдық деректер» (барлық бақылау кезеңіндегі көп жылдық мониторинг деректері) .

3) «Су бетінен булану бойынша материалдар» (орташа онкүндік мониторинг деректері) .

Slide 21 Slide 22

Пайдаланылған әдебиеттер

Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. Ресурсы речного стока Казахстана. - Алматы, 2012. - Том VII. - книга 2. - 320 с. 3. Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды. - Алматы, 2010. - Вып. 4(15) . - 50 с

https://www. kazhydromet. kz/ru/

http://www. myshared. ru/slide/640442/

https://www. kazhydromet. kz/ru/science-centre/science

https://www. kazhydromet. kz/ru/branches


Ұқсас жұмыстар
Гидрология: пәні, бөлімдері және Қазақстандағы гидрологиялық төтенше жағдайлар
Гидрологиялық зерттеулердің әдістері мен бағыттары
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы және болжам жасаудың маңызы
Таламус пен гипоталамустың құрылымы мен қызметтері
Саяси мәдениет пен мінез-құлық: типологиясы, қызметтері және құрылымы
Саяси мәдениет пен саяси идеология: тұжырымдамасы, құрылымы және қызметтері
Қоршаған ортаны бақылау және экологиялық мониторинг: түрлері, әдістері, стандарттары, экологиялық паспорт пен экспертиза
Мониторинг пен болжаудың түрлері мен классификациясы және мұнай кен орындары мен құбырлардағы аварияларды мониторингі
Қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар: әдістері, жіктелуі және қолданылуы
Радиациялық қауіпсіздік және радиациялық қорғау қағидалары: Қазақстандағы мониторинг пен реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz