Экологиялық тәрбие берудің мазмұны




Презентация қосу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Экологиялық тәрбие берудің мазмұны
1.1 Балабақшадағы экологиялық тәрбиенің рөлі
1.2 Экологиялық тәрбие арқылы балалардың табиғатқа
қызығушылықтарын арттыру маңызы
2 Экософия- экологиялық тәрбие әдістемесі
2.1 Экософияның экологиядағы рөлі
2.2 Экологиялық философия жүргізетін жұмыстың маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттік үлгілерді және
нормативтік құжаттарды пайдалана отырып, Экологиялық тәрбие
беруде экософия ілімінің маңызы және кіріктіру әдістемесі
тақырыбы бойынша курстық жұмыстың өзектілігін аңғардық.
Курстық жұмыстың мақсаты: Экологиялық тәрбие беруде
экософия ілімінің маңызы және кіріктіру әдістерін зерттеу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: экософия ілімінің маңызы
айқындалады.
Зерттеудің объектісі мен әдісі: тілдік құзыреттілікті дамыту.
Психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді
теориялық талдау, салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Зерттелінген
курстық жоба бойынша материалдар мен ақпараттар экологиялық
тәрбие мен экософия жайлы құнды деректер бола алады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: 2тарау
Балабақшадағы экологиялық тәрбиенің рөлі
тақырыпшасында қарастыратын негізгі мәселелер:

• Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне
келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын
ғылым. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең
оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге
бағытталған сала.
• Балабақшадағы экологиялық тәрбиенің мақсаты – табиғатты аялап, оны
қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,
тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар
қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар,
тіршілік ететін жануарлардың суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы
балалардың қиялына қанат бітіру.
• Экологиялық білім беруді ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктерін,
психологиялық және физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерін ескере
отырып, оқу процесінде тиімді пайдаланамыз. Балалардың өсімдіктер мен
жануарларға қызығушылығы, оларды табиғатқа қамқор болуына септігін
тигізеді. Табиғатты аялау керектігін, оны қастерлеуді балалық жастан
отбасының, балабақшаның ықпалымен үйретеміз.
Экологиялық тәрбие арқылы балалардың табиғатқа
қызығушылықтарын арттыру маңызы
• Табиғат – біздің ортақ үйіміз.
• Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті –
балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге, тірі табиғатқа қамқор бола
білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта
қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты
пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз
керек. Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
– өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.
– қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін
басқара білу дағдыларын жетілдіру.
– қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.
табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.
– адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді
тиімді жолдарымен жеткіз
• Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын,
сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол және логикалық ойдың, пікірдің
дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім
айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі
балаларға табиғат жайлы білім берген маңызды деп бәілемін
Экософияның экологиядағы рөлі

• Экософия дегеніміз – табиғатты, табиғаттағы аң-құстарды
қорғау мақсатында олардың қасиетін, аңызын зерттеп соларды
дәріптеуші ғылым. Экософия ғылымын Арне Несс 1973 жылы
ендірген. Мағынасы: табиғаттың киелі мәніне үңілу деген сөз.
• Экософия адамның табиғатқа қатынасын интимдік-тұлғалық,
этикалық, эстетикалық, діни аспектілерде қарастыратын
қазіргі экологиялық санадағы бағыттардың бірі.
• Экософияның тенденциясы табиғатпен ынтымақтасу,
табиғатты бағдарлау және оның мүмкіндіктерін кеңейтуге
бағытталған. Көбінесе бұл христиандық көзқарастармен
байланысты, христиандардың жердегі барлық тіршілікке
қамқорлық жасау үшін өздерінің құтқарылуына деген
ұмтылысын кеңейтеді
Экологиялық философия жүргізетін жұмыстың маңызы

• Экофилософия философиялық мәселелерді де қамтиды және күрделі
жүйелердің өзара әрекеттесуінің аспектілерін немесе құбылыстарын анықтау
түріндегі экологиялық мәселелер. Экологиялық философия адамның өзінің
биоәлеуметтік табиғатынан шығады, оның барлық құрамдас бөліктері бір-
біріне қарсы тұрмауы керек, бірақ бір-бірімен өзара әрекеттеседі, біртұтас жүйе
құрайды. Осы тәсілге сүйене отырып, табиғи, жануарлық, табиғи нәрсенің
негізі ретіндегі түсініктеме, терістік барған сайын азайып, көбірек келеді, осы
екі жүйенің өзара әрекеттесу қажеттілігін түсіну. Нәтижесі – экофилософия тірі
организмдердің өзара әрекеттесуінің жалпы заңдылықтарын анықтауға
бағытталған, оның ішінде адам, өз арасында күрделі әлеуметтік-табиғи
жүйелердің қалыптасуын, олардың дамуы мен қызмет етеді.
•Адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың
ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мəселесіне
ерекше көңіл бөліну. Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның
келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Айнала бізді қоршаған
табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бойындағы бар байлықты адам игілігі
үшін мейлінше ұтымды пайдалану, қорғау жəне көркейту мəселесін ойдағыдай
шешу — бүгінде бүкіл дүние жүзі халықтарының алдында тұрған ортақ міндет.
Қорытынды
Адам баласы үшін экологияның алатын орны маңызды, сол үшін
экологиялық білімді әрқайсымыз біліп, соны өмірде қолдану керек.
Экология тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі
салалары адамгершілік, эстетикалық, еңбек, имандылық тәрбиелері
мен сабақтастыра жүргізу керек. Экологиялық тәрбие беруде
экософия ілімінің маңызын және кіріктіру нәтижесінде мына
төмендегі тұжырымдар бойынша қортындылауға болады:
• Экологиялық білім беруді ұйымдастыруда балалардың жас
ерекшеліктерін, психологиялық және физиологиялық қабылдау
мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу процесінде тиімді пайдалану.
• Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын
бақылауды ұйымдастыруы, балаларды табиғатпен таныстырудың
негізгі мәселесі болып есептеледі.
• Экософия ғылымы табиғатты аялауға ұмтылдыру.
• Экологиялық философия табиғатты аялауға ғана емес адамзат
қоғамының дамуына да септігін тигізіетін зерттеу жұмысында
байқай алдым.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Керімбай С, Нәби Ә, Нұрқабекұлы С., Экософия немесе киелі
табиғат., 2019.
2. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология.. Алматы, 2000.
3. Сағымбаев Ұ . Экология негіздері. Алматы, 1995.
4. С.Ж. Колумбаева, Р.М. Бильдебаева. Общая экология: Учебное
пособие. Под. ред. А.Б. Бигалиева.-Алматы: 2005
5. Сабырбаева Х.С., Чигаркин А.В. қолданбалы және медициналы
экологияға кіріспе: Оу ралы.-Алматы: аза университеті. 2004.
6. А.Б. Бигалиев. Проблемы окружающей среды с сохранения
биологического разнообразия. Алматы: 2005 г.
7. Экология и устойчивое развитие /журнал/ Астана, 2004,
8. Асарова .Б. Экология жне оршаан ортаны орау.-Алматы: адебиеті,
2004.
9. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-Экономика-Биота-
Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. И доп.-М.: ЮНИТИ-
ДАНА, 2001.

Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ МЕН СИПАТЫ
Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және тәрбие беру
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (экологиялық тәрбие)
Мектеп ісін басқару жүйесі
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Эстетикалық тәрбие
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдары
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Пәндер