Құқық бұзушылықтар: түрлері, себептері және құқықтық жауапкершілік


Slide 1

Орындаған:Қ. Данияр

Құқыққа сай іс-қимыл, құқық бұзушылық және құқықтық жауатптылық

Slide 2

мазмұны

1. Құқық бұзушылық

2. Құқық бұзушылықтың түрлері

3. Құқықбүзушылыұтың жауапты шаралары

4. Құқықбұзушылықтың түрлері себептері

5. Заңды жауапкершілік

Slide 3

Құқық бұзушылық

Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т. б.

Slide 4

Құқық бұзушылық және олар үшін жауапкершілік шаралары

Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы құқық бұзушылық себептері мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның өзектілігі - күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады

Slide 5

Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік құқық бұзушылық ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандығына қол сұғу әрекетін (әрекетсіздікті) түсінеміз. Мейлінше қажеттілік жағдайында, мәселен, қатердің көзін жою үшін, егер ол қатерді басқадай тәсілдермен жою мүмкін болмаған жағдайда жасалған әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып саналмайды

Slide 6

Ескерту жасау, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн

Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн

Slide 7

Әкімшілік жаза қолдану

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды

Slide 8

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) материалдарының негізінде сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi. Мұндай істерді қарауды сот он тәулік ішінде жүзеге асырады

Slide 9

Сотта іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасын сот қолданса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзіміне қосылады

Slide 10

Құқық бұзушылықтың себептері, түрлері

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.

Slide 11

Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлер

Заңды жауапкершілік - жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Slide 12

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқық бұзушылықтар: түрлері мен заңды жауапкершілік
Экологиялық құқық бұзушылықтар: түрлері мен заңнамалық жауапкершілік
Әкімшілік құқық: құқық бұзушылықтар, жауапкершілік және жазалар
Экологиялық құқық бұзушылықтар: объектісі, субъектісі және Қазақстандағы заңды жауапкершілік түрлері
Жер құқық бұзушылықтарының құрамы, түрлері және құқықтық жауапкершілік
Құқық бұзушылықтар мен оларға қолданылатын жауапкершілік шаралары
Әкімшілік құқық бұзушылықтар: тұжырымдама және түрлері
Құқық бұзушылықтың түсінігі, түрлері, себептері, заңды жауапкершілік қағидалары және алдын алу шаралары
Құқық негіздері және медицина саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Құқық негіздері: мемлекет пен құқық теориясы, құқықтық қатынастар және заңдық жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz