МҰЗДЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ



Тақырыбы: Әлемдік тәжірибені ескере отырып, мұздық құбылыстардан қорғану жолдарына салыстырмалы баға беру (Қазақстан және Швейцария)

Мұздық құбылыстардың қауіптілігі
Мұздық құбылыстардан болатын апаттар адамдарға инфрақұрылымға, табиғатқа зияны өте үлкен.
Жоғары температура және әсіресе ұзақ уақытқа созылатын жаздағы ыстық температура биік таулардағы қар мен мұздың еру жылдамдығын арттырады. Нәтижесінде үлкен көлемдегі мұздықтар еріп қауіп төндіреді. Сарапшылар соңғы жылдары Швейцариядағы Альпі тауларында қауіптің өсуі климаттық жағдайдың өзгеруіне байланысты деп санайды. 2018 жылы жоғары биікте 2700 метрден жоғары тауларда мұздықтардың тұрақсыздығы салдарынан 34 адам қайтыс болды.
Биік тау беткейінде мұздықтардан болатын қауіп өте үлкен. Сондықтан ғалымдар, инженерлер бұл қауіппен күресу үшін әр түрлі қорғану жолдарын ойлап тауып жатыр. Негізгі қауіпті мұздық құбылыстар: гляциалды сел және су тасқындары, көпсатылы мұздық құбылыстар, мұз көшкіні [1]

Мұздық құбылыстардан қорғану жолдары
2015 жылы 24 шілдеде ғалымдар Эйгер тауының батыс баурайында, 3966 метр биіктікте тауларға іргелес жерлерде өзгеріс пайда бола бастағанын байқады. Ғалымдардың өлшемдері көрсеткендей, 79287 текше м3 мұз көлемі тұрақсыз екені анықталды. Ғалымдардың модельдеуі көрсеткендей, егер мұздың барлық массасы бір сәтте төменге жылжыса, нәтижесінде пайда болған қар көшкіні Юнгфрау елді-мекенін басып қалады. Мұздық ішіндегі қозғалыс қарқынын үздіксіз бақылау үшін биік таулы аймақта радиолокациялық жүйе орнатылған. Сондай-ақ арнайы ескерту жүйесі орнатылған, үлкен мұз массасы қозғалысы басталған кезде автоматты түрде ескеру дабылы елді-мекенге жіберіледі. Содан кейін, Юнгфрау елді-мекеніндегі 300-ге жуық адамдар эвакуцияланды. [2]

Радиолокациялық жүйе
Швейцарияда соңғы үлгідегі радиолокациялық жүйелер, егер қауіп төнген жағдайда бақылау орталығына қажетті деректерді ұсына алады. 2017 жылдың қыркүйек айында швейцариялық Валей аумағындадағы танымал туристік және шаңғы базасы саналатын Саас-Грунд елді-мекенінен 220-ға жуық адам эвакуацияланды Радиолокациялық жүйе Трифт маңындағы мұздықтың қозғалысының күрт өсуін тіркеді. Келесі күні таңертең ерте ғалымдардың болжамы расталды: үлкен мұздықтың жылжуы байқалды мұздық құбылыс елді-мекеннің көп бөлігін басып қалды[3]

Geoprevent AG технологиясы
Юнгфрауда радиолокациялық жүйені орнатқан Цюрихтегі Geoprevent AG компаниясы ірі мұз жылжу алдында мұздықтың ішінде жылдам қозғалу болады, мұны бірінші сезімтал радиолокациялық жүйе анықтай алады . Ғалымдар әр таң сайын радардың соңғы деректерін тексеріп, мұздың қаупін бағалайды.
Шілде айында 14 күн ішінде Альпі мұздықтары шамамен 800 миллион тонна мұздық еріген еді. Бұл Швейцария тұрғындарының (8, 5 миллион адам) жылына тұтынатын ауыз суына тең. Бұл туралы Швейцарияның мұздықтарды бақылау желісінің басшысы Матиас Гусс хабарлады. [4]
Швейцариялық гляциолог Феликс Келлердің тағы : жазда аңғарға құятын еріген суды қайта өңдеу және қайта пайдалануға болатынын айтты. «Суды жоғары биіктікте сақтап, қыста қайтадан мұзға айналдыра аламыз. Немесе оны жасанды қар жасау үшін қолдануға болады, бұл мұздық үшін ең жақсы қорғаныс болар еді », - SWIS swissinfo. ch. [5]

Geoprevent AGradar технологиясы арқылы Швейцариядағы биік тауларда мұздық құбылыстардан болатын қауіп төнген жағдайда радар қауіптілік сигналын елді-мекеннің бақылау орталығына жіберіп сол елді-мекендегі адамдарды эвакуциялауға болады. Сигнал таудан орталыққа дейін 15-20 секундтта GPS арқылы жеткізіледі. Бұл технология Швейцарияда кең тараған

Швейцарияның биік тауларында осындай арнайы қашықтықтан бақылайтын құрылғылар бар. GB InSAR radar және Doppler radar таудағы болатын кез-келген апатты мұздың қозғалысын бақылайды. Ал камералар арқылы сол аймақты қашықтықтан бақылауға болады.

GB InSAR radar таудағы болатын кез-келген апатты мұздың қозғалысын бақылайды. Және бұл жүйе арнайы программалар арқылы қашықтықтан басқарылады.

Қазақстандағы мұздық құбылыстардан қорғану жолдары
Қазақстандағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі - мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033, 3 км²-лік 2724 мұздық анықталды Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам) Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100 км3. . Қазақстан Республикасының География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогын құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстанда мұздық құбылыстардан қорғану жолдары: мұз көшкіндері болуы мүмкін аймақтарда ағаштарды көптеп отырғызу; габиондық құрылымдар жүйелі мониторинг жасау бақылау ; мұздық көлдерді бекіту және су әкету жұмыстарын жасау; өзендерде қорғаныш бөгеттер орнату ; Қазақстанда 2014 жылдан бастап AVALANCHER жаңа технологиялық құрылғысын қолдану іске асырылуда

мұздық құбылыстардан қорғану жолдарына салыстырмалы баға
Қазақстан
Соңғы жылдары Қазақстанда мұздық құбылыстрдың алдын алудың заманауи әдістері қолданылуда. Ақбұлақ тау-шаңғы курортында бірнеше GAZEX қондырғылары орнатылды ал Шымбұлақ тау шаңғысы курортында олар Daisy Bell тікұшағының жылжымалы құрылғысы мен AVALANCHER стационарлық құрылғысын қолдануды игеруде.
Таулы аймақтарда арнайы темір-бетонды қорғаныштар орналасқан олар мұздан төнетін қауіпті тоқтатады.
Мұздықтарды арнайы жарылғыш заттарды қолдану арқылы алдын-алуды «Казселезачита» және «Қазгидромет» мамандарының ұсыныстары бойынша жүргізеді.
Алматы таулары маңында арнайы датчиктер орналасқан олар мұздықтардың ірі массасы төмен қозғалған жағдайда дабылдатқыш іске елді-мекенге ескерту жіберіледі.
Швейцария
Швейцариядағы биік тауда мұздық құбылыстардан болатын қауіп төнген жағдайда Geoprevent AGradar технологиясы арнайы датчиктер GPS арқылы бақылау орталығына ескерту жасалады.
Geotest AG компаниясының Hexagon жаңа технологиясы программаланған сезімтал датчиктер тауда болатын мұздық құбылыстардан болатын қауіпті байқаған жағдайда орталыққа аз уақыт ішінде ескерту жіберіледі.
Сонымен қатар Швейцарияда жазғы мезгілдерде мұздықтар тез еріп қауіп төндірмес үшін мұздықтарға арнайы химиялық қоспалар мұз бетіне шашылады соның нәтижесінде мұздықтардың қарқынды еруі азаяды.
Қауіп болатын аумақтарда габионды қорғаныш құрылымдары орналасқан

мұздық құбылыстардан қорғану жолдарына салыстырмалы баға
Қазақстан
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz