Терминологиялық сөздіктердің түрлері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Аман Мерей

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология факультеті

«5В011700» - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері;

Тексерген:Амиров Абдибек Жетпісұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы

Slide 2

«Терминологиялық сөздіктердің түрлері»

Slide 3

Белгілі бір тілдегі ғылымы мен техника саласындары арнаулы атаулар сөздігін терминологиялыщ сөздік деп атайды. Бұлар бәрі топталып бір сөздік түрінде де, әр ғылым саласының терминдері бойынша жеке-жеке кітап болып та шыға береді.

Мәселен, “Атаулар сөздігі” деген атпен 1931 жылы, “Қазақ тілшің тер-миндсрі” 1936 жылы, “Терминология сөздігі” деген атпен 1948 жоне 1950 жылдары екі кітап болып басылып шықты. Мұнда революциядан бергі кезеңде тілімізге енген термин сөздерді барынша жинақтап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты көзделді.

Кіріспе

Slide 4

Орфография (емле) бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат - ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін орфографиялық ережелер де жалпыға бірде олай, бірде былай екі түрлі жазылып жүруінен көп зиян келеді.

Осының негізінде 1963 жылы үлкен “Қазақ тілін. орфографиялық сөздігі” жарық көрді. Бұл сөздікте сөздердің жазылуы морфографиялық және фонетикалық деп аталатын екі түрлі принципке негізделді. Сөздіктің соңында қосымша ретінде кісі аттары мен жер-су атаулары да ендірілді. Бұлардың берілуіндегі мақсат есім мсн атауларды жазуда да бір ізділік сақтау еді.

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Сондықтан емле ережелерді тұрақтандыру-сауатты жазудық бірден-бір кепілі деп танылады. Қазақ тілінің орфографиялық ережелері революциядан бергі кезеңде туып қалыптасты. Олар дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Соның негізінде әр кезде “орфографиялық сөздіктер” жарық көріп отырды. Алғашқы сөздіктер негізінен мектеп көлемінен аса алмады. Соңғы рет Қазақ ССР Жоғаргы Советінің Презндиумы 1957 жылғы 5 июньда “Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерін” бекітті.

Slide 5

Орфографиялық сөздік - тіл мәдениеттілігінің басты бір белгісі деп қарасақ, мұны тек сөздерді белгілі ережелерге сай үйлестіріп, сауатты жазумен ғана шектеуге болмайды. Ең алдымен, бұл сөздік ана тілінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін, әсі-ресе оның өзіне ғана тән бейнелі сөздерін (қос сөздер мен күрделі сөздерін) барынша қамтып, көрсегуге тиісті. Тілдегі сөз байлығының қыр-сырын жан-жақты ашып беретін бірден-бір көрсеткіш - қолдан түспес сөздік құралын шығару екендігі ескерілуі керек.

Slide 6

Терминологиялық сөздік түрлері

Əліпбилік терминологиялық сөздік

Əліпбилік-ұялық терминологиялық сөздік

Түсіндірмелі терминологиялық сөздік

Slide 7

Терминологиялық сөздік түрлері

Энциклопедиялық терминологиялық сөздік

Нормативтік терминологиялық сөздік

Иллюстративті (көрнекі) терминологиялық сөздік

Slide 8

Терминологиялық сөздік түрлері

Жалпы ғылыми атаулар сөздігі

Көпсалалық терминологиялық сөздік

Салааралық терминологиялық сөздік

Slide 9

Терминологиялық сөздіктер əртүрлі типтегі болуы мүмкін. Мысалы, түсіндірмелі, аударма, ақпараттық, этимологиялық, энциклопедиялық т. б. Олардың негізгілері мыналар:

Əліпбилік терминологиялық сөздік - сөздікте қамтылған терминдер тəртібімен берілетін терминологиялық сөздік.

Əліпбилік-ұялық терминологиялық сөздік - сөздікке енгізілген терминдер əліпбилік-ұялық тəртіппен берілетін терминологиялық сөздік.

Түсіндірмелі терминологиялық сөздік - терминдердің мағыналары түсіндірілетін терминологиялық сөздік түрі.

Энциклопедиялық терминологиялық сөздік - сала терминологиясы жөнінде толық та жан-жақты мəлімет беретін терминологиялық сөздік.

Нормативтік терминологиялық сөздік - нормаланған терминдер қамтылатын терминологиялық сөздік.

Slide 10

Түсіндірмелі-аударма терминологиялық сөздік - терминдердің мағынасын түсіндіретін əрі аудармасы қоса берілетін сөздік түрі.

Аударма терминологиялық сөздік - терминдердің аудармалары берілетін терминологиялық сөздік түрі.

Оқулық терминологиялық сөздік - оқу процесіне арналған терминдер сөздігі. Сөздік мектеп оқушыларына немесе жоғары оқу орындарының студенттеріне арналуы мүмкін.

Біртілді терминологиялық сөздік - терминдердің бір ғана тілдегі нұсқасы берілетін терминологиялық сөздік түрі.

Екітілді терминологиялық сөздік - терминдердің екі тілдегі сəйкес нұсқасы берілетін терминологиялық сөздік түрі. Бізде терминологиялық сөздіктің осы түрі кең тараған. Бұл ұзақ жылдар бойы ғылым мен техниканың көптеген салаларында орыс тілінің үстемдік етіп келуімен, негізінен терминдердің орыс тілі арқылы немесе орыс тілінен тікелей аударылып алынуымен байланысты қалыптасқан жағдай.

Көптілді терминологиялық сөздік - терминдердің бірнеше тілдегі сəйкес нұсқасы қатар берілетін терминологиялық сөздік түрі. Мысалы, ағылшынша-қазақша-орысша немесе орысша-қазақша-немісше т. б. терминдер сөздігі. Сөздіктің мұндай түрлерін жасау кейінгі жылдары қолға алына бастады.

Slide 11

Иллюстративті (көрнекі) терминологиялық сөздік - ұғымның анықтамасын толықтырып, арнаулы ұғым жөнінде жан-жақты немесе қосымша мəлімет беру мақсатымен көрнекілік əдіс пайдаланылып, сурет, сызба, фото сияқты түрлі бейнелер беріліп отыратын терминологиялық сөздік түрі.

Жалпы ғылыми атаулар сөздігі - жалпы ғылыми атауларды қамтитын терминологиялық сөздік.

Көпсалалық терминологиялық сөздік - бірнеше арнаулы саланың терминдерін қамтитын терминологиялық сөздік. Бұл сөздік түрін «энциклопедиялық сөздік» деп атап жүрген ғалымдар да бар.

Салааралық терминологиялық сөздік - салааралық терминологияны қамтитын терминологиялық сөздік.

Салалық терминологиялық сөздік - белгілі бір арнаулы саланың терминдерін қамтитын сөздік. Бұл сөздікті «салалық сөздік» деп те атайды.

Терминдердің жиілік сөздігі - пайдаланылу жиілігіне қарай орналасқан терминдер тізімінен тұратын терминологиялық сөздік түрі.

Slide 12

Терминбөлшектер сөздігі - терминбөлшектерді қамтитын терминологиялық сөздік. Терминбөлшектердің мағынасы, шығу тегі көрсетіледі.

Қысқартылған терминдер сөздігі - терминдердің қысқартылған нұсқаларын қамтитын терминологиялық сөздік.

Толық терминологиялық сөздік - бір саланың терминдерін толық қамтитын терминологиялық сөздік.

Орташа терминологиялық сөздік - көлемі орташа, сала ұғымдарының барлығын қамтуды мақсат етпейтін терминологиялық сөздік.


Ұқсас жұмыстар
Лексикография туралы түсінік
АУДАРМА СӨЗДІК
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІГІ - қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал
Фармацевтикалық терминологияны реттеу
Инновациялық технология
Құжаттарды талдау
Фармацевтикалық терминология жүйесі
Атаулар сөздігі
Жарақаттардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz