Оқытудың әдістемелік негізі




Презентация қосу
Оқытудың
әдістемелік негізі
«Педагогика» оқу пәні ретінде бұрыннан бері оқытылып келеді.
Оқытудың әдіснамалық, теориялық, әдістемелік негіздері анық
және толық меңгерілген. Педагогиканы оқытудың әдістемесін оқу
пәні ретінде оқыту көбінде эмпирикалық ыңғайға негізделген.
Педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуы мен әдістемелік
жүйенің қалыптасу үдерісі қатар жүргендіктен, педагогиканы
оқыту әдістемесі әлі жеке тұтас жүйе бола қойған жоқ. Айта
кеткен жөн, педагогиканы оқытушылардың тәжірибесі және
жоғары мектептегі дидактика саласындағы жекелей түрдегі
ғылыми зерттеулер педагогиканы оқыту әдістемесіндегі
теориялық ұстанымдар, қағидалар, ережелер мен ұсыныстарды
жүйелеуге мүмкіндік берді.
Оқыту әдістемесінің әдіснамасын ұғынбастан, берілген
ғылым саласының негізін, оның тәжірибелік қолданылуын
да, таным үдерісінің ерекшеліктерін де түсіне алмаймыз.
Педагогиканы оқытудың оқу құралдарында әдіснама жайлы
сұрақтар тура қойылмаған, алайда олардың авторлары
әдіснамаға әдістеменің нысаны мен пәнін, арнайы ғылыми
саламен дидактикамен, философиямен, психологиямен
байланысын жатқызады. Зерттеушілер әдіснамалық негіз
ретінде философиялық және педагогикалық концепциялар
мен теорияларды, оқытушылардың, психологтар мен
әдіскерлердің еңбектерін санайды.
ХХ ғасырдың ортасына таман пәндік әдістемелер қолданбалы
дидактикадан жеке ғылыми салаға өзгере бастады және «Кімді
оқыту?», «Не үшін оқыту?», «Не нәрсеге оқыту?», «Қалай
оқыту?» деген сұрақтарға жауап беруге тиісті болды. 70-
жылдары білім беру реформасы негізінен мазмұнға қатысты
болды. Реформа кезінде білім беруді жетілдірудегі мәселелері
тек оны кешенді зерттеу контекстінде тиімді шешуге болады
деген қорытынды жасалды. Осы жылдары оқытудың
әдістемесіне жүйелілік талдау және әрекеттік амалдар кіргізілді.
Оқытудың әдістемесінде жүйелілік талдауға әр түрлі
анықтамалар беріледі.
Дидактика – оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістеріне,
ұйымдастырушылық формаларына ғылыми негіздеме беретін
педагогикалық теория. Ол қорытындылау кезінде келесі сұрақтарға
жауап береді: «Оқыту дегеніміз не?», «Не үшін оқытамыз?», «Не нәрсеге
оқытамыз?», «Қалай оқытамыз?». Осы сұрақтарға жауап беру кезінде
басқа көптеген қосымша сұрақтар туындайды, мысалы: «Оқыту қалай
жүзеге асуда, оған қандай заңдылықтар тән?», «Кімді оқыту керек?»,
«Қайда оқыту керек?», «Қашан, неге және не себепті оқытуды (оның
мақсатын, мазмұнын, формаларын және т.б.) өзгерту керек?». Дидактика
сонымен қатар, тәжірибеге жаңа әдістерді, құралдарды, білім беру
стандарттарын, жаңа оқу материалдарын, бақылау және бағалау жүйесін
енгізудегі нәтижені болжау тәсілдерін жасайды.
Дидактика мен әдістемеге екі түрлі мәртебе тән екенін айта кеткеніміз жөн.
Дидактика – бір жағынан, оқыту мен білім беру теориясын жасайтын
педагогика саласы, екінші жағынан, білім берудің мазмұны, оқыту
үдерісінің заңдылықтары, оқу ісінің ұйымдастырушылық формалары мен
тиімді әдістері туралы жалпы ғылыми пән. Бұл анықтамалар бір-біріне
қарама-қайшы емес. Әрбір анықтама педагогиканың екі аспектілерімен
байланысты, олар педагогиканың даму және тізбектелу деңгейлерін
танытады. Дидактика туралы келтірілген анықтамалардың біріншісі
біртұтас ғылым ретінде танылған аспектімен, ал екіншісі педагогика
ғылымдарының жиынтығы ретінде танылған аспектімен қатынаста болады.
Педагогика ғылымдарының шегіндегі дидактика – дербес ғылым. Соған
ұқсас тәсілмен де әдістеменің жағдайы анықталады.
М. Әуезов былай деген еді:
«Әлі біздің әдебиеттік тіліміз қазақ тілінің бүгінгі барлық қорын
жазба бетіне түсіріп болмаған жағдайда жазушы да, әсіресе, қазақ
тіліне өздері шорқақ тіл мамандары да біліп болмаған, баурап алмаған
тіл қасиеттері, сөздік байлықтары Қазақстанның барлық облыстары
мен аудандарында мол болып жатқан шақта, «анау лайықты сөз
қабыл алынады, мынау диалект, бұны қолдану орынсыз» деушілер тіл
баюына жәрдем етпей, шалағайлық етеді. Халық көпшілігі бір өлкеде
сөйлеп жүрген сөзді алғызбай, «анау сөз балғын, мынау сөз қалғын» деп
омырау жасау, өздері зерттеп, еңбек етіп жүрген тілінің қадірін
түсінбеу – мезгілсіз солақайлық».
Қорытынды
М.Әуезов «Жазушы өз дәуіріндегі әдебиет тілін өсіруге,
саралауға, шеберлендіруге міндеткер. Романдар оқушыға
тіл де үйретеді, өз тілінде кенеулі ой таратып, көрікті,
шешен, шебер сөйлеуге баулиды» деген қағиданы ұстанған.
Өз замандастарынан, әріптес қаламгерлерден
кейіпкерлерінің әртүрлі сезімдік жағдайларындағы көңіл-
күйлерін, ой толқыныстарын, дауыс ырғағын,
психологиялық тартыс пен тайталастарын тек өзінің тілдік
өрнегімен және стильдік, көркемдік құбылыстарымен
ерекшелендіріп бергенде ғана нағыз кәсіби шеберлікке жете
алатынын айтып, соны күтетін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы // Әдебиет және искусство,
1951. №4
2.Сыздықова Р. Абай тілінің зерттелуі. Абай тағылымы. Алматы:
Жазушы, 1986.
3.Әуезов М. Уақыт және әдебиет. 1959
4. https://anatili.kazgazeta.kz/news/10589
5. https://stud.kz/referat/show/26489
Назарларыңызға
рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі жалпы шолу
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ДИДАКТИКАСЫ
КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесіні қазіргі жағдайы, даму болашағы
Бастауыш мектептегі оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясының ықпалы
Бастауыш мектептегі
Сабақтарда қолданылатын әдістер
Шығармашылық Пән мұғалімі
Компьютерлік білім
Пәндер