Зиянкестермен кешенді күресу шаралары


Slide 1

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Жүзімнің түкті (беріш) кенесі, жүзім филлоксерасы, жүзім ұнтақты сымыры биологиясы, зияндылығы.

2. Зиянкестермен кешенді күресу шаралары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 2

I. Кіріспе Жүзім (Vitis)

Slide 3

Жүзімнің түкті (беріш) кенесі, жүзім филлоксерасы, жүзім ұнтақты сымыры биологиясы, зияндылығы. Зиянкестермен кешенді күресу шаралары.

1. Жүзімнің беріш кенесі - Eriophyes vitis Pgst.

Arachnidae - өрмекші тәрізділер класы, Acari - класс тармағы, Eriophydae - төртаяқтылар тұқымдасы.

Slide 4

1. Жүзімнің беріш кенесі - Eriophyes vitis Pgst.

Кененің денесі ұзынша келген, цилиндр тәрізді, түсі сарғылт, ұзындығы 0, 14-0, 18 мм, 2 жұп аяғы болады, гистеросомасы біркелкі келген 80 сақинадан тұрады. Аяқтарының табан бөліміндегі қауырсын тәрізді қылшықтар сәуле тәрізді 5 тармақты болады. Зиянкестің жыныс бездері жақсы жетілген ұрғашылары жеміс бүршіктерінің сыртқы қабыршақтары астында қыстайды. Кенелер жапырақтың астыңғы жағын мекендеп, сонда қоректенеді.

Slide 5

Экономикалық зияндылық шегі 100 жапырақта 5 аналық кене кездессе акарицидтерді қолдану «Тізімге…» апполо 50% 0, 24-0, 36 л/га; золон 35% э. к., 1-2, 8 л/га; каратэ 050, э. к., 0, 2-0, 3 л/га; ниссоран 10% с. п., 0, 24-0, 36 л/га; омайт 57% э. к., 1, 2-1, 8 л/га осы препараттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Slide 6

2. Жүзім филлоксерасы - Viteus vitifolli Fitch. Homoptera - тең қанаттылар отряды, Phylloxera - филоксера тұқымдасы.

Филлоксераның тіршілік әрекеті мен өсімдікті зақымдау сипаты жағынан бір-бірінен өзгеше болып келетін 2 түрі кездеседі; тамырлық және жапырақтық түрі

Филлоксераның тіршілік әрекеті мен өсімдікті зақымдау сипаты жағынан бір-бірінен өзгеше болып келетін 2 түрі кездеседі; тамырлық және жапырақтық түрі болып бөлінеді.

Slide 7

2. Жүзім филлоксерасы - Viteus vitifolli Fitch.

Тамыр филлоксерасының қанатсыз ұрғашыларының пішіні сопақша, түсі сарғылт-қоңыр, арқасы мен бүйір жақтарында 6 қатар болып, бидай орналасқан күңгірт түсті бұлдырмақтар болады, тұмсығы ұзын, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен асып тұрады, мұртшалары қысқа, 3 буыннан тұрады, денесінің ұзындығы 1 мм шамасындай.

Slide 8

Жұмыртқалары алғашында ақшыл-сары болады да соңынан қоңыр түске көшеді, ұзындығы 0, 3 мм шамасындай. Жапырақ филлоксерасының қанатсыз ұрғашысы сарғылттау жасыл түсті, жұмыр денелі, ұзындығы 1, 25 мм-дей болады, тұмсығы қысқа, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен аспайды, арқасы мен бжүйір жақтарында бұлдырмақтар болмайды.

Slide 9

Филлоксераның бұл түрі бір маусым ішінде 7-9 ұрпақ беріп өсіп - өнеді. . Филлоксера толық циклмен дамығанда оның I-II жастағы дернәсілі жүзімнің тамырында қыстайды .

Slide 10

Күресу шарасы

Ерте көктемде бүршік жарылмай тұрғанда жапырақ ширатқыш көбелектердің қыстап шыққан қуыршақтарын және кенелерді құрту үшін жүзімнің сидам сабақтарын (штамбы) және оның тарамдарын ескі қабықтарынан тазарту. Одан соң оларды гюхарадтың 5%, э. к. (0, 2-0, 3л/га) ; золон35%, э. к. (1, 0-2, 8л/га) бүркіп өңдеу.

Slide 11

3. Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы - Polychrosis botrana Schiff. Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды, Totrricidae - жапырақ ширатқыш көбелектер тұқымдасы.

Slide 12

3. Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы - Polychrosis botrana Schiff.

Көбелек қанаттарының өрісі 11-13 мм. Алдыңғы қанаттары ортасында әртүрлі жіңішке сызықтар мен аспа бау тәрізді жалпақ жолағы бар қоңырқай сарғыш, ал артқы қанаттары сұр түсті болады. Жұмыртқасы жарты шар тәрізді, түсі жартылай мөлдір, сарғылт келеді. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 10-12 мм, аяқтарының саны 16, жалпы түсі ақ немесе сары, арқасы бозғылт-жасыл және көкірек қалқаншасы сарғылт-қоңыр болады. Қуыршағының ұзындығы 5-6 мм, түсі жасыл реңді қоңыр, ең соңғы бунағы ілмек тәрізді қылшықтармен жабдықталған.

Slide 13

Күресу шаралары. Экономикалық зияндылық шегі 100 жүзім шоғырында 4-6 жұмыртқа немесе жұлдызқұрт кездессе инсектицидтерді қолдану «Тізімге…» бестселлер 10%, 0, 24-0, 36г/л; пикет к. э 0, 24-0, 36г/л; петра 5% к. э, 0, 2-0, 3г/л; фастак, 10% м. с. с. к, 0, 2-0, 3г/л осы препраттарды сәйкес жүзеге асырылады.

Slide 14

3. Екі ұрпақты жапырақ ширатқыш - Eupoecilia ambiguella Hb. Көбелектің қанаттарының өрісі 13-15 мм, алдыңғы қанаттары трапеция тәрізді күңгірт жолағы бар сары түсті болады. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 12 мм жетеді. Жалпы түсі алғашында жасылдау, одан соң дами келе қоңырқай қызыл, басы мен арқа қалқаншасы жылтыр қара болады.

Slide 15

Зиянкес жылына 2 ұрпақ береді. Ақ түсті пілләға оранған қуыршақ күйінде әр түрлі ағаштардың қабығының астында және тағы басқа таса жерлерде қыстайды. Жұмыртқаларын ерте көктемде гүл шоғына салады.

Slide 16

Күресу шаралары

Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы сияқты, бұл зиянкеске қарсы да аталған шараларды қолдануға болады. Экономикалық зияндылық шегі 100 жүзім шоғырында 5-6 жұмыртқа немесе жұлдызқұрт кездессе инсектицидтерді қолдану «Тізімге…» апполо 50% 0, 24-0, 36 л/га; золон 35% э. к., 1-2, 8 л/га; каратэ 050, э. к., 0, 2-0, 3 л/га; ниссоран 10% с. п., 0, 24-0, 36 л/га; омайт 57% э. к., 1, 2-1, 8 л/га осы препараттарды сәйкес жүзеге асырылады.

Slide 17

4. Жүзім ұнды сымыры (Planococcus citri Ris)

Slide 18

Ұзындығы 3, 5-4 мм болатын үлкен аналық сопақ пішіндес, сарғыш-қоңыр түстес болады. Арқасында қара жолақ жүргізілген, ал жанында 34 қалың қылшықтар болады. Дене аяғында екі ұзын құйрықты жіп бар. Барлық дене балауыз бөлінділер секілді ақ ұнтақты үлпілдікпен көмкерілген. Аталықтар сирек ұшырасады. Жұмыртқасы майда, дернәсілдері үлкендерге ұқсас болып, кіші көлемімен ерекшеленеді

Slide 19

Құрт бүлдірген өркендер дами алмайды, жапырақтар түсіп, жүзім шоқтары бүріседі, өнімділік бірден азаяды.

Нәтижесінде жеміс сапасы нашарлап, өсімдіктің тыныс алуы мен фотосинтезі әлсірейді

Дернәсілдер қыстайды және аналықтар кейбір ғана жағдайда қалдырылған түбірден шығады. Ерте көктемде күннің жылуымен құрт қозғалады да, көп жылдық өркендер мен сүрек түбірлерінен қоректене бастайды.

Slide 20

3. Таралуы

1. Жүзімнің беріш кенесі - Eriophyes vitis Pgst.

Жүзім өсірілетін аймақтардың барлығында таралған.

2. Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы - Polychrosis botrana Schiff. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында таралған.

3. Екі ұрпақты жапырақ ширатқыш - Eupoecilia ambiguella Hb. Қазақстанда Шымкент, Жамбыл облыстарында кең таралған.

4. Жүзім филлоксерасы - Viteus vitifolli Fitch.

Зиянкес Молдава, Украина, Солтүстік және Күңгей Кавказда таралған.

Slide 21

Күресу шаралары

1. Қыс мезгілі мен ерте көктемде жабылмаған жүзімдіктерде өліп қалған түбірлерден бүлінген зиянкес түптердің сидамдары мен салалы бұтақтарды, өркендерді тазалау.

2. Ерте көктемде ашылмаған бүршіктерді (30-60 кг/га) 40%-дық ДНОК. (10- 20 кг/га), 60%) -дық нитрафен сұйығымен немесе эмул. препараттарымен № 30 (12-37 л/га) шашу қажет. Жаз мезгілінде дернәсілдердің жаппай пайда болуымен мына инсектицидтердің бірімен жүзімдіктерді тазалау жұмыстарын жүргізу керек: 50%-дің к. э. карбофоса (1-2, 6 л/га), 50%-ды к. э. трихлорметафоса-3 (1, 2-4 л/га), 50%-ық к. э.

3. Осымен байланысты құрт отырғызатын материалдармен таралады, карантиндік тәртіптерді қатаң сақтау қажет.

4. Бақшалы немесе саяжайлардағы жүзімдіктерді 10%-дық к. э. трихлорметафос-3 (50-100 г 10 л суға), 10%-дық к. э. және с. н. карбофос (75-90 г) тазалау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Slide 22

Күресу шаралары


Ұқсас жұмыстар
Органикалық ауыл шаруашылығ ының әдістері
Қазақстан Республикасы аумағына таралмаған карантинді зиянкестер
Агротехникалық күрес
Көкөніс дақылдары
Ақ қауданды капутаны көшетсіз әдіспен өсіру
Капуста зиянкестері мен аурулары, олармен күрес шаралары
Жеміс - жидек дақылдарының зиянкестеріне сипаттама
Егістіктегі арамшөптермен күресу шаралары
Пияз шыбыны: биологиясы, зиянды фазасы, таралуы,есептеу әдістемесі
Орман Зиянкестері және олармен күресу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz