Еңбекке баулу сабақтарындағы шығармашылық жұмыс түрлері


Slide 1

СӨЖ Еңбекке баулу сабақтарындағы шығармашылық жұмыс түрлері

Орындаған : Маманова Юлдуз

Тексерген : Сейдуалиева А.

Slide 2

«Еңбекке баулу» пәнінің маңыздылығы

«Еңбекке баулу» пәні адамның өзін қоршаған ортамен өзара байланысы жайлы білімдерін қалыптастыруға, еңбек әрекетінің алғашқы дағдыларын дамытуға, қоғам дамуындағы адам әрекетінің рөлін түсінуге, сондай-ақ еңбексүйгіштікке, адамдар мен олардың еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге көмектеседі. Оқу бағдарламасы түрлі материалдарды көркем өңдеудің негізгі технологияларын, бұйымдарды модельдеу және құрастырудың техникалық-технологиялық дағдыларын, материалдар мен құралдарды тиімді және ұтымды қолдануды, құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдерін зерделеуге және игеруге бағытталған. Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге көмектеседі.

Slide 3

Еңбекке баулу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«Еңбекке баулу» пәні бағдарламасының мақсаты - оқушылардың технологиялық мәдениетін және функционалдық сауаттылығын дамытуға көмектесетін техникалық-технологиялық білім мен дағдылардың негіздерін, еңбек іс-әрекетінің бастапқы тәжірибесін қалыптастыру, еңбексүйгіштікті тәрбиелеу.

Slide 4

«Еңбекке баулу» пәні бағдарламасы:

еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптастыруға;

пәнаралық интеграция арқылы пәндік білімдерді қалыптастыруға;

түрлі бұйымдарды модельдеу арқылы құрастырушылық білімдер мен дағдылардың негіздерін қалыптастыруға;

көрсету, эксперимент жүргізу, бақылау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;

сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;

көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, кеңістіктік қиялын, өнердің визуалды және тактильді тілдері арқылы қоршаған әлемге өз көзқарасын білдіру қажеттілігін қалыптастыруға;

оқушыларды қазіргі ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндірістің, көлік пен құрылыстың негіздерімен таныстыруға;

оқушылардың визуалдық және эстетикалық қабылдауының, сын тұрғысынан ойлау қабілетінің дамуы үшін өнер жанрлары туралы білімдерін қолдануға;

техникалық-технологиялық терминдерді пайдалану арқылы оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге;

танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы түрлі міндеттерді дербес шешу тәжірибесін қалыптастыруға;

өзінің көркем жұмысын орындау үшін ақпарат түрлерімен жұмыс жасай алу (табу, іріктеу, жинақтау) біліктілігін дамытуға;

табиғи және жасанды материалдармен түрлі практикалық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың көз мөлшерін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға;

бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен және топпен жұмыс істеу арқылы коммуникативтік және тілдік дағдыларын меңгеруге бағытталған.

Slide 5

Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осыған орай оқушыға берілетін тапсырмалардың үйренушілік,

алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейлері қолданылады. Шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше таңдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге үйренеді. Бұл оқушыға «кішкентай жаңалық» ашқанмен бірдей. Бұдан баланың танымдық міндеттері қалыптасады, шығармашылық қабілеттері мен білім, білік, дағдылары, қызығуы жетіледі, білімге құштарлығы оянады. Тапсырмаларды орындау барысында әр түрлі қабілетті балалар көзге түседі. Л. С. Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі, оның деңгеціне лайықтап беріледі. Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген.

Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі - бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі - кіші мектеп жасындағы оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашалық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өзіне сенімділігі артады. Шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізерде мұғалім жұмыстың өн бойынан шығармашалық тапсырмаларға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды шығармашылық арнаға бұрып алуға, өзгертуге болады.

Slide 6

Шығармашылық тапсырмалардысынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап әрі қарай жалғастыруға болады. Бұл оқушының өз бетімен ізденуіне көп әсер етеді.

Кез- келген технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етед

Ғылыми пндагогикалық зерттеулерге жасалған талдау жаңа педагогикалық түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді

Сондай технологияның бірі Ж. Қараевтың “ Деңгейлеп саралап оқыту” технологиясы. Қазіргі жаңа буын оқулықтарындағы тапсырмалар да осы технологияға негізделіп ьерілген. Бұл технология бойынша тапсырмалар 1, 2, 3, 4 деңгейде беріледі. Оның тиімді жақтары:

1. Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;

2. Жеке дара қабілеттері айқындалады;

3. Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады;

4. Даму мониторингі айқын көрініп отырады;

5. Сабаққа деген қызығушылығы артады.

Slide 7

Еңбекке баулу” пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері.

Кіші мектеп жасындағы оқушылар өздеріеің жасаған өнімдерінің нәтижесіне аса мән береді. Көптеген жағдайларда нәтижелер соншалық әсерлі болуы мүмкін. Тіпті оқушылардың жұмыстарын көргендер еріксіз: “ О, бұл аса дарынды, талантты, қабілетті баланың жасағаны ғой! ”-десіп, таң қалады. Біз баланы тек қабілет дамытудың тәсілдерімен қаруландырып, жұмыстың кілтін, орындалу принципін оның қолына беру- дарындылығының ашылып, одан әрі дамуына жағдай жасау деп есептейміз.

Бастауыш сынып оқушыларының бірегей өнім. бұйым жасауы оның шығармашылық іс-әрекеті. Жұмыс барысында оқушы игерген білімін, іскерлігін, әдістерін өзінше дербес түрде қолданады, сонымен бірге оларды алмастыруды, белгілі бір әдістерін құрамдастыруды өзі ойластырады, шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай алуан түрлілігі өз күш-жігерін жан-жаұты байқаудае өткізу әр баланың дербес қабілетін ашуына мүмкіндік беріп, оны дамытужағдайларымен қамтамасыз етеді. Уақыт талабына сай оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда жасаған затқа сәйкес өлең шумақтарын құрастыруда бала екі-үш буынды сөздерге ұйқас сөздер тауып, өлең шығарады. Оқушы өзінің жетістігін көріп қуанады, сабаққа қызығушылығы артады. Педагогика саласындағы оқыту әдістерін түгел дерлік еңбекке баулу сабақтарында өз орнымен пайдаланып, сабақтың мазмұнын арттыруға болады.

Slide 8

Оқыту бойынша негізгі сатылар

өзіне-өзі қызмет етуді үйрету;

ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу;

техникалық еңбекке баулу;

көркем еңбекке баулу.

Slide 9 Slide 10

Өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне үйретудің тәрбиелік әрі қоғамдық маңызы зор. Мектепте ұйымдастырылған мұндай еңбек түрібаланың дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді, олардың мәдениеті мен көркемдік талғамдарын тәрбиелеуге негіз болады. Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу. Оқу-тәжірибе жұмыстарымен таныстыру. Жас еркешеліктеріне қарай атқарылатын жұмыстарды саралау. Пәнаралық байланысқа көңіл бөлінеді. Мысалы: дүниетану, ана тілі, математика, т. б. Үлескіде өткізілетін сабаққа қойылатын жалпы талаптар мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбен істелетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуге көбірек сағат бөлінеді. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.

Қатырма қағаз- қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың қалыңдығы әр түрлі. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабанан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады.

Slide 11

Оқушылар алдымен әр алуан материалдарды сапалы өңдеп үйренуі тиіс. Өйткені оларды сонда ғана көз тартарлық тамаша заттар жасап шығару үшін қажетті құрал ретінде шығармашылықпен пайдалана алады. Бағдарлама мәтінінде барлық құрамдас нәрселер “минимум бойынша” көрсетілген, ал одан да көп “максимум бойынша пайдалана беруге шек қойылмайды. ”

Тапсырмалар өздерінің орындалу мүмкіндіктеріне қарай үш түрлі деңгейді қамтиды. Олар::

оқулықтағы үлгілер деңгейіндегі тапсырмалар;


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары
ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ
Мектепке дейінгі жастағы баланың еңбекке деген көзқарасын дамыту
Көркем еңбек
Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері
Музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
Математика сабағындағы тексеру жұмыстарының маңызын әдістемелік негіздеу
Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
Сынып жетекшісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz