Ауыз сумен қамту және су қорғау зоналары: сапа талаптары, ластану факторлары және денсаулық салдары

Slide 1

Ауыз сумен қамту және су қорғау зоналары

Slide 2

Ауыз су

Ауыз су - органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т. б. ) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 - 100 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0, 7 - 1, 5 мг/л-ден төмен болуы - флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі - анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы - көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 - 150С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т. б. талаптар қойылады.

Slide 3

Халықты ауыз сумен қамтуға әсер етуші факторлар:

Су көздерінің жалпы техногендік ластануы, әсіресе беттік сулардың өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және шаруашылық - тұрмыстық ағындар шығарындысымен ластану.

сәйкесінше су дайындау және ақаба суларды тазартуды қамтамасыз ете алмайтын су құбырлық және канализациялық желілер мен имараттардың көнеруі;

ауыз судың бактериялық қызмет өнімдерімен ластануы;

ауыз су үшін төлем бойынша тарифтердің, құндық саясат механизмінің жетілмегендігі;

сапалы ауыз суға халықтың қол жетімділігі төмен және төлемге қабілетсіздігі;

сумен қамтудың жаңа жүйелерінің құрылысына мемлекеттік салымдардың жеткіліксіздігі;

шаруашылық-ауыз сумен қамту үшін арнайы барланған жерасты суларының көздерінің жеткіліксіз пайдаланылуы;

жерасты тұщы суларының мақсатсыз пайдаланылуы;

республиканың жеке аймақтарында жергілікті ауызсумен қамту көздерінің жоқтығы.

Slide 4

Халықтың сапалы ауыз сумен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдары

елдің жеке аймақтарында халық денсаулығының нашарлауына алып келді;

жеке аудандарда санитарлық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты халық миграциясының ретсіздігі;

Коммуналдық-тұрмыстық сектор кәсіпорындарда өндірістік қорларының ескіруіне;

коммуналдык-тұрмыстық қызметтерді көрсетуде сапаның төмендеуі мен істен шығуына, ;

жерасты сулары көзі мен ашық су айдындарының ауыз сулық мәнінің жоғалуына алып келді;

суды тазартуға және су дайындаңға қажетті шығындардың артуына алып келеді.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz